Материалдар / Бастауыш буынмен қоштасу «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш буынмен қоштасу «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материял жас мамандарға аз да болса көмек болады деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аттандық бала шақтан болашаққа!»

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

1. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Фиксики музыкасы ойнап турады

Екеуі екі есіктен Аружан мен Дильяра секіріп шығады.

Жанболатайна алдында дайындалып жатады.

Аружан :Жанболат, сен бізбен бірге жасырынбақ ойнауға қалай қарайсың?

Дильяра: Иә, иә жүр ойнайық ( саханада үшеуі бірге тұрады )

Аружан: Алма кетті домалап,

Көше бойын аралап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады

Ернұр мен Дильяра жасырынып қалады.

Аружан: Дильяраны тауып алады . А ууу Жанболат сен қайдасың? Екеуі бирге Жанболатты іздейді.

Анасы: Ертіс балам қайдасың? Бүгін сенің бастауыш сыныппен қоштасу салтанатты мерекең болатынын ұмытқан жоқсың ба? (Жанболат өзі шығып келе жатады)

Аружан : Алақай, біз сені таптық, таптық.

Жанболат:Жооқ, бұл әділ емес. Сендер мені таппадыңдар. Мені анам шақырған соң өзім шықтым.

Жанболат : Қааап, ойынның қызығына беріліп кеткенім соншалық бүгінгі салтанатты мерекені ұмытып барады екенмін гой.

Дильяра :Жанболат нені ұмыттың ? Ол қандай мереке?

Жанболат: Бүгін біздің сыныпта дәстүрлі бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі өтеді. Мен сол салтанатты мерекені жүргізушімін . Мен де мерекеге баруым керек. Мені сыныбым күтіп қалған шығар. Мен мерекеге кеттім.

Аружан: Ой ,Жанболат, сенімен бірге бізде барсақ бола ма?

Дильяра: Ия,ия бізде барайықшы, біз сенің сыныбына қолымыздан келгенше көмектесеміз. Уәде береміз ( Екеуі уәде береміз.)

Жанболат : Ендеше менімен жүріңдер, кешігіп қалмайық. (саханадан шығып кетеді)

Аружан мен Дильяра: Екеміз досымыз Жанболатқа көмектесеміз деп уәде бердік қой, енді бұл салтанатты жиынды қолымыздан келгенше жақсылап жүргізіп берейік. (Музыка фан –фар екеуі ортаға шығады)

Жанболат: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

Аружан: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер.

Дильяра: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.

Жанболат: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

Аружан:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 сынып түлектерін ортамызға.

Дильяра: Олай болса, бастауыш сыныпты бітірушітүлектерімізді ортаға шақырайық.

(Музыка әуенімен 20 оқушы шығады. )

Ернұр :Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Нұрлыбек: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Елдос: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіпсендесөзім, артты санам.

Баулыған 4 жылбойыата–анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арадаөтседағыдүркірепжыл,

Әркүнібалалықтайбіржүрекбұл,

Өзіңеборыштармынөмірбойы

Есейгеншәкіртіңніңсертідепбіл.

Нурболат: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Қош бол, құтты Бастауыш!

Ерасыл: Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сененартықдүниенітабаалам ба?

Мектебім – мәңгібапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңедегенпарызды,

Ақтаймызталайәлібіз.

Жанболат: Армысың сен , алтын ұямектебім

Сағанайтаржыр-алғысымкөпменің

Жүректергежаққанбілімшырағын ,

Мектебімеарналадыбұләнім!

Аружан :ОлайболсаДиляра алтын ұямектебімізгеарнап«Үйретеді мектеп» әнін шырқайық!

Дильяра: Ертіс сыныптастарың әнді, тақпақты өте жақсы орындайды екен. Сенің сыныптастарың 4 жылда меңгерген білімдеріңді байқап көрсек қайтеді?

Жанболат: Әрине, байқап көрейік. Сыныптастарым мені ұятқа қалдырмас деп ойлаймын.

Аружан: Уақыттың қадірін қай кезде түсінеміз?

Ертіс : Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт.Иә,  осыдан  4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік.Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.Сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде бізді ұстаздар сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Диляра: Ия,өтедұрыс айтасың. Менің тағы бір сұрағым бар? Ол сұрағыма қалай жауап береді екенсіңдер көрейік. Білімнің артықшылығы қандай?

Айым: Білім жалғыздықта жолдас, алыста сырлас, қиындықта жәрдемші, достар арасында сұлулық, дұшпанға құрал болып саналады. Білім жолында жүргендерге періште қанатын төсейді. Білім артық. Өйткені, білім көңілді нұрландырады. Адамға ақыл-ой қосады. Сабырлыққа жетелейді. Тәуелсіз еліміздің болашағы мына біз. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі - білімді ұрпағы.

Аружан: Ия, ия дәл тауып айттың.Адам баласы алған т өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын,ілгерілеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ.

Дильяра: Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек? деп ойлайсыңдар?

Жанболат:Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет болып табылады.

Диляра: Ия, сендер барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Мәңгілік елге баратын Қазақстанның болашағы сендер екенсіңдер.

Аружан: Олай болса, Егенменді елімізге арнап ән шырқап берейік.

Ән : Егенменді Қазақстан.

Ертіс : Біздің сыныптың оқушылары тек қана ән, өлең айтумен шектеледі деп ойлап қал ма? Сыныпта болашақта Көңілді тапқырлар мүшесі бола алатындай сөзге шешен, жан –жақты оқушылар да табылады.

Дильяра: Олар кімдер? Ортаға келсін өнерлерін тамашалайық. (КВН)

Ертіс:Біздің сыныптың оқушыларының өнері сендерге ұнады ма?

Аружан: Ия, ия өте білімді, өнерлі балалар екен.

Ертіс:Сыныпта бишілерімізде бар. Олардың өнерін көрмесеңдер ренжиді гой.

Дильяра: Жо – жоқ көрейік. Біз асықпаймыз.Би: (Вальс)

Аружан: Ертіс, осы сенің ойыңша адамдарда қандай аналар бар?Айтыпатапбереаласың ба?

Жанболат :Отан-ана, жер-ана, өзанаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соныда білмейтұрсыңдарма?

Дильяра Аружан : Жооқ білмей тұрғанымыз жоқ.

Аружан:Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар әнімізді  аналар қабыл алыңыздар!(Ән : Анашым)

Дильяра: Тарт күйіңді,домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
(Күй )

Аружан: Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Енді міне сағымдай боп өте шықты

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір – бір мықты

Дильяра:Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Жанболат :Әр пәннің өзіндік бір сыры бар

Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар

Сол пәндердің құпиясын жеткізген

Әр ұстаздың жадымызда үні бар


Дана: Орыс тілі әр кезде керек ертең
Жаңыл апай, Жанна апай өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Ақерке:Байсалды мінездері бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Айгуль неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің




Нұртас: Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Қайрат аға ән үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Жанболат :Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызды ортаға шақырамыз.

Мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!(Ән: Алғашқы ұстазым)

Мұғалім сөзі : Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Мен үшін бәрің бірдей түлектерім,

Орындалсын алға қойган тілектерің.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. ( Ән: Бір үйдің баласындай)





Дильяра : Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.

Жанболат : Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?

Аружан: Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.

Жанболат : Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып , білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Аружан : Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Дильяра : Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.

хормен Қош бол, балғын балалық

Қош бол, сүйікті бастауышым !

Аружан : Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!