Материалдар / «Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеру арқылы білім сапасын арттыру жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеру арқылы білім сапасын арттыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тиімділігімен сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдердің ізденістік – әдістемелік жұмыстарын жүйелеу және мұғалімді ынталандыру, білімін жетілдіруге жағдай жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2020
451
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 Ақмол орта мектебі
















Өмірде әркімнің өз жолы бар,

Ал оны дара ету өз қолыңызда,...

























2019-2020 оқу жылы


Бастауыш Ә.Б отырысы

(дөңгелек үстел)






Тақырыбы:


«Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеру арқылы білім сапасын арттыру жолдары»




Мақсаты:

Сабақ тиімділігімен сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдердің ізденістік – әдістемелік жұмыстарын жүйелеу және мұғалімді ынталандыру, білімін жетілдіруге жағдай жасау.


























  1. «Озат тәжірибе көпке ортақ»

Какимжанова Н. А.

«Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларытн қолдану ерекшеліктері»


  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Аралова Мөлдір Тұрғынбекқызы.


  1. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау.

Тасыбай Ақбота Қайыргелдіқызы.


  1. «Портфолио – біліктілік үлгісі»

Магзумбекова Самал Нұртайқызы.




























Өмірде әркімнің өз жолы бар,

Ал оны дара ету өз қолыңызда,...


Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,қонақтар!

Ұстаз – жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін білім беретін оқытушы. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтардың анасы» - демекші ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп

Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай бүгінгі отырысымыз Бастауыш сынып ұстазы, білікті маман Какимжанова Нұрбану Асқарқызына арналады.


Ендеше, бағдарламамызды бастамас бұрын, бүгінгі отырысымыздың арнайы қонақтарымен таныстырып өтейін.

  1. 5 Ақмол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Абенова Айымкүл Қабдуалиқызы. Нұрбану Асқарқызының бірге өскен замандасы, ауылдасы.

  2. Бастауыш сынып мұғалімі Жанбағысова Нұрия Қонысбайқызы. Нұрбану Асқарқызының досы, бір жылда еңбек жолын бірге бастаған сырлас құрбысы.

  3. Увалиева Альмира. Бастауыш сынып мұғалімі. Жас маман, өнерлі маман, ізденімпаз маман.

Олай болса ортаға бүгінгі бағдарламаның басты кейіпкері, өз ісінің шебері білікті де, білімді ұлағатты ұстаз Нұрбану Асқарқызын шақырамыз.


Құметті, Нұрбану Асқарқызы бүгінгі өзіңіздің өмір жолыңызға арналған бағдарламамызды «Озат тәжірибе көпке ортақ» тақырыбында тарқатсақ деп отырмыз.

Ендеше алғашқы сауалымыз.

  1. Ұстаз мамандығын таңдауыңызға не себеп болды? (өз жауабы)


Сөз кезегі Нұрбану Асқарқызының ауылдасы, әріптес досы Айымкүл Кабдуалиқызына беріледі.

Нұрбану Асқарқызының отбасы және өзінің балалық кезеңі жайлы айта кетсеңіз.


Нұрбану Асқарқызы Халықаралық деңгейде өткізілген – «Ашық сабақ - 2017» байқауына сырттай қатысып, нәтижесінде кубок иегері болдыңыз. Осы жетістікке жету жолыңызбен бөлісе отырсаңыз.


Сөз кезегі Бастауыш сынып мұғалімі Жанбағысова Нұрия Қонысбайқызында. Нұрбану ұстазды тағы қандай қырынан танытар едіңіз?


Нұрбану Асқарқызы Алматы қаласында өткен Республикалық Ашық сабақтар жәрмеңкесіне қатысқаныңызды білеміз. Осы сайысқа қатыса отырып, қандай тәжірибе жинақтадыңыз.

Нұрбану Асқарқызы «Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жасалған мәтінмен жұмыс дәптеріңіз облыс көлемінде жарияланып, ұстаздарға таратылды. Осы жұмысыңыз жайлы толығырақ айтып өтсеңіз.


Ортаға Нұрбану Асқарқызының шәкірті, озат оқушы, Абай оқуларының жеңімпазы Нұрмағұл Алтынайды шақырамын.

А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Бүгінгі бағдарламамыздың ең жас қонағы, Бастауыш сынып мұғалімі жас маман Увалиева Альмира Құмарқанқызына сөз кезегі беріледі.

Шәкірт тәрбиелеу жолында Нұрбану Асқарқызынан алған кеңестеріңіз жайлы бөліссеңіз.


Жас маман, өнерлі маман Альмира ұстаздан қонақкәде, ән сұрамақшымыз.

Ән: «Ана мен бала»


Біз Нұрбану Асқарқызын ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасының ұйытқысы, мейірімді ана, ақылшы әже кейпінде танып отырмыз. Нұрбану Асқарқызының тағы бір қыры, үйде дәмді ұлттық тағамдарды дайындаудың хас шебері. Әсіресе, Наурыз мерекесінде Нұрбану ұстаздың дастарханы ұлттық тағамдармен жайнап тұрады.

Ендеше, Нұрбану ұстаздың қолынан шыққан құрткөже мен бауырсақтан ауыз тиіңіздер.


Бағдарламамыздың екінші кезеңінде мектебіміздің жас мамандарының зерттеу жұмыстарымен таныс боласыздар.


  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Бастауыш сынып мұғалімі: Аралова Мөлдір Тұрғынбекқызы.


  1. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»

Бастауыш сынып мұғалімі: Тасыбай Ақбота Қайыргелдіқызы.


  1. «Портфолио – біліктілік үлгісі»

Бастауыш сынып мұғалімі: Магзумбекова Самал Нұртайқызы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!