400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Бастауыш" 4-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ 4-класқа ашық сабақ түрінде өтілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гулсара Рахметова ,бастауыш сынып мұғалімі,

Еңбекту орта мектебі

Әйтеке би ауданы , Ақтөбе облысы

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды анна тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі:Презентациялар (Сөзжұмбақ, ребус, суреттер).

Сабақбарысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Ұранды айтқызу.
2.Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық

Керегіні құрайық.

Уық болып иіліп

Шаңырақты құрайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


ІІІ. Өткенді еске түсіру.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Тілдерімен жүреді, 
Уақытты біледі. (Сағат)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3. Әшейінде жекесің, 
Қарай қалсаң екеусің. (Айна)
4. Өзі айлакер, өзі бір қу, 
Жүрген жері айқай шу.(Түлкі)
5.Өзі үлкен жануар, 
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
6.Құралы әрі ермегі –
Тоқитұғын өрмегі. (Өрмекші)
С
Ө
Й
Л
Е
М

Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3. Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Ребус шешу

Жауабы: Бастауыш

Күн жадынын,тақырыпты жаздыру.

2. Көркемжазу минуты.

Бб- әрпін жаздыру.

3. Суреттермен жұмыс.

Оқушылар суреттерден не көріп тұрғанын айтып,сұрақ қойып ереже құрастырады.

4. Ережемен таныстыру.
Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Жаңбыр жауды. (Не жауды?). оқушылар жазды. (Кім жазды?)

Оқулықпен жұмыс
24-жаттығу. Жұмабақтың шешуін тап.Әр сөйлемдегі бастауышты тап.(ауызша)

Дәптермен жұмыс.

22-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің астын сыз,оларға сұрақ қой.

23-жаттығу.Сөйлемдерді оқып,көшіріп жаз.Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз,оларға сұрақ қой.

Өзіндік жұмыс.

25-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Әр сөйлемдегі бастауышты тауып,астын сыз.


V. Сергіту сәті

VІ. Ойын: “Адасқан сөзді тап!”
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Не мөңірейді? Сиыр мөңірейді. Не кісінейді? Жылқы кісінейді. Не боздайды? Түйе боздайды. Не маңырайды? Қой маңырайды. Не ақырады? Арыстан ақырады
VІІ. Анаграмма шешу.



VІІІ. Қорытындылау.

Бастауыш дегеніміз не?

Қандай сұрақтарға жауап береді?


ІХ. Үйге тапсырма
28-жаттығу,65-бет

Х. Бағалау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі