Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Бастауыш әдістеме бірлестігінің 2022-23 оқу жылындағы отырыстар хаттамалары
Бастауыш әдістеме бірлестігінің 2022-23 оқу жылындағы отырыстар хаттамалары
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш әдістеме бірлестігінің 2022-23 оқу жылындағы отырыстар хаттамалары жылдық жоспар бойынша толық жазылған.Хаттамаларды оқи отырып ,жылдық жоспар жасап ала аласыз.Әдістемелік көмегі мол.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Сүлейман Демирел атындағы
мектеп-интернат-колледж» мекемесі
Бастауыш әдістеме
бірлестігі жиналысы
Алматы
26.08.2022ж.
№1
ХАТТАМА
Қатысқаны: 13 Қатыспағаны:
жоқ
КҮН
ТӘРТІБІ
І әдістемелік кеңес
отырысы
1.2022-2023 оқу жылына пән
әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарын толықтыру,
бекіту;
2.ҚР жалпыға міндетті білім беру
стандарттары талаптарына, типтік бағдарламаларға сәйкес оқу пәндері
бойынша КТЖ т.б. құжаттарды дайындау,
бекіту;
3.2022-2023 ж. оқу жылына жеке
өзіндік білім көтеру, педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
институтына қатысу жоспарын құрастыру.
4.Мұғалімдердің оқушылармен
ғылыми жұмыстарға басшылық жүргізу жоспарын
бекіту.
4.Өзара сабаққа қатысу кестесін
жоспарлау және бекіту.
1.ТЫҢДАЛДЫ:2022-2023 оқу жылына пән
әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарын толықтыру,
бекіту.
СӨЙЛЕДІ:Әдістемелік бірлестік
жетекшісі Жунисова Г.А. сөз алып:2022-2023 оқу жылына пән
әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарын ұсынды. Ол жоспарда тоғыз айға
арналған біздің барлық жұмыстарымыз қарастырылған. Төменде жоспар
үлгісі:
Мазмұны
Мерзімі
Орындаушы
2021-2022 оқу жылына пән
әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарын толықтыру,
бекіту.
Тамыз
қыркүйек
ҚР жалпыға міндетті білім беру
стандарттары талаптарына, типтік бағдарламаларға сәйкес оқу пәндері
бойынша КТЖ т.б. құжаттарды дайындау,
бекіту.
2022-2023 ж. оқу жылына жеке
өзіндік білім көтеру, педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
институтына қатысу жоспарын
құрастыру.
2022-2023 оқу жылында
мұғалімдердің шығармашылық жоспарын, аттестатталатын мұғалімдердің
жеке жоспарларын қарау, тізімін
бекіту.
Мұғалімдердің оқушылармен
ғылыми жұмыстарға басшылық жүргізу жоспарын
бекіту.
А)Мектепішілік ғылыми жоба
байқауын өткізу
Өзара сабаққа қатысу кестесін
жоспарлау және бекіту.
Жас мамандармен
жұмыс.
Қазан
ҚМЖ үлгілерін
талқылау.
Қазан
І тоқсанның қорытындыларын
талқылау.
Қараша
БЖБ, ТЖБ-лардың
модерациясы.
Қараша
Апталық барысын
талқылау.
Қараша
Пән мұғалімдерін жаңа
педагогикалық-инновациялық әдіс-тәсілдермен
таныстыру.
Желтоқсан
ТАТ емтиханына дайындық
барысын бақылау.
Желтоқсан
Lesson Study әдісінің
тиімділігі және
қолдану
Желтоқсан
І жарты жылдық қорытындысын
шығару.
Қаңтар
1-сынып оқушыларының оқу және
жазу дағдыларын тексеру
Қаңтар
Бастауыш сынып апталығын
өткеру. Мұғалімдердің өз сабақтарына жасалған рефлексияларын
талқылау.
Қаңтар
Республикалық конкурстарға
қатысу
Ақпан
БТС-қа дайындықты
бақылау.
Ақпан
Өзара сабақтарға қатысуды
ұйымдастыру, талдау жасау.
Ақпан
ІІІ тоқсан қорытындысын
шығару, көрсеткіштерін
салыстыру.
Наурыз
Бастауыш сынып апталығын
өткеру.
Наурыз
Білім көрмесіне
дайындық.
Наурыз
Бітіруші 4- сыныптардың
дайындықтары мен нәтижелерін қарау,анализ
жасау.
Сәуір
Олимпиадалар мен ғылыми жоба
сайыс қорытындыларын шығару.
Сәуір
Оқытушылардың өзара сабаққа
қатысуын талдау.
Мамыр
Оқытушылардың 2022-2023 оқу
жылында атқарған жұмыстарының
есебі.
Мамыр
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.2022-2023 оқу жылына пән
әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарықанағатты деп табылсын және
бекітілсін.
2.ТЫҢДАЛДЫ:ҚР жалпыға міндетті білім беру
стандарттары талаптарына, типтік бағдарламаларға сәйкес оқу пәндері
бойынша КТЖ т.б. құжаттарды дайындау,
бекіту;
СӨЙЛЕДІ:Директордың бастауыш сынып оқу
ісі жөніндегі орынбасары Е.Шындәулетов сөз
алып,ҚР жалпыға міндетті білім беру
стандарттары талаптарына, типтік бағдарламаларға сәйкес оқу пәндері
бойынша КТЖ т.б. құжаттарды дайындап, бекіттіру туралы әдістемелік
бірлестік жетекшісіне тапсырма берді. Барлық мұғалімдер өз пәндері
бойынша КТЖ ларын және ондағы БЖБ, ТЖБ сағаттарын, уақытын анықтап,
бағдарламаға сәйкес қоюларын тапсырды. Биылғы бағдарламада бір
сағаттық пәндерден тек БЖБ ғана алынатынын және ол пәндер тек
жартыжылдықта қорытылатындықтан баса назар аудару қажеттігін
ескертті.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.ҚР жалпыға міндетті білім беру
стандарттары талаптарына, типтік бағдарламаларға сәйкес оқу пәндері
бойынша КТЖ т.б. құжаттарды дайындау, бекіту әдістемелік бірлестік
жетекшілеріне жүктелсін.
3.
ТЫҢДАЛДЫ:2022-2023 ж. оқу жылына жеке
өзіндік білім көтеру, педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
институтына қатысу жоспарын
құрастыру.
СӨЙЛЕДІ:Директордың бастауыш сынып оқу
ісі жөніндегі орынбасары Е.Шындәулетов2022-2023 ж. оқу жылына жеке
өзіндік білім көтеру, педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
институтына қатысу жоспарын құрастыру туралы түсіндіріп айтты. Онда
әр мұғалім кемінде үш жылда, бес жылда өз білімін көтеріп,
біліктілігін арттыруға дайын болып жүруі қажеттігін ескертті.
Биылғы жылдың мектептегі жоспарында көптеген мұғалімдерге білім
көтеру қажеттігін айтты. Жоспарлы түрде де, жоспарланбаса да өз
пәніңізге қатысты курстарға қатысқан жөн.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.2022-2023 ж. оқу жылына жеке
өзіндік білім көтеру, педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
институтына қатысу жоспарын құрастыру қанағатты деп
табылсын.
4.
ТЫҢДАЛДЫ:Мұғалімдердің оқушылармен
ғылыми жұмыстарға басшылық жүргізу жоспарын
бекіту.
СӨЙЛЕДІ:Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Е.Шындәулетов – Биылғы оқу жылына арналған ғылыми
жұмыстар жоспары да әр мұғалімде болуы тиіс. Түрлі сайттардан,
қалалық, республикалық маңызы бар «Дарын» орталықтарынан берілетін
ғылыми жобалар жарыстарына оқушыларыңызды дайындап барыңыздар.
Қазір кімнің алдында ғылыми жобаларға жоспар болса, соны
толықтырып, сентябрь айында аудандық білім басқармасына сұранысты
беруіміз керек.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.Мұғалімдердің оқушылармен
ғылыми жұмыстарға басшылық жүргізу жоспары түзілсін және
талқылансын.
5.
ТЫҢДАЛДЫ:Өзара сабаққа қатысу кестесін
жоспарлау және бекіту.
СӨЙЛЕДІ:Бастауыш әдістеме бірлестік
жетекшісі Жунисова Г.А.сөз алып, осы оқу жылына өзара сабаққа кіру
кестесін түзетінін, ол жаңадан шығатын сабақ кестесіне орай
болатынын айтты. Мұғалімдеріміздің дені жастар болғандықтан
тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кірген өте маңызды екендігін
айтты. Ашық сабақтар жоспарын ертерек беріп қоюларын
ескертті.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.Өзара сабаққа кіру кестесі
талқылансын және бекітілсін.
Әдістемелік бірлестік
жетекшісі: Жунисова Г.А..
Хатшы: Көшербай
Э.Қ.
Сүлейман Демирел атындағы
мектеп-интернат-колледж» мекемесі
Бастауыш әдістеме
бірлестігі жиналысы:
Алматы
26.10.2022ж.
№2
ХАТТАМА
Қатысқаны: 13 Қатыспағаны:
жоқ
КҮН
ТӘРТІБІ
2әдістемелік кеңес
отырысы
1.Мұғалімдердің оқушылармен
ғылыми жұмыстарға басшылық жүргізу жоспарын
бекіту.
2.Ағымдағы мәселелер.Жас
мамандармен жұмыс;
2.БЖБ,ТЖБ үлгілерін талқылау. Жунисова
Г.А.
1.ТЫҢДАЛДЫ:Жас мамандармен
жұмыс.
СӨЙЛЕДІ:Әдістемелік бірлестік
жетекшісі Жунисова Г.А. сөз алып, биылғы оқу жылында жас маман жоқ,
дегенмен былтыр келген Башимкулова Жадыра, Искакова Жұлдызай әлі де
тәжірибеге жинақтауға көп еңбектену, іздену қажеттігін айтты. Бұл
мұғалімдердің еңбек өтілінің биыл екінші жылы басталды. Ең бастысы
өз сабақтарына ниянақты дайындық жасап, күнделікті ҚМЖ болуы,
эдупейджге тапсырмалар мен бағаларды уақтылы қойып отыруды ұмытпау
керек. Жылдық жұмыс жоспарларыңыз болуы қажет. Тоқсан сайын БЖБ,
ТЖБ талдауларын өткізіп отыру, ашық сабақтар жоспарын бекіттіру,
ғылыми журналдарға мақала беру секілді де жұмыстарды қоса атқару
керектігі ескертілді.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
1.Мектепішілік ғылыми жобалар
байқауы өз деңгейінд өтсін.
2.Жас мамандармен жұмыс
жоспарлы жүргізілсін.
2.ТЫҢДАЛДЫ:БЖБ,ТЖБүлгілерін
талқылау.
СӨЙЛЕДІ:Екінші мәселе бойынша бастауыш
әдістеме бірлестік жетекшісі Жунисова Г.А. сөз алып, әр сабағымызға
Қалыптастырушы бағалау жасап, БЖБ мен ТЖБ дайындықты жүргізіп
отыру, өте маңызды екені ескертілді. ҚМЖ-ның соңғы үлгілерін
баршамыз білеміз, онда аздаған өзгерістер бар. Ең бастысы, сол
жердегі мақсаттарды орындау қажет. Жаңартылған білім мазмұнына сай
сабақтар жүйесі болуы қажет. ҚМЖ-ны қағаз түрінде де, электронды
түрде де алып жүруге боладыӨз оқушыларыңыздың ынтасына, деңгейіне,
жас ерекшеліктеріне орай, мақсаттарға қол жеткізетін нәтижені
есепке алып жазып жүріңіздер.
ҚАУЛЫ
ЕТТІ:
ҚМЖ үлгілерін әр сабаққа
дайындап баруды әдістемелік бірлестік жетекшісі
қадағалансын.
450 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз