Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда басқару қоғам дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, «Басқару психологиясы» пәнінің тұлға өміріндегі алатын орны айтарлықтай маңызды екені баршамызға белгілі. Осы орайда, әлемнің алдыңғы қатарлы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, сондай-ақ еліміздің ірі білім ордасы және үздік ғылыми орталығы болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның жетекшілігінде Филология факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Басқару психологиясы» дәрісінде «Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел форматында сабақ өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы

психологиялық білімдерді қалыптастыру


Бүгінгі таңда басқару қоғам дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, «Басқару психологиясы» пәнініңтұлға өміріндегі алатын орны айтарлықтай маңызды екені баршамызға белгілі. Өйткені, осы пәнді оқу арқылы әр түрлі жағдайда орын алатын шиеленісті оқиғаларды дұрыс шешім қабылдау арқылы шеше алуды, қызметкерлерді шабыттандырып отыруды үйрене аламыз, сондай-ақ, ұжымда өзіңді қалай ұстау керектігі және де көңіл-күйді қалай дұрыс басқару туралы құнды ақпараттар аламыз.

Осы орайда, әлемнің алдыңғы қатарлы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, сондай-ақ еліміздің ірі білім ордасы және үздік ғылыми орталығы болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының

профессоры Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның жетекшілігінде Филология факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Басқару психологиясы» дәрісінде «Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел форматында сабақ өткізілді.

Дөңгелек үстел форматындағы сабақ барысында Жубаназарова Назираш Сулейменовна басқару стиліне қатысты ғылыми зерттеулерге шолу жасап, басқару психологиясының бағыныштылардың өздеріне жүктелген әрекеттерді орындау және белгілі бір мәселелерді шешу мақсатындағы интеллектуалдық және дене белсенділігі болып табылатыны жайлы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, тұлға теориясымен айналысқан көрнекті психолог К. Левиннің басқару стильдерінің тұжырымдамасын әзірлеп, эксперименттік мәліметтер негізінде үш негізгі стильді төмендегідей сипаттап, баяндап берді:

Бірінші стиль – авторитарлық стиль бір басшының қолындағы билікті орталықтандырумен сипатталады. Бұл стильде басшы жеке-дара шешім қабылдайды, бағыныштылардың қызметін қатаң анықтайды, олардың бастамаларын шектейді. Ал демократиялық стильде көшбасшы шешім қабылдау кезінде ол шешімді әзірлеуге қатысуға мүмкіндік алатын бағыныштылармен кеңеседі. Кибералды стиль болса басшының бағыныштылардың қызметіне минималды араласуымен сипатталады. Көшбасшы көбінесе өз қарамағындағыларды жұмысқа қажетті ақпаратпен және материалдармен қамтамасыз ететін делдал ретінде әрекет етеді.

Осылайша, басқару стилі басқарумен байланысты тек өзіне ғана тән негізгі ережелер, элементтер, көшбасшылық стильдер жүйесіне бағытталады. Басқарудың негізгі және күрделі субъектілерінің бірінің мінез-құлқы– адам болып табылады, сонымен қатар белгілі бір іс-әрекетке, оның шындыққа деген көзқарасын анықтайтын ішкі сенімдерге негізделеді. Көшбасшының беделі мен оның жұмысының тиімділігі ғана емес, сонымен қатар ұжымдағы атмосфера және бағыныштылар мен көшбасшы арасындағы қарым-қатынас көшбасшылық стилін таңдауға байланысты.

Дөңгелек үстел форматындағы сабақ барысында магистранттар ұйымныңмүшелері жеткілікті, тиімді және біркелкі жұмыс істеген кезде, басшы алға қойған мақсаттардан басқа, қарапайым адам бақыты, өзара түсіністік және жұмысқа қанағаттану сияқты мақсаттарға қол жеткізетінін талқыға салды.Сондай-ақ, білімгерлер қазіргі заманғы маманның ұжыммен және басшылықпен белсенді қарым-қатынас жасай алуы және қажетті қарым-қатынас мәдениетіне ие болуы керектігінің маңызына тоқталды.

Магистранттар «Басқару стилінің өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру» тақырыбындағы сабаққа аса қызығушылық танытып, сұрақтарға ынтамен жауап беріп, аса белсенділік көрсетті.

Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетібілімгерлердің заман бәсекеге қабілетті, уақыт талабына сай маман болуы үшін олардың тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік беріп, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауда елеулі үлесін қосып келеді.


Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Жалпы және қолданбалы психология»

кафедрасының профессоры,

психология ғылымының кандидаты


 Чакыроглу М. А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының

1-курс магистранты


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2023
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі