15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Мұғалім:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Есейіп қалды міне, бойымызда.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші: Иә, кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттасақ, бүгін міне, 4 жылды артқа тастап, «Өскенімді ел көрсін» деп білімнің бастауыш сатысымен қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген- бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат,-дегендей, бастауыш сыныпы бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
2-жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметтеп, қарсы алайық,
4-ші «Ә» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен сынып оқушылары вальс билеп ортаға шығады.
Ал енді сендер маған мынадай сұраққа жауап беріңдерші.
1-сұрақ: Біз нені үйрендік?
1. Оқуды, жазуды, есеп шығарып, ән айтып, би билеуді.
2. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, достасуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
3. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрді үйрендік.
2-сұрақ: Біз нені, кімді сүйеміз?
Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, алтын ұя мектебімізді сүйеміз!
3-сұрақ: Біз нені ажырата білеміз?
-Жақсылық пен жамандықты,
-Арамдық пен адалдықты;
-Ақ пен қараны ажырата білеміз.
4-сұрақ: Бізді болашаққа не бастайды?
-Ұстаздың көрсеткен жолы;
-Ата-ананың ақылы;
- Болашаққа деген сенім;
5-сұрақ: Болашақта біз кім боламыз?
-Адал, ерін-жерін сүйетін нағыз азамат боламыз деп уәде береміз!
Мұғалім:
Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, сол бүлдіршіндердің тәтті де, бал күндеріне көз жүгіртейік.
(Экранға назар аудару)
1-жүргізуші:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
2-жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1-оқушы:
Шуағын нұр шашқан жарқырап,
Мектебім Бауыржан атам атында.
Әлемдік білімге бет алған,
Нәр алып халқының салтынан.
Шарықта, шарықта
Қыран боп биікке қалықта.
Мектептің түлегі,
Білуден жалықпа.
2-оқушы:
Егемен еліңді,
Әлемге танытты.
Шарықта, шарықта, шарықта,
Мектебім гүл дәурен балалық.
Мектебім ертеңге даналық,
Мектебім күн болсаң, сен бізге,
Біз сәулең тұратын таралып.
3-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
4-оқушы:
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ержетіп, сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
5-оқушы:
Армысың, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағың,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім!
6-оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
7-оқушы:
Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сылдыр қағып.
Би. Аяла
Нұрдаулет «Алға, Қазақстан!»
1-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, Алғаш қолымызға қалам ұстатып, оң мен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- Ұстаз екені белгілі.
2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға, үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім- мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарға арнаймыз!
8-оқушы:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
9-оқушы:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
10-оқушы:
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан сара жол,
Көз жұмсам да көретұғын белестер.
11-оқушы:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай.
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
12-оқушы:
Шәкірттерің сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады,
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
Хор. Мектебім
Сагида «Ұстазым»
Томирис. Соната
1-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып, жүрген ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып,тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруіміз де осы кісілердің арқасы.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ата-ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Ендігі жырларымызды ата-аналарымызға арнаймыз, қабыл алыңыздар!
13-оқушы:
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол шуақ күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.
14-оқушы:
Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың.
Мәпелеген баласын аман болщы анашым!
15-оқушы:
Ана десем алғыс алам халықтан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғынам.
16-оқушы:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп.
Анаға бас иеміз!
17-оқушы:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ана. Б.Бұлқышев. Аян, Рухия
Сагида. Домбыра
Би. Шафл Айзере, Аяла
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби-балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші: Иә, сағымдай болып өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші: Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
18-оқушы:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
19-оқушы:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте –бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
20-оқушы:
Бастауышта шырқалмаған ән бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
21-оқушы:
Бастауышым бал бұлағым,
Алдым сенен бал дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
22-оқушы:
Бастауышым бал бұлағым,
Лаулап жанған шамшырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
23-оқушы:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
24-оқушы:
Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық болсын сенің жолдасың.
Жетем деген биігіңе жете бер,
Бауыржан ата аруағы қолдасын.
Мектепте болған оқиға. Камила, Ахмедияр, Маргулан, Нұрдаулет.
Ән. Жарқын «Мен қазақпын»
Қазақ биі.
Хор «Бастауыш мектеппен қоштасу»
1-жүргізуші:
Ғалым да, шахтер да бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең,- демекші, ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ. Сондықтан аяулы ұстаз, алғашқы мұғалімімізге мың да бір рахмет айтамыз!
2-жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз біздерге,
Бізді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер , тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де, - дей отырып, сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Айжан Сайлауханқызына береміз!
(Марапаттау рәсімі)
1-жүргізуші:
Қол жаяйық , халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып,
Орта буынға барайық.
(Бата алу)
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Хормен:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, Тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға, Мәдениетті болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген