
БАСТАУЫШ Б ІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Аннотация: Мақалада білім берудегі оқыту әдістері және оның
маңыздылығы баяндалған. Заманауи оқыту әдістері жайлы отандық және
шетелдік ғалымдар пікірі мен тұжырымдамалары ұсынылған. Бастауыш білім
берудегі заманауи оқыту әдістері, оларға қойылатын талаптар қатары
жіктелген.
Тірек сөздер: білім беру, педагогикалық технологиялар, заманауи оқыту
әдістері.
Аннотация: В статье изложены методы обучения в образовании и его
значение. Представлены мнения и концепции отечественных и зарубежных
ученых о современных методах обучения. Классифицированы современные
методы обучения в начальном образовании, ряд требований к ним.
Ключевые слова: образование, педагогические технологии, современные
методы обучения.
Педагогикалық технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі оқыту
әдістері болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты –
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетінше білім
алуға, сыни тұрғыдан ойлауға баулу. Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім
сабақта заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануы қажет.
Заманауи оқыту әдістері – оқушылардың белсенділігін арттырып,
сабаққа деген қызығушылығын күшейтетін инновациялық тәсілдер
жиынтығы. Мұндай әдістер оқушыны дайын білімді қабылдаушы емес,
белсенді ізденуші, зерттеуші тұлға ретінде қалыптастырады.
Бұл жөнінде көптеген ғалымдар мен педагогтар өз еңбектерінде
маңызды пікірлер айтқан. Әдебиет зерттеуші ғалым, педагог
А.Байтұрсынұлы оқытудың тиімді болуы мұғалімнің әдісті дұрыс таңдауына
«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта
мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі
шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шаужанова Н.Б.

байланысты деп санаған. Ол: «Жақсы әдіс – баланы сөйлету, ойландыру, өз
бетімен үйрету әдісі» деген.
Ал ғалым Ж.Қараев заманауи сабақта деңгейлеп – саралап оқыту
технологиясын ұсынды. Оның пікірінше, «тиімді оқыту әдісі әр оқушының
қабілетіне қарай тапсырма беріп, өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік жасау
арқылы жүзеге асады.» деп тұжырымдайды.
Кеңестік жаңашыл мұғалім және балалар жазушысы , педагог
В.А.Сухомлинский «Сабақ – мұғалім мен оқушының бірлескен
шығармашылығы деп есептеген. Ол үшін мұғалім әдісті баланың жүрегіне
жол табатындай етіп қолдануы керек.» деп есептейді.
Ғалымдар пікірі көрсеткендей, заманауи оқыту әдістерін тиімді
пайдалану – білім сапасын арттырудың басты шарты. Мұғалім оқушының
даралығын ескеріп, оны ойлануға, талдауға, өз пікірін айтуға баулуы қажет.
Сонда ғана сабақ шынайы шығармашылық алаңына айналады.
Бастауыш білім берудегі заманауи оқыту әдістеріне мыналар жатады:
1. Сыни тұрғыдан ойлау әдістері – «Түртіп алу», «INSERT», «Кубизм»,
«Бес жолды өлең» тәсілдері. Аталмыш әдістер арқылы оқушылардың
ойлау қабілетін, белсенділігін және шығармашылық мүмкіндігін
дамытады. Білімгер өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
2. Білім беру жүйесінде оқушыны тек дайын білім алушы емес, ізденуші
және зерттеуші тұлға ретінде қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта
кеңінен қолданылатын тәсілдің бірі – жобалық әдіс. Бұл әдіс
оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен зерттеу
жүргізіп, нәтижесін таныстыруға негізделген оқу тәсілі. Оқушылар өз
жобасын жоспарлап, ақпарат жинап, талдау жасап, қорытынды
шығарады.
3. АКТ қолдану (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) –
интерактивті тақта, онлайн платформалар, бейнематериалдар арқылы
оқу үдерісін жандандырады. Оқытуда iMektep.kz, LearningApps.org,
Google Classroom онлайн платформаларын пайдалану – білім сапасын
арттырудың маңызды бағыты. Бұл платформалар оқытуды қызықты,
көрнекі және интерактивті етеді.
4. Дебат, рөлдік ойындар, тренинг элементтері – логикалық және
коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Сыни ойлау мен логикалық
дәлелдеуді дамытады, сөйлеу мәдениетін, шешендік қабілетті
арттырады, командалық жұмысты және өз ойын еркін жеткізуді
үйретеді.

Сабақта заманауи оқыту әдістерін пайдалану – білім сапасын
арттырудың тиімді жолы. Мұғалім дәстүрлі оқытудан гөрі оқушыға
бағытталған тәсілдерді қолданса, әрбір бала өз мүмкіндігін толық аша алады.
Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар:
1. Әдістің қолжетімділігі, оның оқушылардың психологиялық -
педагогикалық даму мүмкіндіктеріне сәйкестігі.
2. Оқыту әдісінің тиімділігі, оның оқу материалын берік меңгеруге,
оқушыларды тәрбиелеу міндеттерін орындауға бағытталуы.
3. Жүйелі түрде зерттеу, өз жұмысында инновациялық әдістерді қолдану
қажеттілігі.
Бастауыш сыныптағы заманауи оқыту әдістері – сабақтың тиімділігін
арттырып, оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылық
және зерттеушілік қасиеттерін дамытатын негізгі құралдар. Мұғалім осы
әдістерді жүйелі және орынды қолданса, әр оқушы өз мүмкіндігін толық
ашады, білімге деген қызығушылығы артады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ж. Садыбекова «Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялы
технологияны қолдану қажеттілігі»
2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
3. Қараев Ж.А. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы». Алматы, 2000.
4. Оқытудың жаңа технологиялары //Халық тәлімі арнайы басылым. - №1.
- 2002, 3-7 бет.
5. В.А. Сухомлинскийдің ұжымдық тәрбие мен оқытудағы педагогикалық
идеялары.