Материалдар / Бастауыш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бастауыш туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ер есімі – ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
ІІ жүргізуші:
1945 - тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында...
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?
І жүргізуші:
Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

Әсем:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

Көрініс:

Немересі: «Әже, әже бүгін менен асқан бақытты адам жоқ шығар. Жаңа өмірдің бапалдағын дәрігер болып аттағым келеді!»

Әжесі: «Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам!(деп, немересін жанына отырғызып, маңдайынан сүйеді. Әкесі жымиып, пышағын қайрап отыра береді,келіні(қызы ыдыс әкеле жатып, радиодағы хабарды есітіп тұрып қалады.)

(Ән «Священная война» қолындағы ыдыс түсіп кетіп келіні(қызы) жылап, бетін жабады)

Немересі:

  • Аттан! – деді ,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің ролін атқарады.

Неге үмітсіз тесілеің?

Аттан әке,

Жолыңнан кешігесің

Кеудесіннде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсізде несібесін(әкесін келіп құшақтайды)


  • Әкесі:

-Тыңда балам, тыңда күнім

Болуға жарап қолқанат

Кәрі анаң, сәби інің

Барлығы саған аманат
Әжесі:

  • Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау(қызым-ау) көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер

Келін(қыз):

  • Кебін киген өледі,

Кебенк киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса

Кешікпей келеді дейді(деп жарын(әкесін) жылап шығарып салады)
І жүргізуші:

Отан ана жырлағанда шерленіп,

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де

Қолдарына қару алды ерленіп.

ІІ жүргізуші:
Бұлт торлады аспанды

Қара қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан – жақтан.

Осылай соғыс басталды.

1- оқушы(Абзал)

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2 – оқушы (Ерлан)

Таң алдында сағат бесті соққанда

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау

Шекараға келіп ойран салғызды.

  1. - оқушы ( Шәкір А.)

Соғыс деген - аққан соры ақсүейктің құлдың да

Соғыс деген - төккен ары ұлдың да қыздың да.

Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы

Соғыс деген – соғыс деген – зұлымдықтың айнасы.

І жүргізуші:
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай - ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...

І жүргізуші:
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды - жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
ІІ жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген анын орындап шықты. Олай болса, сұрапыл соғыста елін және жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сө берейік.

4 – оқушы ( ) «Сен құрметте оны»

5 – оқушы ( ) «Екеуінде көтерді ол » Ж. Молдағалиев.

6 – оқушы ( ) «Мен соғысты жек көремін» Қ. Жұмағалиев.

7 – оқушы ( ) «Соғыс» Қ. Әбдіқадіров.
І жүргізуші:
Ұлы жеңіс
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата - анамыз,
Шаттан, аға - бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той - мереке,- деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
ІІ жүргізуші:
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

І жүргізуші:
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
ІІ жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызға 8 «Ә» сынып оқушыларын «Бейбіт күннің тілегі» әнімен ортаға шақырамыз.
ӘН «Бейбіт күннің тілегі»
І жүргізуші:
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды.

ІІ жүргізуші:
Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Олай болса, ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлімізбен және де сұрапыл соғыс жолдарында еңбек еткен тыл ардагерлері жайлы мәліметтермен таныса отырсақ.

8 – оқушы( ) Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз жайлы мәлімет.

9 – оқушы( ) Сұрапыл соғыс кезінде тылда еңбек еткен ардагерлеріміз жайлы мәлімет.
І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан жас ақындарымыз да кем емес. Ендеше Көмек Фаризаның « » атты жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!
10 – оқушы( )
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты.
11 – оқушы(
)
Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп тулап, басылды апат.
Мең - зең етіп, жер мен көкті,
Тынды - ау ақыр бір ғаламат.
І жүргізуші:
Жетпіс бір жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
Жетпіс бір жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері жетпіс бір рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары
ІІ жүргізуші:
Жетпіс бір жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Жетпіс бір жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
Ардагерге сөз беріледі

( )

Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
( )

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

І жүргізуші:

Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек. 

ІІ – жүргізуші:
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық, түрегел!

Мұғалім: Бүгінгі өнеге сабағымыз халқымыздың екінші дүние жүзілік соғыста жеңіске жетіп, бейбіт заман орнағанының 70 жылдығына арналды. Жас ұрпаққа жеңістің оңай келмегендігі туралы, соғыстың қасіреті туралы айта келіп, бейбіт заманның қадірін біліңдер, Отаныңды сүйіп, өз еліңнің патриоттары болыңдар! – дейміз.
І - жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Ер есімі – ел есінде!» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елімізді қорғап, Жеңіс туын желбіреткен аға - апаларымызды ұмытпау ұрпақ міндеті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!