400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың білім ортасында шығармашылық потенциалдарын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда білім ортасында шығармашылық потенциалдарын дамыту туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда білім ортасында шығармашылық потенциалдарын дамыту

Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

№26 гимназия- мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Батаева Умуткен Еркиновна





«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн

Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушының шығармашылық потенциалын дамыту бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

Өйткені бастауыш сынып оқушысының потенциалын дамыту үшін түрлі сөздіктермен мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы  айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік  оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді.«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «Қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

  1. Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

  2. Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Баланың білімді жүйелі меңгеріп, қабілетті деңгейн арттыруда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »технологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызы ерекше.

Бұл технологияның кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,сапалы шешім қабылдауға сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырары сөзсіз.

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған.            «Бес жолды өлең»,»«Венн диаграммасы»,«Еркін жазу»,«Семантикалық карта»,«Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшілігіне,ауыр жеңілдігігіне қарай лайықтала қолданылады.Осы стратегияның 25 бөлімі бар.Бұл стратегияларды қолданғанда-соқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып олардың бір – бірімен пікір таластырып,ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары қалыптасып,өздеріне сенімсіздік білдіріп отырған оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп,еркін айта алады.Сондықтанда әрсабақта оқушының жан дүниесіне еніп бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн деп санаймын.  Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын потенциалын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.



Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»

// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

3. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.

№ 2. 2008 жыл

№5. 2008 жыл

4. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.

5. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі