Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш мектептегі инклюзивті білім берудің басты ерекшеліктерінің бірі- оқушымен жеке жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім берудің маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Тақырбы:Бастауыш мектептегі инклюзивті білім берудің басты ерекшеліктерінің бірі- оқушымен жеке жұмыс.

Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа

да жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға,

қоғамға пайда әкелуге және оның толыққанды мүшесі болуға

мүмкіндік беруге міндеттіміз.

Дэвид Бланкет

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Инклюзивті білім беру- ол физикалық, психикалық, зияткерлік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне тартылуын көздейтін оқыту мен тәрбиелеу үдерісі.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру. Қоғамның көз – қарасын өзгерту. Яғни адамның жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Сондықтан бүгінгі таңда денсауылығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, әлеуметтік бейімделуге, қоғамда өз орынын табуға толық жағдай жасайтын білім алуға тиісті екендігін ерекше айту қажет. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.

Сондықтан, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың толық көлемде өмір сүруі үшін біз еңбектенуіміз керек.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарай отырып,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын. Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бұл балалармен жұмыс жасау барысында тек пән мұғалімінің сабақ беруімен шектелмей, психолог,әлеуметтік педагог, логопед мамандарымен бірлесе отырып сабақ құрылымы ұйымдастырылса, әр баланың қабілеттерінің деңгейін сақтай, түзей отырып, бала бойындағы танымдық белсенділіктерін дамытып, сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға болады деп ойлаймын.

Біздің мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жатады: мүгедек балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалар, дамуында ауытқушылығы бар балалар,қиын балалар, қалыпты емес балалар ,оқуында қиындығы бар балалар, психикалық дамуы тежелген балалар.

Өз сыныбыма тоқталып өтетін болсам менің сыныбымда психикалық дамуы тежелген оқушымен жұмыс жасаймын. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз — оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалар ересектермен ара қатынас нормасын сақтамайды, мінезі ожар, адамды мезі қылады, ересектермен танысу процесінде оны жансыз зат ретінде есептейді. Мұндай балалар сабақтың жұмыс ырғағына әрең ілеседі. Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:сабақ процесіне жай қосылады;оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; есептер шығарған кезде қателер жібереді; тез шаршағыш; сыныптстарымен аз араласады; өз ойын анық  айта алмайды. Жоғарыдағы айтылып өткен ерекшеліктерге ескере отырып, мен және мектептің жантанушының Шынар Рахымжанқызының көмегімен өз сыныбымдағы ерекші білім алатын оқушыма 2-3 жылға төмен орындалатын жұмыс түрлерін ұсынамын. Осы реттер менің түсінгенім,баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу, қол еңбегі. Мұндағы негізгі мақсатымыз даму деңгейі шектеулі балалардың ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамытады. Математика, қазақ тілі, дүниетану тағы басқа негізгі пән сабақтарын сурет сабағымен байланыстырамын. Бала көрсетілген тақырыпқа байланысты сызбаны немесе сұлбаны сала білуге, оны сызықтан шықпай бояу, түстерін дұрыс таңдай отырып өз бетімен бояуға көмек көрсету. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады. Сабақ барысында мен презентацияларды, мультфильмдерді, танымдық бейнероликтерді,тапсырмалары бар карточкаларды, жұмбақтарды, ребустарды, сөзжұмбақтарды қолданамын. Әр сабағымда суреттерді,сызбаларды,кестелерді пайдалана отырып «Айырмашылығын тап», «Сәйкестендір», «Артығын тап», ойындары арқылы қазақ тілі, математика сабақтарында қызығушылығын оятамын. Егер шаршаған, жұмыс жасағысы келмей отырған жағдайда жаттығу жұмысының көлемін азайтып, сабақты бірнеше рет қайталап түсіндіруге тура келеді.Даму деңгейі шектеулі балалардың ойлау, сөйлеу, таным, физиологиялық дамуына математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану сабақтарында күнделікті сабақ кестесімен өткізілуі маңызды орын алады. Айта кететін болсам, математика сабағында төменгі сыныптарда 10,20-ге дейінгі сандар арасын қосу, азайту амалдарына есептер шығарту, сандарды салыстыру, теңестіру тақырыптары бойынша тапсырмаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Күнделікті сабақ арасында баланың ойлауын дамыту үшін, дидактикалық ойындар да өткізіледі. “Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, «Артық затты тап», “Не қалай дыбыстайды ?”, “Сөз ойла, тез ойла”, “Кім тапқыр ?”, “Ұйқасын тап”.

Қорытынды жасай отыра:

1. Балаларды олардың даму деңгейіне қарамастан оқыту керек.

2. Баланың әлеуметтік бейімделуі оңайырақ.

3. Қарапайым, түсінікті тілмен сөйлеп, материалды логикалық және рет-ретімен жеткізуі ;

3. Позитивтік және ынталандырушы тәсілдерін қолдануы;

4. Балалардың шаршаңқылығының алдын алу үшін жиі үзілістер жасауы;

5. Оқуды қызықтырақ етуі

6. Оқушының отбасымен ынтымақтастықты қарым-қатынас орнатып, олардың сұраныстарына мұқият қарау керек, баланы қолдауға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру керек.  

Егер педагог осындай балаға қалыпты бала ретінде қарайтын болса, бұл қарым-қатынас оның сыныптастарына да беріледі. Дамуы қалыпты оқушылар оларға қолдарынан келген көмегін көрсетеді, оқушы өзін барынша еркін әрі байсалды сезінеді. Менің көзқарасым бойынша, сыныпта ерекше білім алатын оқушыға бірге оқитын сыныптастары көмек пен қолдау көрсетуде.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне  бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.

 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12