400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары бағалаудың жаңа жүйесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей ХХІ ғасыр–ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Бүгінгі білім беру үр-дісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Сонымен қатар сындар-лы оқытудың пайдасы өте зор. Оқушыларды диалогқа түсіру арқылы сыни ой-лауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жо-ғары болу керек екенін бәріміз де білеміз. Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновация-лық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары мен заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы














«Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары бағалаудың жаңа жүйесі»
















Абылкасымова Айдана











«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,
оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»

Г. Галилей


ХХІ ғасыр–ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Бүгінгі білім беру үр-дісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Сонымен қатар сындар-лы оқытудың пайдасы өте зор. Оқушыларды диалогқа түсіру арқылы сыни ой-лауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жо-ғары болу керек екенін бәріміз де білеміз.

Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновация-лық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары мен заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, сабақта түр-лі техниканы және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың заманауи интерактивті әдіс-тәсілдердің қолданудың тиімділігі.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәй-кес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты сана-лады.

Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау–өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын бо-лады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып та-былады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен. Сон-дықтан да мен оқушыларды ойландыратындай ашық сұрақтарды көбірек пайда-ланғанды жөн көрдім.

Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман тала-бына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сон-дықтан да сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды сабақта

қолданамын.
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдер-дің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байла-нысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог бо-лып табылады. Мен әр сабағымда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға мән бере-мін.

Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта-рымда қолданып, оның жемісін көрудемін. Атап айтсам, «Білім биржасы», «Аквариум», «Постер», «Фишбоун», «ТВ шоу», «Ыстық орындық», «Ақылдының алты қалпағы», «Блум текшесі», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі» әдістері. ТВ шоуға оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, белсенділік танытқанын байқадым. Оқушылар «Кешкі тамақты қай кезде ішкен дұрыс?» сияқты түрткі және ашық сұрақтарды қоя білді. Жалпы ТВ шоу бағдарламасына оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысып, диалогтік қарым-қатынасқа түскенде емін-еркін сөйледі. Бұл бағдарламада оқушылардың ойлау, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттері артып, тіл байлығы, сөздік қоры диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты. «Блум текшесі» әдісін қолданғанда «Қандай?» сұрағына «Жүйке жүйесінің қызметі қандай?», «Не үшін?» сұрағына «Адамға жүйке жүйесін күту, сақтау қажет пе? Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақты «Неліктен басқа ағзаларға қарағанда ең бірінші жүйке жүйесі шаршайды?» ашық сұрақтарымен оқушылар толықтыра білді. Ол әдістің оқушылардың сыни ойлай білуіне септігін тигізеді. «Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, тал-қылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым.

«Ақылдының алты қалпағы» - Эдвард де Боно әзірленген әдістеме, ол әр-түрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүм-кіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.[1. 73-бет] Бұл әдісті қолдануда оқушылар фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере бі-луге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қа-лыптасты.

Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқу-шыға жақындай түсуге мүмкіндік туды.

Ақылдының алты ТВ шоу Ыстық орындық

қалпағы

Білім биржасы Даналық ағашы Блум текшесі Фишбоун

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында, оқу-шының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқу үдерісі мен материалды терең иге-руге ықпал етті. Оқу барысында, оқушылар оқшауланып қалмады. Бірлескен жұмыстарда, үнемі бір-біріне қолдау жасап, топтық рух мадақтау көрініс табуы, олардың арасында топта жұмыс істеу, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабі-леттері қалыптасты.

Диалогтық интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізіл-ген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті ойлауына әсер етеді. Диалогтық қатынаста сұрақ түрлерін қою түрлерін қолдану маңызды әре-кеттеріміздің біріне айналды. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдай-да сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әр түрлі техника-ларын пайдаландым: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы керек. Қайта бағыттауға арналған сұрақтарда мысалы, «Топ мүшесіне көмектесе ала-тындар бар ма?» Мен өз тәжірибемде, оқушылардың жауаптарының ұзақ-тығына қарамастан, күтіп басқа оқушыларға бағыттап отырамын. Сол арқылы диалогтық қарым-қатынастың жақсаруын бақылап, әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігіне түрткі болады.

Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұға-лім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесінде оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті. Сабақтың ба-рысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұт-қырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың бел-сенді болуға, дәлелдерді талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қо-ғам мен мектептің басты талабы. Осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айыр-машылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады. Осы уақытқа дейінгі өткен сабақтарым бойынша: мотивациясы төмен оқушы сабақта мұғалімнің көмегімен, жетелеуімен ойын жеткізе алмайтын еді, ал жаңа әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі оқушы топпен жұмыс істеу кезінде топтағы оқушылармен ілесіп, өз ойын жеткізіп, сабаққа қызығушылық танытып, өздігінше қосымша материалдар іздеп, өзінің шығармашылығын көрсетуде. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне ықпал жасап, сабаққа қызығушылығымен қатар өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бі-рінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі үйретіп жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқыт-қан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы се-німсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біре-уі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жа-тады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, көшбасшылар қа-сындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жаңашырлықпен көмектесе баста-ды. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін оқушыларға көп еркіндік беріп, оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақ-тарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір - біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Менің бір ой түйгенім оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқу-шылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыт-таудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Негізі модульдер өзара тығыз байланысты. Тығыз байланысты дейтін себебім, мысалы сыни тұр-ғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұға-лім оқушыны марапаттап, қолдап жатса, бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым – қатынас жасайды екен. Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек, сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.
Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, пәндерді оқыту барысын-да алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.


Пайдаланған әдебиет:


[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей ІІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж.

Үлестірме материалдар екінші апта.
[2] «Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» C. Бич, 2012ж

[3] Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

www.cpm.kz

[4] Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы, 2014ж.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі