жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастапқы капитал.
Бастапқы капитал.
Сабақтың мақсаты:
-
Компанияларға капиталды ресурстарды алуда қаржы нарықтарының қандай көмек көрсететінін түсіндіру.
-
Фирма иелерінің ала алатын ұзақ және қысқа мерзімді несиелеудің түрлі көздерін сипаттау,
-
Меншік капиталға анықтама беру және меншік капиталды қарызданумен салыстыру.
-
Бөлінбеген пайданың анықтамасын беру және кәсіпорынның өсуін қаржыландыру үшін осы қаражаттардың қалай қолданылатынын түсіндіру.
-
Алғашқы және қайталама қор нарықтары мен олардың экономикалық өсу процессіндегі маңыздылығын сипаттау.
-
Жай және артықшыдығы бар акцияларды салыстыру.
-
Баланстық есеп беру және пайда мен шығындар туралы есеп берудің негізгі қызметтері мен баптарын сипаттау.
Сабақтың міндеттері:
-
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеудің арасындағы айырмашылықты айыруға үйрету.
-
Оқушылардың бөлінбеген пайда қаражаттары кәсіпорынның өсуін қаржыландыру үшін қалай қолданылатынын түсіндіре білуі қажет.
-
Оқушылар бизнесті қаржыландырудағы акциялардың рөлін бағалайды.
-
Өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеу
-
Меншік капитал
-
Бөлінбеген пайда
-
Алғашқы және қайталама қор нарықтары
-
Жай және артықшыдығы бар акциялар
-
Баланстық есеп беру
-
Пайда мен шығындар туралы есеп беру
Қаржы нарықтары еркін кәсіпкерлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар ақшаларды жинақтаушылардан фирмаларға қарай ығыстырады, ал фирмала болса өз кезегінде бұл қаражаттарды жаңа капиталды ресурстарға инвестициялау үшін қолданады. Кәсіпкерлер қаржы нарықтарын күрделі инвестициялау үшін қаражаттар көзі ретінде қолданады. Бұл қарыздану, компанияның жаңа акцияларын сату, меншік қаражаттарды жинақтау секілді жолдармен іске асады.
Кәсіпорын капиталды ресурстарды жаңадан ашылатын немесе ұлғаятын кезде сатып алады. Бұл инвестициялау деп аталады. Алайда, әр-бір долларды инвестициялау үшін, шамамен осы сомма жинақталуы қажет екенін кез-келген адам біле бермейді.
Біз әлде-бір нәрседен бас тартып, үнемдейтін ақшалар экономикада бизнеске инвестиция ретінде жұмсалады. Көптеген американдықтар пайыз немесе табыс табу үшін өз жинақтарын банкке салады. Осы арқылы олар қаржы нарығының қатысушысы болады. Қаржы нарығы дегеніміз ақшаларды қолданғаны үшін ақша төлеуге келісетін қарыз алушы немесе басқа адамдар мен осы жинақтардың иелері арасында айырбас жүргізу.
Қаржы нарықтары кәсіпкерлік экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Қаржы нарығының екі жағы бар. Бір жағында, өз ақша қаражаттарын тиімді етіп салу жолдарын іздестіретін инвесторлар мен жинақтары бар адамдар болады. Екінші жағынан, капиталды ресурстарды сатып алуды қалайтын бизнесмендер болады. Бизнесмендер қажетті қаражаттарды алу үшін қаржы нарықтарын қалай пайдаланады? Олар ақшаны қарызға алады, капитал деп аталатын иелік үлесін сатады, немесе ақшаларды өздері жинақтайды. Шағын бизнесті қаржыландырудың бірнеше ерекшелігі бар.
Экономиканың бұл аясының кәсіпорындарын қаржыландырудың жеті көзі бар:
-
Жеке жинақтар. Жеке жинақтар көлемі шектеулі болса да, олар өте қажет, әсіресе, егер, кәсіпорын иесі қаржыландырудың басқа көздерін іздестіретін жағдайда.
-
Отбасы және жолдастар. Алғашқы кезде қаржыландырудың негізі көзі, бірақ, мұндай қарыздар мен инвестициялар жеке қатынастардың шиеленісуіне әсер етуі мүмкін.
-
Серіктестіктерді құру. Компанияның иелігін бөлу қосымша капитал мәселесін шеше алады, бірақ, пайда міндетті түрде бөлінетін болғандықтан бақылау бәсеңдей түседі.
-
Акцияларды сату және корпорацияны құру. Корпорация шектеулі жауапкершілікті және иелік құқығын оңай өткізуді қамтамасыз етеді, бірақ, корпорацияны құру шығындары өте жоғары, және пайда да бөлінуі тиіс.
-
Коммерциялық банктен қарыз алу. Қарыз беруші - банктің критериилері алты бөлімнен тұрады: капитал, қамтамасыз ету, мүмкіндіктер, сипаты, жабылуы мен міндеттемелері. Бұдан басқа өте нақты жасалған бизнес-жоспар қажет.
-
Шағын бизнес Әкімшілігінің несиелік бағдарламалары. Бұл бағдарламалар тікелей несиелерді де, шағын кәсіпорындарға қаржылық артықшылық беретін займ кепілдігін қамтиды. 1996 жылы Әкімшілік займдары 2,2 миллиард долларды құраған болатын.
-
Тәуекел капитал. Тәуекел капиталдың танымалдығы 1980-1990 жж. инновациялар мен кәсіпкерліктің кезеңінде өсе түсті. Тәуекел капиталы бар фирмалар өздерін үндемейтін иелер секілді ұстайды, бірақ, сонымен қатар, қомақты пайданы іздестіреді. Бүгінгі таңда, қаржыландырудың бұл нысаны, индустриалды технологиялар аясында ерекше танымал.
Әлбетте, мұнда кәсіпкер үшін де, инвестор үшін де тәуекелдің орын алу мүмкіндігі бар, себебі, тәуекел мен табыс бір-бірімен тығыз байланысты. Инвестициялаудың тәуекелі жоғары болған сайын, бұл инвестициялаудан түсетін табыс та арта түседі. Кәсіпорынның қызметі әрқашан да сәтті болмайды. Сіздің барлық ақшыңыздың немесе оның бір бөлігінің жоғалу тәуекелі бар нарыққа инвестициялау нарықтық тәуекел деп аталады. Компаниялар инвесторларға жоғары пайыз төлеуде тәуекелге барады. Тәуекелдің басқа түріне инфляция тәуекелі жатады. Бұл бағаның көтерілу әсері. Егер бағалар жоғарылайтын болса, инвесторлардың өз инвестицияларынан табатын табысы төмен болады. Бизнес қарызын «арзан» деп аталатын ақшалармен төлеуі мүмкін.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Кейде, бизнестің табысы бір апталық немесе айлық қимадағы шығындармен сәйкес болмайды. Ақшалардың кірістік ағымы шығындық ағымға қарағанда төмен болады және қолма-қол қаражаттар шоттарды төлеу үшін жеткіліксіз болады. Бұл жағдайды, әдетте, «қолма-қол ақша ағымының өзекті мәселесі» деп атайды. Міне, осы жағдайда, қысқа мерзімді несие бұл мәселенің шешімі бола алады. Мұндай қарыздар, әдетте, бір жыл ішінде өтеледі және жаңа ғимарат, құрал-сайман мен басқа да ресурстарды сатып алуды қаржыландыру үшін қолданылмайды. Қысқа мерзімді қарыздар шикізат материалдары мен тауарлық қорларды төлеу секілді күнделікті шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кең тараған нысандарына коммерциялық несиелер, қаржылық мекемелерден және басқа компаниялардан займ алу жатады.
|
Қысқа мерзімді қаржыландырудың нысандарын |
||
|
коммерциялық несиелер |
қаржылық мекемелерден займ алу |
басқа компаниялардан займ алу |
Коммерциялық несие ашық шот бойынша несие қағидасы негізінде әрекет етеді. Компания сатушыдан қажетті тауарларды арнайы шот бойынша (несие) сатып алады, ал оған төлейтін төлемді кейінге қалдырады. Коммерциялық несие сатып алған тауардың төлемін кейінге қалдыру (30,60 және 90 күнге), бөліп төлеу, құрал сайманды қарызға алу және т.б. нысанда болуы мүмкін, бірақ әрқашан сатып алушыға көмек беру үшін арналады. Коммерциялық несиенің құны сатылатын тауардың бағасына қосымша құн қою арқылы айқындалады.
-
Қаржы мекемелерінен займ алу. Банктер және қаржылық компаниялар секілді қаржы мекемелерінен займ алу қысқа мерзімді несиенің тағы бір көзі болып табылады. Әдетте, енді ашылып жатқан компания бірнеше несие алады, бұл үшін кәсіпорынға өз ағымды шығындарын жабу үшін қажетті шекті сомма көрсетілетін арнайы келісім жасалады. Бұрыннан қызмет етіп келе жатқан компаниялар да бұл әдісті қолданады. Қаржы мекемелерінің бұл қарызы әрқашан әлде-бір нәрсемен қамтамасыз етіледі, яғни қорғалады. Бұдан басқа, көптеген несие берушілер қарызданушының несие тарихымен, қолма-қол ақша ағымының қозғалысымен, пайданың болжамымен, несиенің қайтарылуына кепілдік болатын қамтамасыз етілумен және қарызданушының мінез-құлқымен танысқысы келеді. Несие берушілер қарыздану құжаттарын, соның ішінде, іскерлік және жеке қаржылық есептемелерді, табыстық кеден декларациясын және өте жиі бизнес-жоспарды мұқият зерттейді. Несие бойынша төленетін пайыздар оның мөлшеріне, тәуекел деңгейіне және қарызданушының қарызын төлеу мүмкіндігіне байланысты болады. Қаржылық мекемелердің алатын пайызы банктерге қарағанда жоғары болады.
Басқа компаниялардың займдары ірі ұлттық компаниялардың арасында кең тараған национальных компаний. Мысалы, егер, «Дженерал Моторс» компаниясына өз қызметкерлеріне төлемдерді төлеу үшін қысқа мерзімге 10 миллион доллар қажет болса, онда ол қолма-қол ақшасы бар және пайда тапқысы келетін басқа компанияларға тікелей жүгіне алады.
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Облигациялар шығаратын корпорациялар жаңа технологияларды сатып алу, ұлғаю немесе корпоративтік бірігу (жұту) үшін қаражаттарды алғылары келеді. Корпорациялар жаңа облигацияны шығарғысы келген жағдайда, банкке шығарылымға кепіл болу туралы өтінішпен жүгінеді.
Займды алу үшін, корпорациялар ұзақ мерзімді қарыздық облигацияларды жиі сатады. Облигацияның ұстаушылары корпорацияларға қарызға ақша береді, және осының салдарынан корпорациялардың несие берушісіне айналады. Облигацияның қызмет ету мерзімі барысында оның ұстаушылары пайыз ретінде сыйақы, ал облигация өтелетін кезде - оның толық құнын алады. Сонымен қатар, компаниялар сауда несиесі, қаржылық мекемелердің займдары және басқа компаниялардан тікелей қарыздану арқылы қысқа мерзімге қарыздана алады. Қаржылық институттар, өз кезегінде, компанияларға ақшаны қарызға береді. Компаниялардың күрделі және басқа да ресурстарға салған инвестициялары бір бөлігі жаңа құрал-жабдықтардың шығындарын жабуға мүмкіндік беретін ауқымды пайда табуға ықпал етеді. Компанияның үстінен есептелетін пайыздарды қоса қарызын қайтаруға мүмкіндігі болады. Сонымен, бизнес экономиканың өсуіне пайдаланатын ақшалары өз иесіне де инвестициядан табыс әкеледі және жинақтардың көбеюіне мүмкіндік береді.
Егер, облигацияның ұстаушылары компанияның несие берушісі болып саналатын болса, онда акционерлер оның иесі болып табылады. Корпорациялар, көбіне, қаржы нарығында қорларды жинау үшін жаңа акциялар шығарады. Барлық корпорациялар жай акцияларды шығарады, ал кейбіреуі, сонымен қатар, қарым-қатынасы облигацияларға ұқсас артықшылығы бар акцияларды шығарады.
Акциялар
![]()
|
Жай |
Артықшылығы бар |
|
Жай акциялар барлық шығындар мен салықтарды шегергеннен кейін қалатын пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Жай акциялардың ұстаушылары директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлауға қатысады және басқа да дауыс берулерге қатыса алады. |
Артықшылығы бар акция дауыс беру құқығын бермейді, олардың басқа артықшылығы бар: мұндай акциялардың ұстаушылары дивидендтерді бөлу бойынша шешім қабылданатын жағдайда өз пайдаларын бірінші болып алады. |
Барлық акционерлік қоғамдар жай акциялар шығарады. Көптеген корпорациялар, сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шығарады. Жай акциялар да, артықшылығы бар акциялар да иелік ету үлесін білдіреді. Компанияның жағдайы нашар болса да артықшылығы бар акциялардың ұстаушылары өз дивидендтерін алады, ал жай акциялардың ұстаушыларында мұндай мүмкіндік болмайды, олар ештеңе ала алмайды. Сонымен қатар, компания жабылатын жағдайда артықшылығы бар акциялардың ұстаушылары активтердегі өз үлесін бірінші болып, одан кейін жай акция ұстаушылары ала алады.
Күн сайын бүкіл әлемде миллиард акциялар сатылады және сатып алынады. Бірақ, акциялардың бірнеше белгілі нарықтары бар. Корпорация өзінің алғашқы акцияларын шығаратын кезде инвестициялық банкке кепіл болу туралы өтініш жасайды.
Егер банк, шығарылымның кепілі болуға келісетін болса, ол компанияның шығаратын барлық акцияларын келісілген баға бойынша сатып алады да, кейіннен оларды сатып алушыларға акцияларды алғашқы ашық ұсыну арқылы сатады. Бұл жаңа эмиссия нарығы немесе алғашқы нарық деп аталады.
Алғашқы ұсыныс акциялары сатылғаннан кейін адамдар оларды шығарған компанияға тәуелсіз сатады және сатып алады. Қайталама нарық дегеніміз біз әдетте қор нарығы деп атайтын нарық. Қайталама нарықта адамдар тек акциялармен сауда жасап қана қоймай, сонымен қатар, корпоративтік және мемлекеттік облигацияларды айырбастаумен айналыса алады. Облигацияның пайыздық мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруіне тұрақты болатындықтан, олардың құндылығы жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Облигациялардың табыстылығына номиналға қатысты оның құнынынң артуы немесе кемуі әсер етеді. Табыстылық – баға мен жылдық пайыздың қатынасына сәйкес болатын облигация бойынша төленетін сомма. Қазынашылық вексельдер мен муниципалды облигациялар секілді мемлекеттік облигациялар алғашқы шығарылымнан кейін қайталама нарықта сатылады. Федералды резервтік жүйе жаңа қазынашылық вексельдер мен облигацияларды сатумен айналысады. Олардың өтелу мерзіміне дейін сатқысы келетіндер брокерлердің көмегіне жүгінеді. Муниципалды облигациялар инвестициялық банктер немесе ашық саудаластық арқылы шығарылады. Шығарылғаннан кейін олар брокерлер арқылы сатылады.
Қор нарығында адамдар акцияларды сатып алған ақшалар компанияларға емес, сол акцияларды сатқан адамдарға өтеді. Осыған орай, қосымша қаржыландыру қаражаттарын алуды көздейтін компаниялар үшін қор нарығы маңызды емес болып көрінуі мүмкін. Ал, шын мәнінде, қор нарығы маңызды рөл атқарады. Адамдардың шектеулі саны ғана алғашқы нарықта акциялар сатып ала алады, ал қайталама нарықтарсыз компанияларда қажетті күрделі ресурстарды қаржыландыруға байланысты қиындықтар тууы мүмкін. Қор нарығында бағалы қағаздарды айырбастайтын ұйымдастырылған орындар бар, мысалы, Нью-йорктік қор нарығы. Федералды үкіметке бағынатын бағалы қағаздар жөніндегі комиссия акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар нарығын бақылайды.
Инвесторлар мен фирманың қаржылық жағдайына қызығушылық танытатын тұлғалар пайда мен шығын туралы есеп беру және баланстық есеп берумен таныса алады. Баланстық есеп беруде компанияның активтері (олардың иелігіндегі) және пассивтері (қарыз капитал соммасы) көрініс табады. Актив пен пассив арасындағы айырма меншік капитал болып табылады. Пайда мен шығындар туралы есептемеде компанияның түсімдері мен шығындары айқындалады. Ол компанияның табыстылығы туралы мәлімет береді.
Кәсіпорындар өз пайдасые екі әдіс арқылы жұмсай алады: өз акционерлері арасында бөлуі немесе іске қосуы мүмкін. Компания жинақтарының басым бөлігі негізгі капитал амортизациясынан пайда болады. Амортизация деп құрал-саймандардың, мәшинелердің, жабдықтар мен басқа да капиталды ресурстардың біртіндеп тозуын айтамыз. Амортизациялық шығындар сатылатын тауарлардың бағасына енгізіледі. Осылайша, қаражаттарды сақтай отырып, компания ескі құрал – жабдықтарды жаңартып, қаражаттарды капиталды ресурстарға қайта инвестициялайды.
Компаниялар амортизациялық төлемдерді сатылған өнімнің түсімінен шегере отырып, жинақтауға міндетті. Жинақталған қаражаттарды компания бір бөлігі жаңа капиталды ресурстарды сатып алуға жұмсайтын пайда ретінді қарастырады. Бұл жинақталған пайда бөлінбеген пайда немесе табыс деп аталады. Бөлінбеген пайда, қосымша қаржыландыру көзі ретінде, әсіресе, жаңадан құрылған шағын және тез өсіп келе жатқан компаниялар үшін аса маңызды. Әдетте, бұл компаниялар өз акционерлеріне дивидендтерді төлемейді, сондықтан бөлінбеген пайда фирманың әрі қарай дамуы үшін пайдаланылады.
Әдетте, кәсіпорындар жаңа капиталды ресурстарға ұзақ мерзімді қарыздар арқылы инвестициялайды. Несиенің негізгі соммасы, көбінесе, несие мерзімінің соңында, ал пайыздар несие мерзімі барысында белгілі уақыт аралығында төленеді. Бұл ұзақ мерзімді қарыздар облигациялар деп аталады. Қарыз алушылар қажетті ақша қаражаттарын алады, ал несие берушілер үстінен төленетін пайыздардан табыс табады.
Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
Кәсіпорын қосымша қаражаттарды несие берушілерден ғана емес, сонымен қатар, жаңа меншік иелерін тарта отырып та ала алады. Капитал деп иелік етуді де айтамыз. Көптеген адамдар бұл әдісті капиталды қаржыландыру деп те атайды. Жалғыз иелік етуші өз иелігінің бір бөлігін «сатып», серіктестік құрып, қосымша қаражаттарды тарта алады. Серіктестік жаңа әріптестерді тарта алады немесе акциялардың бір бөлігін сатып, инкорпорациялана алады (яғни, корпорация болып құрылады). Жаңадан құрылған немесе бұрыннан қызмет етіп келе жатқан және ашық болуды жоспарлайтын корпорациялар жаңа акцияларды шығара отырып, капитал тартады. Бұл акцияларды алғашқы ашық ұсыну немесе акция эмиссиясы деп аталады.
ТЕСТ
1.Иесінің кәсіпорынды басқару мен тұрақты пайыз түрінде пайданың бір бөлігін алу құқығы растайтын бағалы қағаз қалай аталады?
А) жай акция
В) артықшылығы бар акция
С) облигация
D) дұрыс жауап жоқ
2. Акцияның облигациядан айырмашылығы-ол....
А) облигация қарыздық міндеттеме болып табылады және ол бірінші кезекте өтеледі, ал акция бойынша төленетін дивидендтер кепілденбеген
B) облигацияның номиналы акцияға қарағанда жоғары
C) облигацияның қайта сатып алу мерзімі жоқ, ал акцияда ондай мерзім бар
D) облигацияда табыс алу кепілдігі жоғары
3. Аталғандардың қайсысын қарыздық бағалы қағазға жатқызуға болады?
A) акция
B) облигация
C) артықшылығы бар акция
D) жоғарыда аталғанның барлығы
4. Облигациялық займ қаржыландырудың қай көзіне жатады?
A) меншік қаражаттар
B) қарыз қаражаттары
C) бюджеттік қаражаттар
D) мақсатты қаражаттар
5. Банктік несие қаржыландырудың қай көзіне жатады?
A) меншік қаражаттар
B) қарыз қаражаттары
C) бюджеттік қаражаттар
D) мақсатты қаражаттар
6. Кәсіпорынның табысы қаржыландырудың қай көзіне жатады?
A) меншік қаражаттар
B) қарыз қаражаттары
C) бюджеттік қаражаттар
D) мақсатты қаражаттар
7. Отандық кәсіпорынның қызметін қаржыландырудың басты көзі қандай?
A) шетел инвестициялары
B) меншік қаражаттар
C) бюджеттік қаражаттар
D) басқа көздер
8. Қазақстандық экономикада қосымша капиталды тарту үшін (бизнесті қаржыландыру) бағалы қағаздардың қайсысы көбірек эмитенттеледі?
A) жай акциялар
B) артықшылығы бар акциялар
C) облигациялар
D) вексельдер
9. Қазақстан Республикасында соңғы бірнеше жылда берілген несиенің шапшаңдығы қандай? Несиенің жалпы соммасы:
A) жылдан жылға өсіп келеді
B) жылдан жылға кеміп келеді
C) алғашқыда – көбееді, содан кейін кемиді
D) өзгерусіз
10. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акция бағасы:
A) алғашқы нарықтағы сондай ациялардың бағасынан жоғары
B) алғашқы нарықтағы сондай ациялардың бағасынан төмен
C) алғашқы нарықтағы сондай ациялардың бағасымен бірдей
D) алғашқы нарықтағы сондай ациялардың бағасынан жоғары да, төмен де болы мүмкін
Жауап бланкісі
|
Сұрақ № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
жауаптар |
D |
A |
B |
B |
B |
A |
B |
A |
A |
D |
ЕСЕП 1.
Есеп 1. 2000 мың теңгелік жарғылық қоры бар акционерлік қоғам (акциялардың номиналы 1000 теңге) қосымша тағы 1000 мың теңгеге 1000 жай акция және 500 мың теңгеге жылдық 20%-бен 5000 облигация шығарды. Есеп беру кезеңінде акционерлік қоғамның табысы 260 мың теңге болды. 1 жай акцияға төленетін дивидендтің соммасын анықтау керек. Корпоративтік салық мөлшері 30% -ға тең деп ескерілсін.
Шешуі:
Қайта эмиссияға дейінгі акция санын анықтаймыз:
2000000 / 1000 = 2000 дана
Облигациялар бойынша пайыздық төлемдердің мөлшерін анықтаймыз:
500000 Х 0.2 = 100000
АҚ салық салынатын табысын анықтаймыз:
260 – 100 = 160 мың теңге
Корпоративтік салық 160 Х 0.3 = 48 мың теңге
АҚ таза табысы:
160 – 48 = 112 мың теңге
Айналымдағы акциялардың жалпы саны:
2000 + 1000 (қосымша шығарылым) = 3000 дана
Дивиденд:
112000 / 3000 = 37 теңге/акцияға (немесе 37%)
Жауабы: 37 теңге/акцияға (немесе 37%)
Есеп 2. Төмендегі жағдайлар бойынша бір жай акцияға төленетін дивидендті анықтау қажет: АҚ жарғылық қоры номиналы 100 теңгелік 1000 жай акцияға және номиналы 2000 теңгелік 100 артықшылығы бар акцияға бөлінген. Артықшылығы бар акциялар бойынша тұрақты пайыз – 12 %. АҚ салық салынатын табысы – 260 мың теңге. Дивидендтерді төлеуге таза пайданың 90% жұмсалады деп күтілуде. Корпоративтік салық мөлшері 30% -ға тең деп ескерілсін.
Шешуі:
АҚ таза пайдасын анықтаймыз.
Корпоративтік салық мөлшері – 30 %, сондықтан таза пайда:
260 мың теңге Х 0.7 = 182 мың теңге
Дивидендтерді төлеуге арналған пайда:
0.9 Х 182 = 163. 8 мың теңге
Артықшылығы бар акция қандай соммаға шығарылғанын анықтаймыз:
100 Х 2000 = 200 мың теңге
Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтердің соммасы:
200 тыс. тг Х 0.12 = 24 мың теңге
Жай акциялар бойынша дивидендтердің соммасы:
163.8 – 24 = 139.8 мың теңге
Жай акциялар бойынша дивидендтер = Дивидендтер соммасы/ Акциялар саны=139.8 мың теңге/ 1000 = 139.8 теңге/акцияға
Жауабы: 139.8 теңге/акцияға
ТЕСТ 2.
-
Кез-келген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын беретін акция:
A) қарапайым
B) артықшылығы бар
C) айырбасталатын
D) A) және B) жауаптары дұрыс
-
Облигация акциядан немен ерекшеленеді:
A) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқын бермейді
B) бағалы қағаз болып саналмайды
C) қарыз алушының банкроттығы жағдайында оның мүлкін алуғы құқық бермейді
-
Қарапайым акция:
A) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқын бермейді
B) егер, акционерлердің жалпы жиналысы дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаса, онда дивиденд алуға құқық береді
C) жойылатын АҚА барлық қарызын жапқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді
D)жоғарыда аталғанның барлығы дұрыс
-
Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен облигацияның бастапқы бағасы:
A) көтеріледі
B) төмендейді
C) өзгермейд
-
Бірдей номиналы мен купоны бар екі - және үш жылдық облигациялар бар, пайыз мөлшерлемесі өзгермеген. Екі жылдық облигацияның бастапқы бағасы:
A) үш жылдық облигацияның бастапқы бағасына тең
B) одан жоғары
C) одан төмен
Жауап бланкісі
|
Сұрақ № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Жауаптар |
А |
А |
С |
А |
С |
ЕСЕПТЕР 2
Есеп 3. Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын сомманы есептеңіз
Шешуі:
Қайтарылатын ақшы қаражаттарының толық соммасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге
Мұнда 54 ай – ол 4.5 жыл
Жауабы: 1514.2 мың теңге
Есеп 4. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?
Шешуі:
Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:
150 Х 0.26 = 39 мың теңге
Кәсіпкердің алатын соммасы:
150 – 39 = 111 мың теңге
Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек
Жауабы: 111 мың теңге - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген