жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Бастауыш мектепте ойын түрлерін тиімді пайдалану»
«Бастауыш мектепте ойын түрлерін тиімді пайдалану»
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес.Технология – бұл қандай да істегі, шеберлікті, өмірдегі амалдардың жиынтығы делінген.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогтық мақсат мүддесіне өзінің шеберлігіне байланысты алады.Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш негіз бола алады, олар барлығынан басым бола атын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек»-деген Шәкәрім атамыз. «Бөбек» қорының президенті ар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы өркениетті өріс алған
еліміздің дамуына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге «Өзін-өзі тану» пәнін алып келді.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарға шеше білуге, өз ойларын ашық айтып, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе алуға денсаулығын сақтау мен нығайтуға үйренеді.Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа,еңбек ете білуге, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. А.М.Горкий: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, Л.С.Выготский, А.Н.Монтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар «Ойын баланың өзіндік өмірі» деген ортақ тұжырымдар жасайды.Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала ойыннан белгілі»-дейді.Ойын – бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс әрекеттерінің бір түрі.«Ойын дегеніміз- ұ шқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады.Баланың шығармашылық қиял қабілетін, тілін дамытуда ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. атап көрсеткен. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан.Атап айтқанда,бастауыш сыныптардағы оқыту процесінде төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Кім тез ойлайды», «Ойлан,тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: Білім,әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлері төмендегідей жүйеленеді:
-
Мазмұнды бейнелі ойын:отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер.
-
Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық пен тышқан».
-
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт,т.б.
-
Құрылыс ойындар: лото және басқа конструкторларды пайдалану.
-
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Ойын әрекеттерінде ережелерді іске асыруға үйретеді.А.С.Макаренко ойынның
балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, ұстаздың ролі туралы
былай деп жазады: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін.Сондай- ақ ойын элементтері оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай бір-бірімен жақындастырып,достыққа, адамгершілікке, ерлікке тәрбиелейді.Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай қайсысы да адамға оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Қазақтың ұлттық ойындары ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді.
Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі.Ұлттық ойындарға әр түрлі ұлттардың ерекшеліктерін салт-дәстүрлерін,әдеп-ғұрыптарын бейнелейтін ат жарыс, қозғалыс, топтық және де басқа да ойын түрлері жатады.
Ата-бабамыз баланың, ұрпақ тәрбиесін ешқашан естен шығармаған.Қазақтың ұлттық ойындарының бәрі біздер үшін өшпес мұра.Ұлттық ойындарды тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралар да көптеп ойнатылады. «Қай әріпті жоғалттым» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлігі ретінде жүргізіледі. «Үш буынды сөздер», «Буындап сөз құрау», «Төрт буынды сөздер», «Үш дыбысты сөздер» ойындары ойнатылады.
Мысалы: «Дыбыстардан сөз құра» ойыны.
а,л,а,б – бала,
р,т,а,ұ,х,м – Мұхтар.
«Буындап сөз құрау» ойыны :
Екі буынды сөздер (екі бала орындайды)
ас са ком
пан бақ байн
"Үш дыбысты сөздер» ойын
ос
Д оп
әу
«Қай сөз артық» ойыны
Қызыл,қара,қарындаш,қысқа.
Математика пәнінен «Ойнпйық та, ойлайық», «Кім жүйрік?», «Тапқыр болсаң
шешіп көр», «Құрастыра білейік» ойындарын ойнатып отырамын.
Ана тілі пәнінен шығармашылық тапсырмалар, поэзия минуттары орындалып
отырады.
2 сыныпта қазақ тілінен «Дара және күрделі етістік» тақырыбын өткенде «Тез
ойла,сөз ойла» ойынын қолданып, дара етістікке, күрделі етістікке оқушылар тез сөз
ойлап тапты.
Шығармашылық тапсырмалар орындалды.
________________ оқимыз,
________________ жазамыз.
________________ қуанамыз,
________________ шаттанамыз.
Ойынның қай түрін ойнасақ та, балалардың өсіп жетілуіне, ойлау қабілетінің
дамуына, сөйлей білуіне өте зор әсер ететінін білеміз.
Нәтижесінде бала тапсырмаларды өз бетінше орындап, қызығушылық танытады.
Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
-
Үйретудегі ойыншының міндеті ойын арқылы шешіледі,
-
Оқушыларға грамматикалық ұғымдарды меңгертуге қажетті оқу материалдарын ойын құрамы ретінде пайдаланылады.
-
Үйрету де, үйрену де ойын-шарты түрінде жүргізіледі.
- Оқушылар мәселені шешу жолын іздейді, шығармашылық ойлауы қалыптасады.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Бұрынғы оқушы тек қана шындаушы,орындаушы болып келсе, ал қазір өздігінен білім іздейтін жеке тұлға ерекшелігіне ерекше мән береміз . Қазіргі оқушы:Дарынды, өнертапқыш, өзін-өзі басқарады, талапты, ізденімпаз, дүние танымдыққабілеті жоғары.
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін, оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгерген ұстаз қажет. Оқу үрдісінде –кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол-дамытушы ойындар.Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып,оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін , қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру; б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету; г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі. Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды. Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз.Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
Қорыта айтқанда, жасөспірімнің болашақ өміріне қажетті дағдыларды қалыптастырудың бірден-бір құралы ойын екендігі туралы қағидалар сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнгі ойшылдардың да еңбектерінде дәйектенген.Олай болса, оқу тәрбие үрдісінде білім нәтижелігін арттырудың да маңызды факторы екендігі даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп № 7,8 2008 жыл.
2. Қазақ тілі сабағында ойынды пайдалану әдістері (1-4 сынып) Алматы 2008 жыл.
3. Бала қиялын, дарынын дамытатын тренингтер мен ойындар.Алматы 2008 жыл.
Г.Алпысбаева, А.Айқожаева.
4. Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі. Г.Жораева
Бастауыш мектеп.№ 12,2010 жыл.
5.Дидактикалық ойындар. К.Оразбекова. Алматы 1990 жыл.
6. Өзін-өзі тану № 1,2010 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген