жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Басқұрды безендіреміз.
|
|
18-ұОқ. БАсқұРды БЕзЕндіРЕміз (сәндік аппликация) |
мектеп/мұ: |
||||||
|
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
||||||
|
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
|||||
|
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симме- триялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру. 0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қию. |
||||||
|
|
|
|
||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -қазақ оюлары элементтерінен жапсырма құрастыра алады; -екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала алады; жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады. |
|
||||||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -жапсырмада ою элементтерінің кеңістіктік қатынастарын ескере отырып, оюларды өрнектің пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, бірқалыпты орналастыра алады; -орталықты, бұрыштарды әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады; -тиянақты ойын сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады. |
|
|||||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады; -өз қиялын жеткізе алады. |
|
|||||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау; -ұлттық салт-дәстүрлермен және қолөнермен, халық шығармашылығы бұйымдарын жасаған кезде сөздік қорын молайту; -қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану; -өзінің және өзгелердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау; -түпкі ойын түсіндіру; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. Көптілділік: үлгі – шаблон – тemplate. |
|
||||||
|
негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -ою-өрнек, басқұр, жолақ, әшекей, сәндік аппликация. |
|
|||||||
|
талқылауға арналған сұрақтар: Басқұр дегеніміз не? Оны тұрмыста не үшін пайдаланады? Басқұрдың жолағы қандай оюдан тұрады? Ою элементтерін қалай қиып алуға болады? Қағазды қалай бүктеу керек? Күнделікті өмірде оюлар мен өрнектер не үшін қажет? Қайшымен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? |
|
|||||||
|
Алдыңғы білім |
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білім. Қойдың қос мүйізіне негізделген «төртайшық» оюын жасау тәжірибесі – қосмүйіз. «Қосмүйіз» оюының түр түрін жасау тәжірибесі: жиек оюлары, қосмүйізді шиыршықтар, геометриялық оюлар. |
|
||||||
|
Жоспар |
|
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|
|||||
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. Сәлем, алтын күн! Сәлем, көк аспан! Сәлем, самал жел! Сәлем, көк емен! Туған өлкем, Саған да бір сәлем! |
Музыкалық сүйемелдеу. |
|
|||||
|
II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою. 2–5 минут |
(ұ) Педагог балаларды киіз үйдің үлгісін қарауға шақырады. Тәрбиеленушілер киіз үйдің негізгі бөліктерінің мақсатын білу-білмеуін сұрайды. Киіз үйді немен безендірген? «Идеялар қоржыны» сыни ойлау қабілетін дамы- ту тәсілдерін ұсынады: ою-өрнек дегеніміз – бұл …(тәрбиеленушілердің жауаптарының барлығын тыңдайды). Педагог балаларды алдағы әрекетке жұмылдырып, сәтті жұмыстар мен оларды орындау бойынша дұрыс жасауға ықпал етеді. |
Киіз үйдің үлгісі. Иллюстрациялық материал. Энциклопедия |
|
|||||
-
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарайды. Басқұр – бұл қазақтың киіз үйін бекіту мен жабдықтауға арналған салтанатты әрі сәндік жолақтар.
Басқұрды геометриялық және өсімдік оюлы өрнекпен әшекейлейді.
Педагог балалардың қандай материалмен жұмыс істейтіні жөнінде ойлануды ұсынады. (Қағазбен) Қандай құралдармен? (Қайшы, желімге арналған жаққыш, қарындаш).
Болжалды композицияға назар аударады: жолақтар қандай болады, қандай ою-өрнек қолданылады? Ұнаған ою-өрнек үлгілерін таңдауды ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
Алақандар үстел үстінде,( «бірекі» – саусақтар бірге, саусақтар бөлек).
Алақан – жұдырық – қырынан, («бірекіүш») Саусақтардың амандасуы («бірекіүштөртбес»
– екі қолдың саусақтары қосылады: бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және т.с.с.). Қояндар (сұқ және ортаңғы саусақты жоғары қарай көтерді, бас бармақ, төртінші және бесінші саусақтар біріктіріледі.)
Қояндар тығылып қалды (жұдырықты түю). Ағаштар өсіп тұр (алақандарды өзіне қарай бұрып, қолды жоғары көтеру).
Ағаштар жоқ (одан кейін қолдар төмен қарай түсіріледі).
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы. Фон түсін таңдайды. Қию тәсілдерін анықтайды. Фон әзірлемесіне жай қарындашпен басқұр жолағының суретін салады, қиып альбомға жапсырады.
Өз бетінше қиып алып, ою-өрнектің дайын үлгіқалыбын алады.
Қағазды белгілі тәсілдермен: екіге немесе қатпарлап бүктейді. Ою-өрнектің бүгу сызығы бойымен ою- өрнектің
үлгіқалыбын қойып, жай қарындашпен сызып алады. Педагог тәрбиеленушілердің назарын заттың шеткі сызықтарына аударады. Шеткі сызықты қию оңай болу үшін оң жақтан солға қарай қияды.
Сосын белгілер бойымен ою-өрнекті қиып алады да жазады.
Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін қадағалайды. Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет.
Жолаққа ою-өрнектің барлық бөлшектерін орналасты- рады. Орналастырудың ең жақсысын таңдайды.
Жапсырудың барлық бөлшектерін матаға ретімен жап- сырады.
Желімді бейненің ортасынан бейненің бұрышы мен шетіне қарай біркелкі етіп ұқыпты жағу керек. Бұл үшін жаққышты, саусақты, сорғышты қолдануға болады.
Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ немесе бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап, қағаз бөлшектің бетін аударады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері
Сабақ шеңберінде педагог қайшымен жұмыс істеу ережелерін және жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіруді еске салып отырады.
Әліппе-альбом. Презентациялық материал.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (не желімді қарындаш), желім жаққыштар, сүрткіштер, клеенка.
Қазақтың ою-өрнектері бар үлгіқалыптар мен трафареттер.
Жадынама.
IV. ұОқ
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.
қорытындылау.
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады.
Символ-карточкалар.
Рефлексия.
Мазмұны бойынша бағалау: танымдық белгімен бағалау
26–30 минут
– бала өзінің жұмысын танымдық белгілер (карточка-
лар, жетондар, ишарат және т.б.) көмегімен бағалайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген