400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш -білім бастауы 1класс ертеңгілік жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жыл соңындағы қоштасу ертеңгілік жоспары мұғалімдер үшін пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мукамбетказина Г.Н

«Бастауыш - білім бастауы»

Ән: « Әнші балапан»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Бастауыш – білім бастауы» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Өсті міне,бойларың Өсті ақыл – ойларың Қуанышқа ортақпыз Құтты болсын тойларың

Нұрын шашты көкте күн Өмірімнің көктемін Гүлдендірем деп келдім Алтын ұя мектебім,-деп кеше ғана 1 класқа аяқ басқан бүлдіршіндер бүгінде толық сауаттанып келесі сыныпқа аттағалы тұр.

Алты жастан кеткенім Еркеліктен кекенім Кітабымды қолтықтап Болашаққа беттедім

Алақайлап жүрегі Қуанышқа толып тұр Мамыр келіп асыққан Қоңырауын соғып тұр

Қоңыраудың жаңғырған Тәтті әуені ән-думан Әлдилеген әсем үн Біз бақытты балдырған,-дей келе кезекті бүлдіршіндерге берейік.

1.12 жылдық мектептің аштым есігін Жангүл Тербетті мені бастауыш білім бесігі Бір жылым өтті жаныңда сенің ұстазым Жол сілтеп маған негізгі басқыш тізгінін

2.12 жылдық оқу менің бастамам Бикелді Бастауыштан білім жолын бастағам 12 жылдық білімнің шығып биігіне Белімді буып батылдықпен аттанам

3.12 жылдық оқу менің бастамам Інжу Ұстаз да мен де жүрексіне бастаған Бүгінде біз қуаныштан шаттанамыз Болашаққа мол сеніммен аттанамыз

4.Бастауышым-бастамам Рүстем Білім жолын бастаған Білім шыңы биікте Беліңді бу жас данам

5.12 жылдық бастауым Гүлнафис Сәтті қадам бастадым Біліп көрдім оқуды 1жылды артқа тастадым

6.Мен үйрендім білімді Тарғын Төктім бар ой терімді Ұқтым , күліп ойнадым Көтеріп бір сәт көңілді

7.Оқуды көп ойладық Дильназ Қызығына тоймадық Мәнерлеп оқып үйреніп Сауат аштық,тойладық

8.Оқитын әрі жазатын Әліби Білімге қол созатын Оқушы болдық сауатты Білімнің кенін қазатын

9.Жыл бойына білім берген мәпелеп Гүлхан Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп Рақмет сізге,алғысымыз көп біздің Әрқашанда жүреміз біз дәріптеп

10.Бұл мереке сенің арқаң анашым Дархан Бір мен үшін керектіні табасың «Балаң жақсы» деген сөзді естісең Күлімсіреп қуанып бір қаласың

11.Мен бүгін бұрынғыдан саналымын Аймарал Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім Дәптердің жазылмаған ақ парағы Аяулы 6 жасар балалығым

12.Сап түзедік бәріміз Нұрғали Алты ұл мен сегіз қыз Бүгінгі күн үлкен сын Сүрінбестен жүрерміз

13.Ал қараңыз , ағайын Ынтымақ Шетімізден шеберміз Тақпақ айтып,ән шырқап Би де билеп береміз

14.Қабыл алшы ұстазым Бану Қабыл алғын ата-ана Арналсын бүгін жыр-әнім Осы отырған баршаңа



Концерттік номерлер:

Жүргізуші:Бақытқа ,шаттыққа

Толар әр күніміз

Өйткені,біз тәуелсіз елдің

Ерке ұланымыз



Көкте – күніміз

Жерде – гүліміз

Кіршіксіз жайнаған

Тәуелсіз елдің еркін ұланымыз



Еліміз аман,балалар бақытты болсын!Көгімізде күлімдеген күн әрқашан сөнбесін!



Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 шілде
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі