Қарағанды қаласы № 82
ЖББОМ
бастауыш сынып
мұғалімі
Омарова Забира
Кусаиновна
Бастауыш мектептегі
оқушылар мен мұғалімдердің жобалық
әрекеттері
Жобалау – «prоicere» деген
латын сөзі.Бұл сөз «жоспaрлау,дaйындaу» сияқты мағынаны немесе
жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жoба» ұғымы педагогика
саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да
кеңінен қолданылатыны белгілі.Заманауи білім беруде түрлендіру
объектісі, мақсаттық бағыты және нәтижелері жағынан айырмашылыққа
ие жобалаудың үш түрі басым:
-Әлеуметтік-педагогикалық
жобалау. Бұл түрі әлеуметтік ортаның өзгеруіне немесе әлеуметтік
мәселелерді педагогикалық құралдар арқылы шешуге
бағытталады.
- Психoлогиялық-педагогикалық
жобалау. Жобалаудың бұл түрінің мақсаты адамды және білім беру
үрдісі кеңістігіндегі тұлғааралық қарым-қатынасты қайта
өзгерту.
-Білімдік жобалау. Білімдік
жобалау білім сапасын және білім беру жүйесіндегі инновациялық
өзгерістерді жобалауға бағытталған.
Жобалық оқытудың мақсаты
тиісті деңгейде жүзеге асқан жағдайда оқушы төмендегі әрекеттерге
қол жеткізе алады:
-
Өзіне қажетті білімді өз
бетімен түрлі ақпарат көздерінен ала
алады.
-
Алған білімдерін танымдық және
практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалана
біледі.
-
Топтасып жұмыс жасау
нәтижесінде коммуникативтік дағдыларға ие
болады.
-
Оқушы бойында зерттеу
дағдылары (проблеманы анықтай білу, ақпарат жинақтау, бақылау,
эксперименттер жүргізу,гипотеза құру, жалпылау)
дамиды.
-
Жүйелі ойлау қабылеті
дамиды.
Бастауыш мектеп оқушысының
жасы – баланың ой- санасының дамуы үшін анағұрлым жағымды кезең
болып табылады. Нақты осы кезеңде баланың бойында өзіне және өзін
қоршаған дүниеге деген саналы көзқарасы қалыптасады. Жобалық әрекет
тұлғаның өзіндік дамуымен байланысты болып келетін келесі шеберлік
түрлеріне әсер етеді.
|
Зерттеулік
|
Бағалау
|
Ақпараттық
|
Тұсаукесерлік
|
Рефлексиялық
|
|
Тың ойларды ортаға салу және
қандай да бір проблемадан шығудың түрлі жолдарын таңдай білу
шеберлігі
|
Оқушы өз әрекетінің нәтижесін
бағалай алады және оны басқалардың жұмыс нәтижесімен салыстыра
біледі
|
Қажетті ақпаратты іздеуді өз
бетімен жүзеге асыру, жетіспеген мәліметтерді анықтау
шеберлігі
|
Балалар жобалық жұмыстарын
сыныптастары алдында қорғай алады. Қойылған сұрақтарға жауап бере
біледі.
|
Мен нені үйренуім керек?
сұрағына жауап бере білуі.
|
Көбіне оқушылар экологиялық
тақырыптарға байланысты жұмыстар алады.
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін
дамыту мақсатында 3-сыныпта
«Мен зертеушімін» аптасына 1
сағат таңдау курсы бағдарламасы жүргізіледі. Бұл бағдарлама
оқушылардың танымдық көзқарастарын кеңейтіп, зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыруға көмектеседі. Ұсынылып отырған бағдарлама 4 бөлімнен
тұрады: кіріспе сабақтар, жаттықтыру сабақтары, зерттеушілік
практикасы, зерттеушілік жобаларды қорғау және бағалау. Осы
бағдарлама нәтижесі:Мектепішілік XI оқу- зерттеу
жұмыстары сайысына3- сынып оқушысы Рымжан Айзере
«Су-тіршілік нәрі» тақырыбында,
Задаева Айым «Қара сабынның керемет қасиеті» тақырыбында, 4-сынып
оқушылары Оразалиева Фатима «Сарымсақтың пайдасы» және Ғабит
Назерке «Сәбіз және оның пайдасы» тақырыбында жобалар
жазып,қорғады. Жұмыстарды облыстық фестивалға да ұсынып, орындарға
ие болдық.
|
№
|
Оқушы
аты-жөні
|
тақырыбы
|
алған
орны
|
қайда
қатысты?
|
|
1
|
Рымжан
Айзере
|
«Су-тіршілік
нәрі»
|
Диплом
|
«Мен зерттеушімін» облыстық
фестивалі
|
|
2
|
Задаева
Айым
|
«Қара сабынның керемет
қасиеті»
|
Диплом
|
XI мектепішілік «Ғылым және
жаңа ұрпақ-2017» ғылыми тәжірибелік
конференция
|
|
3
|
Задаева
Айым
|
«Қара сабынның керемет
қасиеті»
|
Мадақтама
|
«Мен зерттеушімін» облыстық
фестивалі
|
Жобалық әдіс бастауыш сынып
оқушыларын өзіндік дамуға ынталандырады. Оқушылардың бойында түрлі
ақпарат көздерінен нақты бір тақырыпқа материал іздеу қажеттілігін
дамытады. Табылған материалдың өз жұмысы үшін маңыздылығын
бағалауға мүмкіндік береді.
Әр мұғалім оқушының
өзіне деген сенімділігін арттырып, өзара қатынасты жақсартып,
ата-ана – оқушы - ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен
жұмыс істеуі- бүгінгі заман талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
«Мен зерттеушімін» таңдау
курсының бағдарламасы
-
Ғаламтордан алынған
ақпарат