Басқару психологиясы: Тұлғааралық қарым-қатынас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқару психологиясы: Тұлғааралық қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада «Басқару психологиясы» пәнінен ақпарат берілген. Мақала студенттерге, магистранттарға пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ: ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратура бөлімінде міндетті «Басқару психологиясы» пәні жүргізіледі. Бұл пәннен магистранттар басқару, басшы мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас туралы, ұйым психологиясы, жеке тұлғаның ерекшеліктері жайлы білімін кеңейтеді.

Филология факультетінде бұл пәнді психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сулейменовна жүргізеді. Базалық пәннің семинарының бірі топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясына арналды. Бұл бойынша магистранттар Н.С. Ахтаева, А.И. Абдижаппарова, З.Н. Бекбаеваның «Басқару психологиясы», А.Д. Столяренконың «Психология управления» және Т.С. Кабаченконың «Психология управления» және Н.В. Антонва «Психология управления» еңбектерімен дайындалып ұжымдық басқару туралы оқыған мәліметтерімен бөлісті.

Ұжымдық басқаруда тұлғааралық қатынастарды зерделеу маңызды, себебі ол тікелей жұмыс процесіне әсер етеді. Тұлғааралық қатынас жасауды екіге бөліп жіктеуге болады. Ол басшы мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас және қызметкер мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас.

Бірінші қарым-қатынас түрі жетекші мен қызметкер арасындағы қатынасқа тоқталайық. Басшы қарамағындағы қызметкерлердің сенімінен шығуы үшін біріншіден, сол салада білікті және тәжірибелі болуы аса маңызды. Екіншіден, ұжым жетекшіге сыни көзбен қарайтындықтан, басшының жеке қасиеттеріне мән беріледі: жұмыс орнында және жұмыс уақытынан тыс уақытта да басшының сыйлы болуы, этиканы сақтауы, жанжалдан алыс болуы, жауапкершілікті болуы, сондықтан басшыға қойылатын талаптар жоғары. Ұжымдық басқаруда жағымды атмосфера тудыру басшының тікелей міндеттерінің бірі. Білікті басшы ұжымда тапсырмаларды бөліп беруде, белгілі қызметке тағайындауда қызметкерлердің темпераментіне, мінез-құлқына назар аударады. Мысалы, сала халыққа қызмет көрсетуге байланысты болды делік, сангвиникке сын айтылса, ол оны жеңіл және салмақты қабылдайды, меланхолик жағдайды ұзақ уақыт уайымдауы мүмкін, холерик болса агрессивті жауап қатса, ал флегматик байсалды қабылдап, кешірек реакция білдіреді. Басшы қызметкерлерге тапсырма бөлуде осы сипаттарға назар аударып, қауыммен байланыс жасайтын қызметке сангвиник және флегматик типіндегі қызметкерлерді тағайындауы керек. Бұл ұжымдық бірлікке, жұмыстың табысты болуына әсер етеді.

Байланыстың келесі түрі, қызметкер мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас. Қызметкер мен қызметкер арасындағы қатынаста іскерлік этиканың сақталуы маңызды. Іскерлік этикаға амандасу салтынан бастап, қызметкердің жұмысты тыңғылықты орындауы жатады. Жұмысқа жауапкершілікпен қарау, дедлайндарды сақтау, жұмыс формасының сақталуы, артық дауыс көтерілмеуі, жеке басының мәселелерін жұмыспен араластырмау, шенін пайдаланбау және т.б. кіреді. Қызметкер мен қызметкер арасындағы, яғни теңдәрежелі қарым-қатынаста тұлғалық ерекшеліктер мен құндылықтар үлкен рөл ойнайды. Сондықтан, басшының жеке адам психологиясын жақсы меңгеруі шарт, қызметкер мен қызметкер арасындағы қатынастың жақсы болуын басшы ұйымдастырады. Ұжымдық жанжалдың туындамауы да сапалы жұмысының нәтижесі ретінде көрінеді.

Аталмыш пән магистранттардың болашақ жұмыс орнында ұйыммен жұмыс істеуіне жақсы ықпал етіп, жеке қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізеді.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Тленшиева Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Исенбай М.Қ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

филология факультетінің 1 курс магистранты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2024
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі