400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш мектептегі жаңартылған білім мазмұнындағы әдіс - тәсілдерді қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектептегі жаңартылған білім мазмұнындағы әдіс - тәсілдерді қолдану. Мұғалімдерге өте қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш мектептегі жаңартылған білім мазмұнындағы

әдіс - тәсілдерді қолдану.

«№ 137 НОМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

А.Ж.Жаппарова



«Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін,

мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек»

Ш.А. Амонашвили


Бастауыш сынып – оқушының жалпы білім үдерісінің ең маңызды баспалдағы. Төрт жыл ішінде ол бағдарлама бойынша пәндерді игеруімен қатар білім алуға үйрену керек, яғни шығармашыл оқушыға айналу қажет. Әрине бұл маңызды, жауапершілігі мол оқушы өмірінің кезеңі - ұстаздың қолында. Мемлекетте болып жатқан өзгерістер тікелей білім мазмұнынының жаңаруын әкелді. Жаңартылған білім мазмұны бұл білім мен тәрбие берудегі жаңа әдіс-тәсілдер және оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесінің өзгеруі. Жаңартылған білім беруді жүзеге асыру ең алдымен жеке тұлға қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер келесіден құралады:

  • сабақ үдерісінде белсенді әдіс – тәсілдерді қолдану;

  • ынтымақтастық орта орнату;

  • пәнаралық байланыс;

  • қалыптастырушы мен жиынтық бағалау.

Білім мазмұнының жаңарту аясында ұстаз жоғары деңгейдіге құзыреттілікке ие болу керек, атап айтсақ ол арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік ақпаратты құзыреттілік және коммуникативті құзыреттілік. Ұстаз істеу керек:

  1. нәтижеге жету үшін оқу мақсаттарын құрастыру;

  2. оқу материалын игеру үшін оқу үдерісін ұйымдастыру;

  3. оқу үдерісіне қажет ақпаратпен қамтылуы;

  4. оқушылардың дамуына жағдай жасау;

  5. оқушыларды өздігінен білім алуына дайындау;

  6. оқу мақсаттарына жету үшін нәтижелерді бағалау.

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері– қажетті оқу материалдарды игерудеге оқушылардың ойлау мен шығармашылық іс-әрекеттері, оқу және танымдық қызығушылықтары, ақыл-ой еңбегі .

Белседі оқу әдістері – бұл әдістер жүйесі бағытталған:

  • сыни ойлау;

  • ойын қызметі;

  • шығармашылық оқу әрекеті;

  • интербелсенділік;

  • жұптық, топтық жұмыс түрлері.

Әдістерді қолданған кезде сабақтың кезеңдерін ескеру қажеттілігі туындайды. Атап айтсақ:

  1. Сабақтың басы / «Ыстық орындық», «Сенен сұрақ менен жауап», «9 сурет», «Өрмекші торы», «Санды ата» , «Суреттер галлереясы» , «Ара» және т.б./

  2. Сабақтың ортасы /»Джигсо», «Әткеншек», «Автобус аялдамасы», «Кемпірқосақ», «Фишбоун», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Ойлаудың алты қалпағы» және т.б. /.

  3. Сабақтың аяғы / «Бес жолды өлең», «Сәттілік баспалдағы», "Кімнің гүл шоғы жақсы" , «Егін жина», «Тұра бағыт бойымен», «Дұрыс жауапты таңда» және т.б./.

Сабақтың әр кезеңінде әдіс - тәсілдерді мұқият таңдап қолдану қажет. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру келесі әдістерді қолдануға болады:

  1. Сабақта ертегілер кейіпкерлерін шақырып орындатуға болады. Мысалы: сабаққа қонаққа әртүрлі кейіпкерлерді, аңдарды шақырып өткізуге .

  2. Математика сабағында «Санды ата» ойынды өткізем. Бұл ойын оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Мен оқушылардың біреуне доп тастап кез келген санды атаймын. Мысалы «4», допты ұстап алған оқушы бұл саннан аз сандарды мысалы 1,2,3 атайды немесе үлкен 5,6,7 және т.б.

  3. «Тұра бағыт бойымен» тақтаға есептер жазамын. Астында жауаптар жазылған қағаздан жасалған кемелер олардың желкендерінде сандар жазып қоямын, ол сандар есептін жауаптары. Оқушылар жауаптарын жылдап жабыстыру қажет. Ең жалдам аяқтаған команда жеңеді.

  4. "Кімнің гүл шоғы жақсы" тақтаның сол жағына есептер жазылған гүлдер, он жағына гүл салатын құмыра жабыстырамын. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Олар гүлдегі жазылған есептерді алып қатесін тексереді, дұрыс болса құмыраға іледі қате болса қоқысқа тастайды. Сонымен кім құмыраға көп гүл жинайды сол топ жеңеді.

  5. «Егін жина». Бұл ойынды топтарға бөліп орындауға болады. Тақтада алмаға толы алма ағашы ілулі тұрады. Оқушылар алманы алып артында жазылған тапсырманы орындайды дұрыс боса өз тобына апарады. Кім көп алма жинайды сол топ жеңеді.

  6. Келесі ойын оқушыларға өте ұнайды «Дұрыс жауапты таңда». Тақтаны екіге бөлемін бір жағында тапсырма екінші жағында жауаптары жазылған. Оқушы тапсырманы орындайды және оны жауабымен сәкестендіреді.

Сабақ барысында белсенді әдістерді қолдану ретінде «Әткеншек» әдісін атап айтуға болады. Бұл әдіст ереже сұрағанда, көбейту кестесін тексеруде өте қолайлы әдіс. Оқушыларды 1,2- ке санатып екі топқа бөлемін, «1» - лер ішкі шеңберге тұрады «2» - лер сыртқы шеңберге оқушылар бір-біріне қарап тұрады. Мұғалімнің белгісімен ішкі шенбер сұрақ қояды, сыртқы жауап береді.

Сабақты қорытындылау кезіңде «Бес жолды өлең» /Синквейн/ таптырмайтын көмекші. Бұл форма бір жағынан еркін шығармашылық екінші жағынан бір ережеге бағынады. Ережесі: бірінші жолда зат есім, екінші жолға синквейн тақырыбын ашатын екі сын есім, үшінші жолда іс -әрекетті сипаттайтын үш етістік, төртінші жолда оқушы құрастырған төрт сөзден тұратын сөйлем және соңғы жолда тақырыпқа қатысты синоним сөз.

Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыға да мұғалімге де қызықты. Әрине кез келген әдіс-тәсілдерді қолдануда оң және теріс жақтары болады.

Белсенді әдіс – тәсілдерді қолдануды оң жақтары:

  • Оқушылардың уәждерін және оқушылардың жақсы жақтарын дамытады;

  • Оқушылар өздігінен жұмыс жасауға үйренеді;

  • Пәнге деген қызығушылықтары артады;

Белсенді әдіс –тәсілдерді қолданудағы теріс жақтары бастауыш сыныптың ерекшіліктерін байланысты болады:

  • Эмоцияларын бақылай алмай шулап кетулері;

  • Рөлдерді бөлген кезде қиындықтар туады.

Бұл кемшіліктерді жою үшін:

  • белсенді әдіс-тәсілдерді бірте-бірте енгізу қажет;

  • оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу;

  • бір-екі әдістен көп қолданбау /көп әдістерді алуға болмайды/.

Қорыта келгенде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқу үдерсін жақсартатыны сөзсіз.



Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep

  1. «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi» ДББҰ «Мұғалімге арналған нұсқаулық» - Алматы, 2015.

  2. Орақова А.Ш., Жартынова Ж.А., Қойлық Н.О., Карнилова И.Б., Ким В.Н. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» - Алматы, 2014.

  3. «Интерактивные методы обучения в школе» автор А.Алексеева











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі