Басқалардың әртүрлі болып келетін табиғатын түсіну

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқалардың әртүрлі болып келетін табиғатын түсіну

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқалардың әртүрлі болып келетін табиғатын түсіну жайлы сабақ барысында айтылған студенттердің ойлары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Басқалардың әртүрлі болып келетін табиғатын түсіну

Әр адам - қайталанбас тұлға. Оны адамның сөйлеген сөзінен, жасаған

ісінен және мінез-құлқынан байқауға болады. «Бес саусақтың бәрі бірдей емес» демекші, адамдар да мінезіне байланысты әртүрлі болады: біреулер ісіне байыпты, сабырлы болса, енді біреулері тез ашуланшақ болады. Кейбіреулері сырт адамның айтқанын жүрегіне жақын қабылдаса, енді басқалары тіпті құлақ аспай жүре береді.

Осы тақырып төңірегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Басқару психологиясы» пәнінен оқытушымыз Жубаназарова Нәзираш Сүлейменовнамен бірге талқылау жүргіздік. Сабақ барысында магистранттар тарапынан мынадай тұшымды ойлар айтылды:

Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен басқа жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктері болады. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс түрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

Мінез - адам бойындағы ұлы байлық, асыл қасиет, адам болмысы, бітімі. Туа қалыптасқан ішкі иірімі, терең құпиясы. Оның сыртқа теуіп шыққан қимыл-қозғалысы, өз әрекеті, көзге көрінген көрінісі.

Әр адам әр түрлі. Әр адам ерекше жаратылыс, қайталанбас тұлға. Барлығымыз ерекшеміз. Егер адамдар көзқарас жағынан бірдей болып жаратылған болса, онда көптеген қиыншылықтар тудырар еді. Адамдардың бет-әлпеті, бойы, түсі, материалдық мүмкіншіліктері, денсаулығы мен сұлулығы бірдей болса, онда олар бір-бірінің көшірмесі болар еді. Тіпті егіздердің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бұл жағдайда адамдарды бір- бірінен ажырату қиын болар еді. Ал, біркелкі көзқарас, таным, наным өмірдің мәнін кетіреді. Жер бетіндегі миллиардтаған адамдардың бір-біріне ұқсамауы әрі әрбір адамның өзіндік даралығының болуы – біздің Жаратушымыздың шексіз құдыреті мен даналығының жарқын дәлелі.

Гендердің жиынтығы, мінез-құлқы, сыртқы келбеті бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Әр адам - бұл кішкентай әлем. Ол әлемді сыртқы келбет, мінез-құлық және жан құрайды. Мысалы, белгілі бір кітапты оқығанда кейбіреулер сол кітаптан өзіне жақсы қасиеттер мен өмірге сезімдерді бойына сіңірсе, ал кейбіреулері қанша оқыса да ол кітапты түсіне алмайды. Шетелдік музыкалар біреулерге ұнаса, біреулер мүлдем музыка тыңдауға қарсы. Сол сияқты әр адамның өзіндік мақсат, арман- тілегі, қалауы бар.

«Адамдар бір-бірі үшін тіршілік етеді» - деп Аврелий айтып өткендей, шынымен адамдар бір-бірі үшін тіршілік жасайды. Ертеректе адамдардың сана-сезімі жетілмеген шақта, егер біреу жеуге болмайтын нәрсені жеп қойса, келесі адам оның қателігінен сабақ алып, ол іс-әрекетті қайталамаған.
Өмірімізде кездескен әр адамның бойындағы 
жаман әдеттерінен жиреніп, жақсы қасиеттерінен үлгі алып, өміріміздің мәресіне жеткенге шейін тура жолдан адаспай өмір кешуіміз керек.


Жубаназарова Н.С.

психология ғылымдарының кандидаты,

профессор

Зәкенов Қ.Қ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2023
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі