400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектеп сатысы – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының ең алғашқы бастамасы болып табылады. Болашақта жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта мектепте қаланбақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті КЕАҚ"

Педагогика және психология институты


Тақырыбы : Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы.

Кілтсөздер : бастауыш мектеп , тәрбие , жаңа техналогия ,мұғалім оқушы,білім беру,оқыту , формация ;

Аңдатпа : Бастауыш мектеп сатысы – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының ең алғашқы бастамасы болып табылады. Болашақта жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта мектепте қаланбақ. 



Менің ойымша жаңа техналогиямен бағдарланған оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз.  Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – ол әрине оқу . Ал біз сол оқуды алғашқы қадамды бастауыш сыныптан бастаймыз . Жалпы айтқанда оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт болып табылады . Негізі білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы,жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына міндеттерді жүктеп ,жаңа іс-әрекеттерге жетелеп ,одан әрі дамытады .

Қазіргі кезде жаңа форматтағы жаңашыл мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші, сабаққа қойылған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтиженің орындалуын қадағалаушы болып табылады . Негізі әрбір  ұстаз әр баланың талабын оның ішкі жан дүниесін түсініп жүрегінен ұға алу керек . Жаңа формация мұғалімі -бұл пәндік білім жүйесінің, іскерлік пен дағдының, кез келген ғылыми білім сапасын меңгерген маман ғана емес, оқыту технологиясының жүйесімен, оқушылардың өмірге дағдыландыру , айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерімен қаруланған тұлға болуы керек .  Ал оқушыға келсек ол  ізденуші, білімді өз бетімен меңгеріп, тақырыптың мақсатына өзі жетуі керек болады . Оқу кезіндегі  жаңа тәсілдер  балаларға оқуды өз бетінше жалғастыруға қажет білімді жинап жауапкершілігін түсінуге, оны қалай өз мойнына алуға болатынын көрсетуге септігі тиеді .

Жалпы білім беру  бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін оқуды даралай отырып, барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды саралау қажет деп ойлаймын. Оқытуды саралау дегеніміз не екеніне тоқталсақ ол оқушылардың арнайы оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бағдарламасын қарай бейімдеу болып табылады . Негізгі білім беру
бағдарламасының
 мақсаттары, оқыту әдістері, бағалау әдістері, ресурстар мен оқу жаттығулары жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп жоспарлау керек болады .

  Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.Қазіргі таңда  бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі болып келеді.
Сонымен қатар ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды екен. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын мұғалімдер меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.Қазіргі кезде жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына оң әсерін тигізері анық .

Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Біз мұғалімдер балаларды тәрбиелей отырып оқытамыз . «Тәрбие тал бесіктен басталады». Ал сол тал бесік бастауыш сыныпқа аяқ басқан сәт . Сол сәттен бастап біз балаларға дұрыс бағыт бағдар беріп оқытамыз . Жалпы тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға , күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп екенін білеміз .  Ал бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру , жаңа техналогияны меңгеріп дамту болып табылады .Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы деп есептеймін !



Бөрібай Шұғыла

ПМНО 207






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі