БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІ МЕХАНИЗМДЕРІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – отандық жоғары білім жүйесінде жетекші орын алатын, ғылыми дәстүрі қалыптасқан әрі халықаралық академиялық кеңістікте танылған іргелі білім ордасы. Университет болашақ мамандарды даярлау үрдісінде олардың кәсіби құзыреттілігін ғана емес, сонымен бірге тұлғалық даму, өзара қарым-қатынас мәдениеті және басқарушылық қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Осы мақсатта оқу бағдарламасына енгізілген «Басқару психологиясы» пәні магистранттардың тұлғааралық қарым-қатынас тетіктерін, әлеуметтік-психологиялық үдерістерді және ұжымдағы өзара әрекеттестік табиғатын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Аталған пән аясында «Басқару іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың перцептивті механизмдері» тақырыбы талданып, басқару үдерісіндегі қабылдау, түсіну және тұлғааралық әсерлесудің психологиялық негіздері қарастырылады.
Перцептивті механизмдер – бір адамның екінші адамды қабылдау, түсіну және оған баға беру тәсілдері. Бұл механизмдер ұжымдық ортада психологиялық үйлесімділіктің, сенім мен өзара қолдаудың қалыптасуына тікелей әсер етеді. Басқару үдерісінде басшы қызметкердің тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық күйін және мінез-құлықтық реакцияларын дұрыс түсіне алғанда ғана тиімді ынтымақтастық пен кәсіби серіктестік орнайды.
Сабақ барысында эмпатия, идентификация, рефлексия, каузалды атрибуция және стереотипизация секілді әлеуметтік перцепция компоненттері тәжірибелік мысалдармен талданды:
-Эмпатия басшыға қызметкердің эмоциялық жағдайын сезінуге мүмкіндік береді;
-Идентификация басқа адамның орнына өзін қоя білу қабілетін дамытады;
-Рефлексия тұлғаның өз әрекеттерін сырт көзбен бағалауына жағдай жасайды;
-Каузалды атрибуция мінез-құлық себептерін түсіндіруге бағытталады;
-Стереотипизация тұлға туралы қалыптасқан әлеуметтік стандарттарды білдіреді.
Ұйымды басқару тәжірибесінде бұл механизмдердің рөлі өте маңызды. Егер басшы қызметкерлерді қабылдау кезінде объективтілік сақтай алмаса, онда ұжымда түсінбеушілік, шиеленіс және сенімсіздік орын алуы мүмкін. Ал перцептивтік дағдыларды саналы түрде қолданған жағдайда ұжымда қолайлы психологиялық ахуал, өзара құрмет, серіктестік рухы және жоғары еңбек нәтижелілігі қалыптасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттарының осы бағыттағы теориялық әрі практикалық білімі олардың болашақ кәсіби қызметінде жетекшілік қабілеттерін қалыптастырып, коммуникативтік мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Басқару психологиясын меңгерген мамандар түрлі әлеуметтік ортада тиімді қарым-қатынас орнатып, ұйымдық даму мен тұрақты жұмыс процесін қамтамасыз ете алады.
Қарым-қатынастың перцептивтік механизмдерін меңгеру – басшының кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі. Олар ұжымдағы өзара түсіністі нығайтып, тұлғааралық байланыстарды реттеп, басқару тиімділігін арттырады. Бүгінгі күні әлеуметтік-психологиялық сауаты жоғары, кәсіби этикасы жақсы қалыптасқан мамандар – қоғамның сұранысындағы негізгі кадрлар.
Жұбаназарова Н.С.
Психология ғылымдарының кандидаты,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры
Айгазинова Г.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІ МЕХАНИЗМДЕРІ
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІ МЕХАНИЗМДЕРІ
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІ МЕХАНИЗМДЕРІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – отандық жоғары білім жүйесінде жетекші орын алатын, ғылыми дәстүрі қалыптасқан әрі халықаралық академиялық кеңістікте танылған іргелі білім ордасы. Университет болашақ мамандарды даярлау үрдісінде олардың кәсіби құзыреттілігін ғана емес, сонымен бірге тұлғалық даму, өзара қарым-қатынас мәдениеті және басқарушылық қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Осы мақсатта оқу бағдарламасына енгізілген «Басқару психологиясы» пәні магистранттардың тұлғааралық қарым-қатынас тетіктерін, әлеуметтік-психологиялық үдерістерді және ұжымдағы өзара әрекеттестік табиғатын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Аталған пән аясында «Басқару іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың перцептивті механизмдері» тақырыбы талданып, басқару үдерісіндегі қабылдау, түсіну және тұлғааралық әсерлесудің психологиялық негіздері қарастырылады.
Перцептивті механизмдер – бір адамның екінші адамды қабылдау, түсіну және оған баға беру тәсілдері. Бұл механизмдер ұжымдық ортада психологиялық үйлесімділіктің, сенім мен өзара қолдаудың қалыптасуына тікелей әсер етеді. Басқару үдерісінде басшы қызметкердің тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық күйін және мінез-құлықтық реакцияларын дұрыс түсіне алғанда ғана тиімді ынтымақтастық пен кәсіби серіктестік орнайды.
Сабақ барысында эмпатия, идентификация, рефлексия, каузалды атрибуция және стереотипизация секілді әлеуметтік перцепция компоненттері тәжірибелік мысалдармен талданды:
-Эмпатия басшыға қызметкердің эмоциялық жағдайын сезінуге мүмкіндік береді;
-Идентификация басқа адамның орнына өзін қоя білу қабілетін дамытады;
-Рефлексия тұлғаның өз әрекеттерін сырт көзбен бағалауына жағдай жасайды;
-Каузалды атрибуция мінез-құлық себептерін түсіндіруге бағытталады;
-Стереотипизация тұлға туралы қалыптасқан әлеуметтік стандарттарды білдіреді.
Ұйымды басқару тәжірибесінде бұл механизмдердің рөлі өте маңызды. Егер басшы қызметкерлерді қабылдау кезінде объективтілік сақтай алмаса, онда ұжымда түсінбеушілік, шиеленіс және сенімсіздік орын алуы мүмкін. Ал перцептивтік дағдыларды саналы түрде қолданған жағдайда ұжымда қолайлы психологиялық ахуал, өзара құрмет, серіктестік рухы және жоғары еңбек нәтижелілігі қалыптасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттарының осы бағыттағы теориялық әрі практикалық білімі олардың болашақ кәсіби қызметінде жетекшілік қабілеттерін қалыптастырып, коммуникативтік мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Басқару психологиясын меңгерген мамандар түрлі әлеуметтік ортада тиімді қарым-қатынас орнатып, ұйымдық даму мен тұрақты жұмыс процесін қамтамасыз ете алады.
Қарым-қатынастың перцептивтік механизмдерін меңгеру – басшының кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі. Олар ұжымдағы өзара түсіністі нығайтып, тұлғааралық байланыстарды реттеп, басқару тиімділігін арттырады. Бүгінгі күні әлеуметтік-психологиялық сауаты жоғары, кәсіби этикасы жақсы қалыптасқан мамандар – қоғамның сұранысындағы негізгі кадрлар.
Жұбаназарова Н.С.
Психология ғылымдарының кандидаты,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры
Айгазинова Г.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
шағым қалдыра аласыз













