400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Бастауыш сатыдағы білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды қолданудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Мен өз баяндамамда СТО-ның қаншалықты маңызды екеніне тоқталдым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сатыдағы білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды қолданудың ерекшеліктері

Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.

Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.

1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау режиміндегі сабақтың негізгі компоненті жоғары және төмен деңгейдегі тапсырмалар, сұрақтар болып табылады. Педагогикалық практикада Б.Блум жүйелеуі кеңінен қолданылады. Б.Блум жүйелеуі бойынша оқу тапсырмалары 6 деңгейге жіктеледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау. Осы деңгейлер өз кезегінде, жоғары және төмен деңгейлерге бөлінеді.
Төмен деңгейдегі сұрақтар (білу, түсіну) оқушыларды базалық біліммен қамтамасыз етеді, ал жоғарырақ деңгейдегі сұрақтар тапсырмалардың, сұрақтардың шешімін табуға ықпал етеді. Оқушылар материалды «игеру» үшін тақырыпқа кеңінен бойлайды. Оқушылардың тақырыптың мәнін терең түсіну қабілетін күшейте отырып, жағдайды салыстыруға, талдауға, синтездеуге, бағалауға және шешім қабылдауға болады.

Блум жүйелуі жақсы технологияландырылған: оқу тапсырмаларының әрбір деңгейі үшін оқу тапсырмаларының тұрпаттамалары анықталған, тапсырманың өзі басталатын етістіктер көрсетілген, оқу тапсырмасын мазмұндауда қолдану жөн болатын операнттар анықталған.

БІЛІМ – ең төменгі деңгей. Оқыту – есте сақтауға, жаттауға,тануға, еске түсіруге бағытталады;

ТҮСІНУ-таным мақсаты- мазмұнын айту, ақпаратты бір күйденекінші күйге аудару,өз сөзімен жеткізіп айту;

ҚОЛДАНУ- мәселені шешу,нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады;

ТАЛДАУ - бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру, қатысымдықтың ішкі құрылымынтабу, себептерінанықтау;

СИНТЕЗ –ауызша немесе нақты пән ретінде өзіндік, ерекше туынды жасау;

БАҒАЛАУ- бағалау шешімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе әртүрлі көзқарастар шешіледі.

Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Білу және түсіну

Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Талдау

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

Белгілі бір нәтижеге жету үшін біраз уақыт керек . Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қорытынды жасауға болады : оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп жатыр, еркін сөйлеуге, ой бөлісуге тырысып жүр, ізденеді, берілетін шығармашылық тапсырмаларды орындауға тырысады. Және байқағаным балалардың сөздік қорлары кеңейді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға үйренді;

- бір-біріне құрметпен қарауға үйренді;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тани біліді;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға үйренді;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренді;

- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге талпынады;

Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Сол міндет үдесінен шыға білсек – ұрпақ алдындағы аманатымызды орындаған болып есептеледі.

Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».

Әдебиеттер:

1. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

2. Орта мектеп жаршысы. Республикалықоқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011

3. Оқыту–тәрбиелеу технологиясы Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010ж.

4. Педагогикалық диалог, №1, 2014





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі