жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баспана түрлері. Дыбыс.Сөйлеу.
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. «Өзім туралы» Пән: сауат ашу
Күні: Сынып: 1 |
Мұғалімнің аты-жөні: Асқарбай Айнұр Болатқызы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақ тақырыбы: |
Баспана түрлері. Дыбыс.Сөйлеу. |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.8.1 - берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту; 1.1.9.1 - сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау; |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: дыбыс ұғымымен танысады. дыбыстардың түрлерін ажыратады. дыбыстардың шартты белгілерін анықтайды. Көптеген оқушылар: Дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін түсіндіреді.Өз баспаналарын сипаттайды. Кейбір оқушылар: Баспана түрлерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты/дауыссыз) ажыратады. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өз үйін әңгімелеуде шығармашылық немесе сын тұрғысынан ойлау құндылығы.
Топпен жұмыс жасағанда қарым-қатынас жасау қабілеті Өзгелердің көз қарасына құрметпен қарау. Айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтары дамиды. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Өзін өзі тану: бір –біріне ыстық сезімдерін білдіруде. Жаратылыстану: жануарлардың мекендерін анықтауда.
|
|||
|
АКТ қолданудағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||
|
Бастапқы білім
|
Сөзді дыбыстардан тұратынын біледі және оны сызбамен белгілей алады. |
|||
|
Сабақ барысы
|
||||
|
Сабақ тың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақ тың басы. 5мин. |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Шеңберге тұрайық. «Өзіңе тілегенді өзгеге тіле» ойыны бойынша Топтастыру Оқушыларды суреттер арқылы топқа біріктіремін. 1-топ. Жер үй суреті. 2-топ. Киіз үй суреті. 3-топ. Көп қабатты үй суреті. «Ойланайық, ой тастайық!» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. -Балалар, мына суреттер арқылы не айта аласыздар? Бұл суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады? -Баспана. -Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Баспана түрлері. Дыбыс. Сөйлеу. |
Суреттер |
||
|
Сабақтың ортасы. |
(Ұ) Баспана түрлері - Баспана деген не? -Үй. -Дұрыс айтасыңдар балалар, баспана деген ол үй екен Суреттер арқылы үйлердің аттарын атау.
Осы үйлерді баспана деп атайды екенбіз. ҚБ. Смайликтер арқылы
(Т) «Дыбыстарды талда» тапсырмасы Баспана сөзіне дыбыстық талдау жасау Баспана 3 буын, 7 дыбыс, 3 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс бар. Дескриптор:
Қ.Б. «Смайликтер» арқылы бағалау
(Ж) «Үйіммен таныс болыңыз» ойыны Оқушылар өз үйлерінің немесе арманындағы үйдің суреттерін алып келіп, жұбына сипаттап айтады Дескриптор:
ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау
Сергіту сәті. «Киіз үй» музыкалық ән – ойыны: Көтеріліп шаңырақ, Керегелер керілер. Уықтары шаншылып, Өрімдей боп өрілер. Қол ұстассақ айнала, Киіз үй болып көрінер (Т) «Мен жайлымын адамға» тапсырмасы РАФТ әдісі арқылы Рөл – жер үй/ көп қабатты үй/ киіз үй Аудитория – баспана түрлері Форма – монолог Тақырып – Мен жайлымын адамға 1-топ. Жер үй 2-топ. Көп қабатты үй 3-топ. Киіз үй Қ.Б. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалау
(Ж) «Сәйкестендіру әдісі» арқылы оқушылар төмендегі жан-жануарлардың қайда мекендейтінін суреттен тауып сәйкестендіреді. Таңдау арқылы бір сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
Дескриптор: - Жануарлардың мекендерін табады. - Сөздегі буын санын анықтайды. - Сөздегі дыбыс санын аныұтайды. - Сөздегі әріп санын анықтайды. - Дауысты дыбыстарды табады. - Дауыссыз дыбыстарды табады. ҚБ. Геометриялық фигуралар арқылы
(Ө) «Кім жылдам?» ойыны Тек адамдарда, жануарларда ғана үй болмайды екен. Сонымен қатар дыбыстар мен әріптердің де үйлері болады екен. Қима әріптерді үйшіктерге орналастырады.
Дескриптор: - дауысты дыбыстарды қызыл үйшікке орналастырады; - дауыссыз дыбыстарды көк үйшікке орналастырады. Бағалау: Табыс сатысы
|
Суреттер
Смайликтер
Кеспе дыбыстық белгілер, қалташық
Смайликтер
Суреттер немесе фотолар
Бағдаршам
Музыка
Жұмыс парақшалары
Геометриялық фигуралар
Үйшіктер Кеспе әріптер Табыс сатысы |
||
|
Сабақтың соңы. 5мин |
Сабақ бойынша рефлексия «Еркін микрофон» әдісі - Бүгін не білдің?.... - Мен үйрендің?... - Не қиындық туғызды?... Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» әдісі Оқушы қай деңгейде екендерін смайликтерді жетістіктер баспалдақтарына жапсыру арқылы бейнелейді.
|
Жетістік баспалдағы Смайликтер
|
||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
|
«Кім жылдам?» ойынында нәтиже бойынша сараланды. «Сәйкестендіру» тапсырмасында қарқын бойынша сараланады. «Мен жайлымын адамға» РАФТ әдісі кезінде диалог және қолдау көрсету бойынша саралаймын. Рефлексия кезінде бағалау бойынша сараланады. |
Топтық жұмыс барысында оқушылар бағалау жасайды Қ.Б. «Смайлик тер» әдісі Қ.Б «Бағдаршам» әдісі Қ.Б. «Сэндвич» әдісі арқылы бағалау Бағалау: Табыс сатысы Рефлексия: «Баспалдақ» әдісі |
Сабақтың басында партада дұрыс отыруын қадағалаймын Сергіту сәттер мен
белсенді іс –әрекет түрлері к | ||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген