Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Басқару мен көшбасшылық» коучинг жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Басқару мен көшбасшылық» коучинг жоспары |
||||
Тақырып |
«Басқару мен көшбасшылық» |
|||
Сілтеме |
1-деңгейлік МАН интернет материалы |
|||
Жалпы мақсаты |
Көшбасшы, көшбасшылық туралы ұғымын кеңейту, көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу. |
|||
Күтілетін нәтиже |
Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөліседі. |
|||
Түйінді идея |
Оқушы қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер |
|||
Ресурстар |
Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар |
|||
Коучинг өту барысы |
||||
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері |
Уақыт |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру |
3 мин |
Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биімен (топқа бөліп отырғызу) |
Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биін билейді. |
|
Бейнебаян көру |
5 мин |
«Құмырсқаның әрекеті» туралы бейнебаян көрсету Сұрақ? Бейнбаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? т.б. Бейнебаянда тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар? |
(Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды) |
|
Топпен жұмыс |
20 мин |
Құрметті әріптестер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет. Сұрақтар: 1.Көшбасшы деген кім? 2.Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек? 3.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай? 4.Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз? 5.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын деп сезінесіз бе? 6.Егер сіз көшбасшы оқытушы болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз? 7.Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар? 8.Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер? 9.Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?… 10.Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істер едіңіз?… 11.Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз? 12.Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?
|
Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
|
|
Таныстырылым Түйін. |
5 мин |
Көшбасшы ұғымына анықтама беру (презентация слайд) Құрметті әріптестер енді көшбасшы ұғымы бойынша сіздің пікірлеріңізді жинақтап түйін жасайық. Сонымен көшбасшы – оқытушы дегеніміз кім? Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар. Заманымыз өзгеріп отырғандықтан, адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Көшбасшылық – бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы оқытушы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы оқытушы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек. Көшбасшы оқытушының кодексі
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және мінезі жақсы болуы тиіс |
Мұғалімдер таныстырылыммен танысады. |
|
Топтық жұмыс «Алты қағаз» стратегиясы және «Айналмалы бекет» стратегиясы |
10 мин |
Көшбасшының оқытушының бойынан табылатын қасиеттер:
13 Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды |
1/ Мұғалімдер «Алты қағаз» стратегиясы арқылы сұраққа сай жауаптар қойып топ өзара сайысқа түседі. 2/ «Айналмалы бекет» стратегиясы арқылы топтар бірін-бірі тексереді. |
|
Ой сергек |
5 мин |
«Тесік құмыра » туралы аңыз |
Ой бөлісу |
|
Топпен жұмыс |
5 мин |
Әр тoп өзiнe бeрiлгeн тaпcырмaдaғы көшбacшының рөлiн coмдaу кeрeк. Яғни, әр топ жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешу қажет.
|
Әр топ мүшелері сұраққа жауап беру арқылы кедергілерден өтулері керек |
|
Қорытынды рефлексия |
3 мин |
Қатысушылардан коуч қорытынды ретінде жазбаша пікір алады.
1.Бүгiнгi кoучинг cізге ұнaды мa, ұнаса қандай
жаңалығымен? 4. Бүгінгі көңіл күйіңіз? |
Мұғалімдер А4 қағазына өз ойларын жазып қалдырады
Смайлик арқылы рефлексияны аяқтау |
|
Жауапты: |
Ерманова Ж.Е. |
|
|