жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы
Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері
Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.
Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.
Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.
Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік, шыдамдылық, байқағыштық ж.т.с.с. қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.
Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.
Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.
Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері.
Тәрбиеші міндеті - тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа кенеледі.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр.
Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз.
Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.
Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.
Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға тәрбиелеу.
Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерді бұзушыларға төзбестік білдіру, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, қазақ жастарынан техника тетігін еркін меңгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.
Ұлттық ойын, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін жолға қою.
Елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу.
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Жастардың бойына ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, озара сыйластық-достық негізде өмір сүруге тәрбиелеу.
Жоғарыда көрсетілгендей тәрбиенің мақсаты мен міндетгерін көрсетумен қатар, оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру ірге тасын қалайтын мынадай негізгі қағидалар ұсынылады.
Тәрбиенің мазмұны оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-адамгершілікке, имандылыққа арқа сүйеуі қажет. Үздіксіз тәрбиенің негізгі ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақтың тәрбиесін іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы жүзеге асыру қажет.
Тәрбие жүйесінің барлық салалары, сатылар бір-бірімен сабақтас, үздіксіз жүзеге асырылуын талап ету, қамтамасыз ету.
Осы аталған тәрбие мазмұнын, мақсатын, міндеттерін терең түсіне отырып, негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәрбиешілерді көздеген мақсатына жеткізеді.
Тәрбие жүйелері және олардың дамуы.
Тәрбие үдерісінің құрылымы
Тәрбие үдерісі қапай жасалатыны, оның ішкі құрылымы қандай екенін білу оңай емес. Себебі бұл үдерістің ете күрделілігінен оның құрылымдық өлшем-шектеріде сан-алу-ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда біз осы үдерістің мақсаттары мен міндеттерін, тәрбие үдерісінің мазмұнын, оның өту жағдайларын, тәрбиеші мен гәрбиеленуші ара-қатынастарын, тәрбиелік істе қолданылған әдістер мен фор-маларды, үдерістің уақыт шектеріндегі даму кезеңдерін арқау етіп жүрміз. Аталған құрылымдық негіздердің кейбірінің сипат-тамасын берейік.
Тәрбие үдерісінің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан шешілуі тиіс міндеттер бірізділігімен белгіленеді. Осы таңдағы бастауыш мектеп тәрбиесінің бағыттары төмендегідей:
- жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;
- жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық сапаларын тәрбиелеу;
- оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік құнды-лықтарға араластыру;
- қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;
- оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қогам талаптарын бір-лікті ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу-ұмтылыстарын дамыту;
- жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі - қарым-қатынасын дамыту.
Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгілі сатылардан өтеді. Тәрбие үдерісінің бірінші сәтысы - оқушылардың өзінен талап етілген қалыптар мен әрекет-қылық ережелерін түсініп, угуы. Бұл талап орындалмай, көзделген тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.
Гуманистік педагогика тұжырымы: балапарға нені, не үшін және не себепті осылай істеу керектігін жалықпай, шыдам-мен түсіндіру қажет. Әрекет-қылық қалытарын игерудің негізгі жолы осы.
Білімнің нанымга айналу қажеттігі - басқаша емес, нақты осы әрекет-қылық типінің қажетгігін түсінуден. На-ным - өмірлік басшылыққа алынатын белмлі принциптер мен дүниетанымға негізделген тұғырлы көзқарастар шоғыры. Наным болмаған жерде тәрбие үдерісі қауқарсыз, дамуы баяу-лап, ұнамды нәтижеге жете бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, бала кіші жастыңөзінде көп нәрсені біледі, мысалы, мұғаліммен сәлемдесу керек, бірақ кей балалар мұны істемейді. Себеп: білік бала жанының азығы - наным деңгейінде меншіктел-меген. Тәрбие алғашқы "білім" кезеңінде тоқырап, "наным" кезеңіне жетпей қалған.
Сезімталдық тәрбиесі - тәрбие үдерісінің түпкілікті де аса маңызды және бір элементі. "Сезімсіз адам - кесек, ма-хаббатсыз адам - есек" - деп ұлы ғұлама А. Науаи айтқандай, адами көңіл шарпулары, яғни эмоция жұтаң ортада, ақиқат ізденісі жоқ, тіпті болмайды да. Ал балалық шақтағы көңіл сезімі - әрқандай әрекет-қылықтың қозғаушы күші. Сезімді әрлендіре, әрі оны арқау етумен тәрбиешілер көзделген талап-тар мен ережелердің дұрыс та тез қабылдануын қамтамасыз ете алады.
Алайда, тәрбие үдерісінің басты кезеңі - іс-әрекет қаншама ғанибет сұхбат, кеңес, түсіндірулер мен уағыздар болғанымен, олардан түсер нәтиже жоқтың қасы. Егер бала өз еркіндігін дербес жәрия ету мүмкіндігінен ажыралса, егер ол қателесіп, сұріне "маңдайын жарға ұрмаса", егер ол іс-әрекетке тікелей араласып тәжірибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-ша мол ақылға сай еркіндік беріп, олардың қылық-әрекетін іспен байланыстыра, білдірмей әрі әдептілікпен түзетіп, рет-теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжірибесінде бұл тәрбие кезеңі таза күйінде дербес өтпейді, ол әрдайым көзқарас, на-ным, сезімдерді қалыптастыру істерімен бірге орындалып ба-рады. Тәрбие үдерісі құрылымында педагогикалық мақсатқә сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бала іс-әрекетіне, тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берілсе, тәрбие тиімділігі соғұрлым арта түседі.
Сонымен, тәрбие үдерісі барша кезендерді өтуі тиіс, сон-да ғана ол тиімді. Ал нәтижелілікке сүйеніш болар кезеңдер - білім, наным, сенім - тұрмыстық іс-әрекетпен ажыралмас байланысты болуы заңдылық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген