15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш білім беру жүйесінде математика сабағы арқылы оқушылардың логикалық ойлау,таным қабілеттерін дамыту.
Алматы обылысы
Іле ауданы
Чапаев ауылы
«№10 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Сейпулаева Алма Адиевна
Бастауыш білім беру жүйесінде математика сабағы арқылы оқушылардың логикалық ойлау,таным қабілеттерін дамыту.
Бүгінгі таңда бастауыш білім беру жүйесінде математиканы оқыту- күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім,білік дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру үрдесі – оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісі мен тығыз және табиғи байланыста жүргізіледі .Сондықтан математикалық сабақтар балаларды ғылыми көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілеттерін дамытуға , ақыл –ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге ,оқуға қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға ,жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді. Бүгінгі күнде мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі, қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі –математика.
Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді . Атап айтқанда, байқампаздыққа ,ойлауға, талдау және талқалау жүргізуге , қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтана-ды,адамның ақыл –ойының жетілуіне көмектеседі.
Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту төменгідей өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жеткізуді көздейді:
-
Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім,білік және дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
-
Тәрбиелік : шынайы ғылыми дүниетанымдылық көзқарасты , жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру.
-
Дамытушылық : логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
-
Іс-тәжірибелік: меңгерген математиаклық білімдерін нақтылы жағдайларда тәжірибелік есептерді, мәселерді шешуде қолдана білумен байланысты біліктілік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға,оны оқытып- үйретуді жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе –оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады .
Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау;
1.Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдынғы қатарлы өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш сынып үшін анықталған мөлшерден кем болмауы;
2. Бастауыш сыныптын соңына қарай оқушылардың білім ,білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буының алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
3. Балалардың жас және психологиялық ерекшкліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау,зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соңын ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны дамыта түсу;
4. Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру ,қарастыру ретін анықтау материалдарды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу ,кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және математикалық бастауыш курсын орта мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айландыру;
Ғылыми техникалық үрдістің өте шапшаң қарқынмен дамуы ой еңбегін және оқыту үрдесін айрықша сапалы түрде жетілдіріп, білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілерін тауып,оларды іс-тәжірибеге енгізу, оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйретуді талап етіп отыру. Оқушылардың оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін,ең алдымен оларды қызықтыру керек. Математика сабағында қызықты есептерді пайдалану осы функцияны орындауға мүмкіндік береді.Қызықты есептер-ойды,зейінді ұштайтын тартымды есептер болуы мүмкін. Оқушылардың білімге құштарлығын оятып,белсенді ой -әрекетін жаттықтырып, алған білімін тереңдету мақсатында өз бетінше ізденуін қадағалай отырып,өз бетімен жұмыс жасауға және стандартты емес есептерді шығара білуге баулу керек.
Бүгінгі таңда еліміздің қай деңгейде болмасын оқушылардың білімін тексерудің негізгі түрлерінің бірі тестілеу әдісі болып отыр.Бұл әдістің біріншіден,оқушы білімін бағалауға мұғалімнің субьективтік көзқарасының әсері болмауын қамтамасыз етсе,екіншіден аз уақыт береді.Жалпы оқушы сабақтан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту үшін тек мәселесіне сүйенбей,қосымша іздену жұмыстарымен айналысуы керек.
Н.И.Болдырев,М.А. Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып,талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды.Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей,оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі атықталған.
Ұстаз еңбегі-оқушы біліммен өлшенеді десек,ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін,өмірді,әлемді тынып білуге,қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында мына төмендегідей қаситтері болу керек:
• Мұғалім, өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білу керек;
• Мұғалім, ой-өрісін кең, жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болу керек ;
• Мұғалім, үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет;
Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білу қажет.
• Оқушы ой-жүйесі өзінің білімне берік болуы тиіс;
• Оқушыда сабаққа деген құлшынысы тұрақты болғаны жөн;
• Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
• Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді;
Жаңа ғасыр мектебінің басты мақсаты- баланың ой-өрісін дамытып , өзіндік дүниетанымы бар тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін 4 түрлі негізге сүйену керек: мемлекет,мектеп, ұстаз, ата-ана.
Қорыта айтқанда ,оқушы бойында танымдық , шығармашылықты логикалық ой-өрісті дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей күнен-күнге дами түсу қажет.
Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып,сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген