Мен Хуанғанқызы
Назерке, 14.10.24-07.12.24 жж. Қарағанды қаласы
«Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «байқау» іс-тәжірибесінен
өттім.
Іс-тәжірибеде маған 2 «ғ» гимназия сыныбы бекітілді. Сынып
жетекшісі Шагалакова Жанар Бақытқызы болды. Жалпы сыныпта 28 оқушы
бар. Олардың 16-сы қыз балалар, қалған 12-сі ұл балалар. Сыныптың
жалпы танымдық бағыты жақсы. Сынып математика сабағынан көп
қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (дүниетану, жаратылыстану)
алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Сынып
барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы
коммуникативті.
Іс-тәжірибенің алғашқы аптасында сыныпты, мұғалімнің сабақ өткізуін бақылап, оқушылармен жақынырақ таныстым. Сыныпты бақылай отырып мұғалімнің қосымша тапсырмаларын орындауға көмектестім. Оқушылармен бірлесіп шығармашылық жұмыстар орындадық. Ермексаздың орнына қамырды пайдаланып, оған түрлі бояғыштар қосып еліміздің көк байрағын мүсін түрінде жасадық.

Екінші аптада Республика күніне орай сынып ішінде интеллектуальды сайыс өткіздім. Бұл сайыс оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, олардың алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеулеріне көп септігін тигізді. Сайыс барысында «топтық пазл», «кроссворд», «қызықты ұйқастар», «кім шапшан» әдістерін пайдаландым. Сонымен қатар бәсеке барысында өткен сабақтағы тақырыптарға да шолу жасап, балалардың білімдерін бір сынап өттік. Сайыстың соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Дарынды оқушыларым өз өнерлерін паш етіп, сыныптастарының ыстық ықыласына бөленді. Бағдарлама аяғында әр топқа мақтау қағаздарын таратып, шағын сый-сияпаттар табыстадық. Басқа оқушылардың оқуға қызығушылықтарын, талпыныстарын ояту мақсатында да жұмыс жасадық. Тоқсан бойы кітапқұмарлығымен, ақылдылығымен, білімге құштарлығымен, тапқырлығымен, өнерпаздылығымен көзге түскен оқушыларды да назардан тыс қалдырмай, арнайы эмблемалар табыстадық. Осылай біз оқу жылының алғашқы тоқсаның тәмамдадық.

Екі апталық демалыстан кейін іс-тәжірибенің үшінші аптасы жалғасын тапты. Бұл апта өте қызыққа толы болды. Сынып жетекшімнің екі апталық оқуға кетуіне байланысты, аптаның алғашқы күнінен бастап сабақ өткізу, сыныптын барлық жауапкершілігін өз мойныма алдым. Осы уақыт аралығында ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болдым. Сабақ өткізу барысында барлық оқушылардың назарларын өзіме аудару қиынға соқты. Бірақ, бұл мәселенің де шешімін табуға тырыстым. Әр сабақ басында оқушылармен қызықты психологиялық ахуал жасатып, сабаққа деген қызығушылықтарын ояттым. Өткізген сабақтарыма тоқталсам: математика пәнінен «Екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай жазбаша қосу және азайту», «Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша азайту» тақырыптарында сабақ өткізіп, есептер шығардық. Қазақ тілі пәнінен «Мәтін дегеніміз не?», «Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?», «Мәтіннің құрылымдық бөліктері» тақырыбында жаңа сабақтар өткіздім. Оқушылардың жаңа тақырыпты тез меңгеріп кетулері үшін түрлі ойындар ойнатып, қызықты тапсырмалар орындаттым. Оқушыларға түрлі платформалар арқылы (quiziz, wordwall, edform, educoplay, classroom screen) тапсырмаларды ойын түрінде өткіздім, түрлі көрнекіліктерді пайдаландым. Әр жаңа сабақтың басында 5 минуттық тапсырма орындаттым. Онда оқушылардың өткен тақырыпты толық менгергендіктерін бақылау мақсатында үлестірмелі карточкалар тараттым. Апта соңында балалардан тесттік жұмыс алынды. Оқушылар мәтіннің бөліктерін сәйкестендіріп, оларға жоспар құруды, мәтіннің негізгі ойын табуды, мәтінге ат қоюмен қатар мәтін түрлерін ажыратуды да меңгерді. Әдебиеттік оқу пәнінен «Білімді бол. Оқуға шақыру», «Бұрынғы кездегі оқу. Мектеп», «Білімді бала. Оқымысты бала» тақырыптарында сабақ өткіздім. Бұл сабақта мен қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс орнатуға тырыстым. Оқушылар танысқан мәтіннің түрін анықтап, бөліктеріне ат қойып, оқыған шығарманың негізгі ойын табуға машықтанды. Жаратылыстану пәнінен «Адам денесінің құрылысы қандай?», «Адамның қозғалуына не көмектеседі?» тақырыбында жаңа сабақ өткіздім. Бұл тақырыптарды толық ашу үшін еңбекке баулу пәнімен пәнаралық байланыс орнатуға тырыстым. Оқушылармен бірлесіп ватный диск пен палочкалар арқылы адам қаңқасын жасадық. Қаңқа жасау барысында оқушылар адам денесінің құрылымдық бөлшектерімен және олардың атқаратын қызметтерімен толықтай таныс болды. Дүниетану пәнінен «Біздің мектеп» тақырыбында сабақ өткіздім. Оқушылар мектептегі қызметкерлер мен олардың атқаратын қызметтерімен таныс болды; «Мектепке не үшін келемін?» тақырыбында шағын шығарма жазды.
Іс-тәжірибемнің кезекті үшінші аптасында бастауыш сыныптары апталығы аясында 2-сыныптар арасында «brain rain» интелектуаллдық сайысын өткізуге ат салыстым. Сайыстың өткізу барысын сынып жетекшіммен жоспарлап, түрлі тапсырмалар ұйымдастырдық. Сайыс 6 раундтан тұрды. Бұл сайысты өткізу барысында мен көптеген жаңа платформалармен таныс болдым, өзіме көп тәжірибе жинақтадым. Атаулы сайыста менің сыныбым 2-орынды қанжығаларына байлады.

Осылай төртінші аптаға да табан тіредік. Бұл аптада математикадан «Сандар тізбегі» , «Есептеудің тиімді тәсілдері» атты тақырыптарда сабақ өткіздім. Оқушы балаларға бұл тақырыптарды меңгеру қиынға соқпады. Олар бұл тақырыптарды еш қиындықсыз қабылдады, әрі балалар үшін қызықты тақырыптың бірі болды. Қазақ тілі пәнінен алдынғы өткен тақырыптарды пысықтау сабақтарын өттік. Сабақ барысында әр-түрлі әдістер мен ойындарды пайдаланып оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерлерін арттырдым. Кейінгі сабақта бөлім бойынша жиынтық бағалау алынды. Әдебиеттік оқу пәнінен «Жақсылыққа жақын бол. Қулық» , «Кітаптың тарихы. Ең керемет кітап» , «Кітапты күтіп ұста. Ең керемет кітап» атты тақырыптарда сабақ өткіздім. Оқушылар оқыған мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын тауып, өлен жолдарын жатқа айтты. Бұл сабақтар арқылы біз мектеп кітапханасына саяхат жасадық. Мектеп кітапханашысы балаларға алғыс ретінде Лев Толстойдын балаларға арналған әңгімелер жинағын сыйға тартты. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтары артты. Жаратылыстану сабағынан «Адамның қозғалуына не көмектеседі?» тақырыбында жаңа сабақ өткіздім. Оқушыларға адам денесіндегі бұлшықеттің маңызын түсіндіріп, оларға үй тапсырмасына шығармашылық жұмыс бердім. Оқушылар ата-аналарымен бірлесіп адамның қолының бұлшықетпен байланысына байланысты түрлі жұмыстарын жасап әкеліп қорғады.

Әдебиеттік оқудан «Туған жер ғажаптары» тақырыбындағы өткен ашық сабағымда оқушылар арасында қарым -қатынасты, бір-біріне болған құрметін арттыру, жақсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында өздерінің жылы тілектерін білдіру арқылы психологиялық ахуал қалыптастырдым. Тізбектелген сабақтар топтамасының, дәстүрлі сабағымнан өзгешелігі, ең алдымен сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып, әр түрлі әдістер арқылы екі топқа бөлдім. Топқа бөлудегі мақсатым, оқушыларды топта ынтымақтық орнату, бір бірін колдау және “Мейірімділікке бағыттау арқалы, сүйіспеншілігін арттыру ” болатын. Топтық жұмыста бір- бірімен ой алмаса отырып, құнды идеяларды байқадым. Мақсатым балаларды, бір-бірлеріне болған мейірімділігін арттыру.Мен оқушыларға «Миға шабуыл», «Білгенге маржан», «Кім жылдам» әдістері арқылы сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың білімін пысықтау мақсатында сұрақтар қойдым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен бірге шеңбер құрып, жақсы тілек білдіріп көңіл - күйлерін көтеру және өзімде оқушыларға жақсы тілек айтып, 1-2 деп «Топтастыру» әдісін қолдап, санау арқылы топқа бөлдым. Оқушылар өз топтарына барып орналасқаннан соң, жаңа сабақтың мақсатыны және ұпайлар саны смайлктер саны мен есептелетіні туралы түсініктеме бердім.
1-3 смайлик 3 ұпай
4-7 смайлик 4 ұпай
8-12 смайлик 5 ұпай
Себебі, бастауыш сыныпта, оқушылар тек смайлик жинау, бас жүлдеге ынталады, және смайлик жинау үшін, бар қабілетін іске асырады. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша « Отан » туралы мәлімет бердім. Сабақтың қорытындысында, оқушылар сабақтың «Отан» туралы айтқан сойлемдерін дәлелдей отырып, постер қорғады, сойлем құрастырғандары үшін әр оқушыга сабақ барысында смайлк берілді. Смайлктердың саңына қарап, әр бір топ оқушылары қанша ұпай алғандығы айтылып өтілді.
Сабақ соңында үйге тапсырма: «Отан туралы» мақал - мәтел жаттап келу, және үй тапсырмаларын орындап келу айтылды. Сабақта, оқушылардың әр берген жауаптарына байланысты смайликтер жинағы есептелді, және сабақта көп смайлк жинаған оқушылар мадақталды.
Мен келесі сабағымда бұл сабақтанда жақсы сабақ өтуім керектігін алдыма мақсат қылып қойдым. Өйткені өткен дәстүрлы сабақ оқушылардың сабақ барысында қалыптасып қалғандыгын сабақ кезінде байқап қалдым. Және, келесі сабақ жоспарымда осы қателіктерді жоямын деген ой, жаңа тақырыпты ашу үшін жол берді
Тәжірибенің келесі күнінде әдебиеттік оқу пәнінен «Таңғажайып ертегілер» тақырыбында сабақ бердім. Мәтінмен жұмыс жасап, түрлі сұрақтар қойып олардың пікірлерін білуге тырыстым. Көрнекілік ретінде асықтарды пайдаландым. Ол зат оқушылардың сабаққа деген зейінің одан әрмен аша түсті. Осылай іс-тәжірибенің үшінші аптасын аяқтадық. Оқушылар 3-тоқсанды ойдағыдай аяқтап, демалысқа кетті.
Іс-тәжірибенің бұл аптасында “Домбыра-party” атты тәрбие сағатын өткіздім. Сабақ барысында оқушыларға домбыраның шығу тегімен таныстыру үшін “Ақсақ киік” мультфильмін көрсеттім. Сабақтың қалай өткенің білу мақсатында “домбыра” бағалау тәсілін пайдаландым.
Келесі күні әдебиеттік оқу мен еңбекке баулудан сабақ өткіздім. Әдебиеттік оқудан өткізген сабақтарым: «Шеберлер еліне саяхат» атты тақырыптарда көптеген сабақтар жүргіздім. Әр сабақта шығармашылықпен тығыз байланыста болдық. Яғни, қолданбалы өнер, қолөнер, әшекей-бұйым түрлерін, тарихын білу керектігін оқушыларға үйреттік. Шығармашылықтың адамзат үшін беретін пайдасы туралы әңгімелестік. Бұл сабақта мен шығармашылық жұмысты таныстырылым түрінде ұсындым және де ым-ишара, қимыл дегенді еске түсіріп сергіту сәтін жасаттым. Осы сабақтың авторы Фариза Оңғарсынова болды. Ол кісігің өмірбаянын жай ғана оқытпай, кластер тәсілімен кезектесіп тапсырма орындады. Кейін «Оюлар» атты өлеңімен таныстырдым. Әдеттегідей сұрақтармен кері байланыс жасадық. Одан кейін оқушылармен тақтадан көрсетілген ою түрлерімен таныстық. Оюлардың қалай аталатыны туралы әңгімелестік. Оюлардың қандай түрлері бар екенін олардың ерекшеліктерін оқушыларға түсіндірдім. Оюлар әлемі туралы өлеңді оқушылар оқып, бірге талқыладық
Әр сабақта интернет желісімен
Learning apps, Wооrd wоll, платформаларын тиімді қолдануға
тырыстым. Әрі оқушылардың қызығушылықтарын ояттым.
Тәжірибенің келесі күнінде математика
пәнінен «Жай және құрама есепер » тақырыбы бойынша
сабақ өттім. Сабақ басында оқушылар «сәйкесін тап» әдісі бойынша
жай есеп пен құрама есептерді ажыратты, кейін тақырыпқа байланысты
түрлі есептерді орындады. Кейінгі сабағым әдебиеттік оқу пәнінен
«Өтірікшілер еліне саяхат» тақырыбында болды. Оқушылардан үй
тапсырмасын тест түрінде алып, сабақты барынша қызықты өткізуге
тырыстым. Оқушылар сабақ барысында өтірік өленнің не екенін білді,
өлендегі ұйқас шумақтарды ажырата білді. Үйге тапсырма өтірік
өлен құрастырып келу болды. Жаратылыстынудан «Заттар қандай
болады?» деген тақырыпта сабақ жүргіздім. Оған қолданған
әдіс-тәсілдерім: «Ыстық орындық». Яғни, алдыңғы тоқсандағы
білімдерін тексеру мақсатында бір оқушыны орындыққа отырғызып,
бірнеше сұрақтарға жылдам жауап беріп, әрі тез ойлануға
мүмкіндік беріп, оқушыларды алдыңғы білімдерін солай бағаладым.
Одан кейін қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше тәжірибелер
жасадым. Кітап бойынша жұмыстар жүргізіп, кітапта берілген
тәжірибені сынып жетекшіммен бірге оқушыларға көрсеттім. Яғни бір
затты қолдану арқылы оның үш күйін көрсетіп, алдына қойылған заттың
қандай болғанын тәжірибе барысында таптық. Сабақ уақытында оқушылар
шаршап қалмау үшін екі минуттық сергіту сәтін де ұмытпадық.
Сергіту сәті ретінде «нейрожаттығуын» жасаттым. Қорытындылау
барысында «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, оқушылардың бүгінгі
сабақта не білгенін сұрап, сабақты аяқтадық.
Кезекті бесінші аптада әдебиеттік оқудан «Ата – баба мұрасын құрметтейміз», «Кім боламын?», «Мәдени мұра», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарында сабақ өткіздім. Сабақтарда оқушылармен бірге әр түрлі уақыттарға аттандық, яғни алдағы уақытқа шолу жасадық. Бірінші болашақта қандай мамандық иесі боламын, одан кейін өлең шумағын оқып, талқылып, сұрақтарға жауап бердік. Ата – бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып кеткен, қазіргі кезде аса қолданыста жоқ салт – дәстүрлері туралы қосымша ақпарат алдық. Оқушылар мәдени мұра заттарына байланысты байланысты жұмбақтар кұрады. Үшінші сабақта мамандықтар туралы тағы да өттік, яғни сурет бойынша әңгіме құрадық, одан кейін мен өскенде... мәтіні бойынша сұрақтар қойылып, талқыладық. Мәтін бойынша жоспар құрдық. Мәтінді өз ойымызбен жалғастырып, аяқтадық. Мәтіннен түсінгендеріне рефлексия жасадық, «Білім заряды», «Алма ағашы» арқылы бірнеше қорытындылар шығардық. Одан кейінгі тақырып бойынша уақыттың маңыздылығы туралы сөйлестік, яғни оқушылардың өз бойларындағы еріншектік қасиеті барма екенің сұрадым, олар өз жұмыстарын ертенгіге қалдыру керекпа жокпа екені туралы талқыладық. Келесінде оқушыларға ,, Мен таңдаған мамандығым,, тақырыбына таныстырылым жасауға тапсырма бердім. Осылайша оқушылар көптеген тақырыптар бойынша керек ақпараттарды өздеріне түртіп алып, жаңа оқу жылына дейін естеріне сақтады деп ойлаймын. Оқушылардың қосымша оқитын “Мағжантану”, “Сиқырлы саусақ” сабақтарын өткіздім. Мағжантану сабағында оқушылар өздері жаттаған Мағжан Жұмабаевтың өлендерін жатқа айтып, кейіннен ақынның жаңа өлеңімен таныс болды. Сиқырлы саусақ сабағында қыздармен түрлі әшекей бұйымдар, ұлдармен түрлі роботтар жасадық. Сабақ барысында оқушыларға бұл екі сабақтың өте қатты ұнайтынын байқадым.
Аптаның соңғы сабақ күнінде математикадан өткенді қорытындылауға байланысты тапсырмаларды орындадық. “Кітап-асыл қазына”, “Есік қорғандарының сыры”, “Ата-баба мұрасын құрметтейміз” тақырыптарында сабақ өткіздім. Сабақ барысында “Қар ұшқыны”, “Ақылдың алты қалпағы”, “Құпия сөздік” сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушылармен кері байлас жасау үшін “Бағдаршам” тәсілін қолдандым. Жаңа сабақты менгеруге берілген өлендерді оқушылармен бірге талдып, жатқа, мәнерлеп оқыдық. Сонымен қата мектепке толеранттылық апталығына орай бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ҚР мүгедектер арасындағы теннистен екі дүркін чемпионы Жетпісова Айшуақпен кездесу өтті. Оқушылар өнерлерімен бөлісіп, қонақтармен сұқбатқа түсіп, кездесуден шынайы әсер алды.
Тәжірибенің алтыншы аптасында да 2 сыныптар арасында математика пәнінен “Ойна да, ойла” атты тақырыпта оқушылар сайысын өткіздік. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайыс соңында оқушыларды “Ең үздік математиктер”, “Жас дарындар” ,“Логика шеберлері” , “Ең ұйымшыл топ”, “Ең үздік капитан” номинацияларымен марапаттадық. Бұл аптада қазақ тілі пәнінен “Сөйлем түрлері” тақырыбында жаңа сабақ өткіздім. Сабақтың алдында «Ыстық орындық» әдісін қолданып, өткен сабақты бекіттім. Одан кейін сын есім тақырыбын түсіндіріп, оған қатысты тапсырмалар орындап, көркем жазуға аса мән бердім. Сергіту барысында бірыңғай мүшелерге қатысты Wооrd wоll платформасын қолданып, сабақты қызықты өткізуге тырыстып, әрі оқушылардың сын есімнің түрлерін қаншалықты ажырата алатынын тексердім. Сабақты қорытындылау мақсатында «Жетістік баспалдағын» қолдандым.
Тәжірибенің жетінші аптасының алғашқы күнінде “Құстар-біздің досымыз” атты тәрбие сағатын өткіздім. Оқушыларға құстар туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, жұмбақтардың шешімдерін таптық. Сабақ өткізу барысында , оқушыларға бұл тәрбие сағатының өте қатты ұнағаның байқадым. Себебі оларға көрнекіліктерден қарағанда, анимациялық видеороликтер қатты ұнайды. Тәжірибе барысындағы аптаның үшінші күнінде сәрсенбі күні әдебиеттік оқудан «Халық даналығы – ел аузында» тақырыбында сабақ өткіздім. Өткен сабақты бекіту мақсатында «Сәттілік дөңгелегі» арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрадым. Оқушылардың қызығушылығын ояту және жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Пазл» әдісін қолдандым. Сабақ барысында даналық туралы жұмбақтар, «Tic tac toe» ойыны арқылы қызықты өтті. Интернет желісінен негізгі ойы сыйластық, адамгершілік туралы және үлкен мен кішінің әңгімесі туралы ақпарат көрсетілді. Бағалау ретінде сабаққа қатысып отырған оқушыларды смайлик арқылы бағалап отырдым. Қорытынды барысында «Каспий банк» рефлексиясын қолданып, оқушылардың өз ойларын каспий карточкасына жазып, оқушылар қолдарындағы карточкаларды жәшікке бір-бірден келіп салды.
Іс-тәжірибенің соңғы аптасы біз үшін өте күрделі өтті. Соңғы аптаның алғашқы күні желтоқсан айы «Бірлік пен ынтымақ» айы болуына орай “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыпта өнеге сағатын өткіздім. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін әр ұлтқа жеке-жеке тоқталып, олардың ұлттық киімдері мен тағамдарымен таныстырдым. Кейін оқушыларды бейбітшіліктің символымен таныстырып, өздерінің тілектерін көгершін қанаттарына жазып тақтаға ілді. Оқушыларға елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті тұрып, оларды бөлмей керісінше дос болуымыз керектігін ұғындыруға тырыстым. Бұл аптада оқушылардың қалауымен аптаның әр күніне жоспар құрдық. Алғашқы аптада төрт жоспарды жүзеге асыру тапсырылды: алғашқысы көрші сыныптардан достар табу керек болды; екінші тапсыма үзіліс уақытында үш қабаттағы қоқыстарды жинау тапсырылды; келесі күні оқушылармен бірге мектеп ауласының қарын тазалап, аптаның соңғы күніңде оқушылармен бір дастархан басында бас қостық. Оұушылар аналарымен бірге өздеріне ұнайтын тағамдарын жасап әкеліп, сыныпқа қалай жасағандарымен бөлісті.

Қорыта келгенде, «байқау» іс-тәжірибесі маған қатты ұнады.Тәжірибе барысында мен ұстаз деген ұлы есімнің мәні мен мәртебесін толықтай сезіне алдым. Айтуға оңай болғанымен сыныпты басқару үлкен күш-жігер, ақыл-қайрат, сабырлықты қажет ететінің түсіндім. Оқушылармен тез тіл табысып кеттім. Іс-тәжірибе кезінде мен көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді және оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнату жолдарын меңгердім.
Осы тәжірибе барысында мен
қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары
мамандықтың бірі ұстаздық ету екенін түсіне алдым. Мұғалімге
жүктелген міндеттін қандай маңызды екенің ұғына алдым. Оқушының
ұстазға деген кіршіксіз махаббатың сезіне алдым. Өзімнің
қателіктерімді де есепке алдым. Осы іс-тәжірибе барысы маған көп
нәрселерді үйренуіме, және ең бастысы қызығушылығыма әсер етті.
Маған оқушылармен жұмыс істеген қатты ұнады. Сонымен қатар тәжірибе
барысында ең бастысы мен өзімнің сөздік қорымның аздығынан
қатты қиналдым. Көп кітап оқып, жан-жақты болу керектігімізді
түсіндім. Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең
алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу
қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол”
екендігін оқушылармен жұмыс жасау барысында
сезіндім. Болашақта осы тәжірибеден үйренгенімді іс жүзінде
жүзеге асыратыныма сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студентінің байқау іс-тәжірибесінен есебі

шағым қалдыра аласыз