Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сынып ӘБ жетекшісіне лауазымдық міндет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:
______ Ж.Айнабекова
« » 2023жыл
«М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
31.08.2023жыл № 205 н/қ бұйрығының негізінде бекітілген қосымша 1
бастауыш сынып мұғалімі
Кузибай Ұлдана Сәрсембайқызының
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1. Жалпы ережелер
-
.Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ІІІ Еңбек кодексі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлермен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығы, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 заңы, жарғысымен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалады.
-
.Барлық мамандықтар мұғалімі директоры тарапынан кәсіподақ комитетінің уәжді пікірлерін ескере отырып қабылданады және босатылады.
-
.Мұғалімнің кезекті еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз жағдайда жүрген кездерінде оның міндеттері осы мамандықтағы өзге мұғалімге жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару директорының ҚР еңбек кодексі талап тарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
-
.Барлық мамандықтар мұғалімінің орта жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіби білімімен біліктілік деңгейіне сәйкес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.
-
.Барлық мамандықтар мұғалімі тікелей директордың орынбасарына бағынады.
-
.Барлық мамандықтар мұғаліміне зертханашы(егер мұғалім кабинет меңгерушісі міндетін атқаратын болса) және оқушылар бағынады.
-
.Білуге тиісті:
-
ҚР конституциясын,ҚР ның «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектер бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы », «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», заңдарын және басқада білім беру ісін дамы ту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;
-
Пән сабағын өту, тәрбие жұмыстарының әдістемелерін;
-
Оқу кабинеттерімен қосалқы орын жайларды жарақтандыру мен жабдықтануға қойылатын талаптарды;
-
Оқыту құралдарын және олардың диактикалық мүмкіндіктерін;
-
Білім беру ісімен педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттарын жәнеперспективаларын;
-
Құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыру педагогикамен психология негиздерин мемлекеттік жалпыга міндетті білім беру стандарттарын;
-
Педагогиканы, педагогикалық психологияны;
-
Педагогика ғылымымен практикасының жетистиктеримен;
-
Экономика негиздерин, еңбек туралы заңнамаларды;
-
Еңбек қорғау қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;
-
Санитарлық ережелермен нормаларды;
-
.Барлық мамандықтар мұғалімі компютерлерді және басқада ақпараттық коммуникациялық технологияларды, интернет желілерін тиімді пайдалана білуі тиіс:
-
.ҚР Білім беру министрлігінің 2002 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке бейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелері педагогика қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары туралы № 629 бұйрығына сәйкес мұғалім еңбекке ақы төлеу разряды бойынша біліктілікке қойылатын бірыңғай талаптарға сай болуы тиіс.
2.Функциялары
Мұғалім қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады.
2.1.Оқушыларды жас ерекшеліктерімен берілетін пән ерекшеліктерін ескере, олардың құқықтары мен еркіндігін сақтай отырып оқыту және тәрбиелеу.
2.2.Оқушылардың әлеуметтенуіне, олардың бойында саналы түрде таңдап алған жалпы мәдениеттің қалыптасуына және кәсіби және білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ету.
2.3.Оқу процесінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің және қауіпсіздік техникасының сақталу режимін қамтамасыз ету.
2.4.Әдістеме бірлестік отырыстарын, жұмысын ұйымдастыру.
2.5.Оқу жылының басында сағат жүктемесін бөлу.
2.6.ӘБ мұғалімдерінің өсу деңгейін бақылай отырып семинарларға, конференцияларға қатыстыру.
3. Лауазымдық міндеттері
Мұғалім мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады :
3.1. ӘБ жетекшісі бірлестіктің жаңа оқу жылына апталық, айлық, жылдық жоспар құру.
3.2. Оқушыларды даярлауда мемлекеттік білім беру стандартына сай деңгейге қол жеткізілуін қамтамассыз етеді.
3.3. Білім беру процесі кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды, оқушылар өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамассыз етеді.
3.4. Әрбір жазатайым жағдай туралы басшылығын жедел түрде хабардар етеді, дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек шараларын қолданады.
3.5. Білім беру процесінің жүргізілу жағдайларын жақсарту және сауықтыру бағытында ұсыныстар ендіреді, сондай ақ білім беру процесіндегі оқушылар қабілет қарымына кері әсер ететін барлық кемшіліктер жөніндегі кабинет меңгерушісін, басшылықты хабардар етіп отырады.
3.6. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында 1-10 сыныптарда критериалды бағалау жүиесін қалыптастырады.
3.7. оқу сабақтарында оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жөнінен нұсқама, жөн-жобалар береді, оны міндетті түрде сынып журналына немесе нұсқамаларды тіркеу журналына белгілеп отырады.
3.8. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру.
3.9. Белгіленген тәртіп бойынша оқушылардың қорытынды аттестациясына қатысады.
3.10.Белгіленген тәртіп бойынша педагог қызметін бақылау және бағалау мақсатында келген әкімшілігі өкілдерін сабаққа кіргізеді.
3.11. Дарынды және мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жасайды.
3.12. Сабақ өткізуге дайындалады, өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады, әдістемелік бірлестіктер қызметіне және қабылданған өзге де әдістемелік жұмыс түрлеріне қатысады.
3.13. Педагогика кеңесі жұмыстарына және әкімшілік өткізетін мәжілістерге қатысады.
3.14. Кезекшілік графигіне сәйкес сабақтар арасындағы үзілістерде, өз сабақтары басталғанға дейін 20 минут және аяқталғаннан кейін 20 минут бойынша кезекшілік етеді.
3.15. Мезгіл мезгіл медициналық тексеруден өтіп тұрады.
3.16. Тұрмыста, қоғамдық орындарда мұғалімнің қоғамдағы өз орнына лайық этикалық нормаларын сақтайды.
3.17.Оқушылардың білімін әр ай сайын бақылау жұмыстары немесе тест тапсырмалары арқылы тексеріп отырады.
3.18. Әр бір оқушының тілдік қабілетіне көңіл бөле отырып сөйлеу тілін дамыту.
3.19.Оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
4.Құқықтары
Мұғалім мыналарға құқылы:
4.1 Мекеме жарғысында белгіленген тәртіпте басқаруға қатысу.
4.2 Кәсіби абырой намысын қорғауға.
4.3 өз жұмысына баға берілген арыз шағымдармен, өзгеде құжаттармен танысуға, оларға тиісінше түсінік беруге.
4.4 Мұғалім тарапынан кәсіби этика нормаларының бұзылуына байланысты тәртіптік тергеп тексеру немесе қызметтік тексеру жағдайында өз мүддесін өзі және өкілі, соның ішінде адвокат арқылы қорғауға.
4.5 Заңда қарастырылған кейбір жағдайларды қоспағанда, тәртіптік тергеп тексеру құпиялылығының сақталуына.
4.6 Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін, оқу құралдары мен материалдарды, оқулықтарды, оқушылар білімін бағалау әдістерін еркін таңдауға.
4.7 Біліктілігін арттыруға.
4.8 Тиісті біліктілік категориясына ерікті түрде аттестатталуға және аттестациядан өткен жағдайда оны иеленуге.
4.9 Оқушыларға сабақпен үзіліс кездерінде сабақты ұйымдастырумен тәртіп сақтауға қатысты міндетті тапсырмалар беруге, жарғысымен оқушыларды ынталандыру және жазалау туралы ережелерде белгіленген жағдайлармен реттерде оларды тәртіптік жазаға тартуға.
5. Жауапкершілігі
5.1. ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша мұғалім мынаған жауап береді:
Оқу жоспарымен оқу процесі графигіне сәйкес білім беру бағдарламаларының толық көлемде орындалуына.
Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына.
Оқушылардың құқықтарымен еркіндігінің бұзылуына.
5.2. Жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының заңды өкімдерін, өзгеде жергілікті нормативті актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін мұғалім еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.3 Оқушылардың жеке басына тәрбиенің күштеу және психикалық қысым жасау әдісін бір ретте болса қолданғаны үшін, сондай-ақ тіпті басқада бейморальдық әрекеттері үшін мұғалім ҚР еңбек заңнамаларына сәйкес қызметтен босатылуы мүмкін.
Мұндай әрекеттер үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасы болып саналмайды.
5.4 Өз лауазымдық қызметін атқару кезінде мекемеге келтірілген зауалы немесе оқу процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін мұғалім еңбек және азаматтық заңнамаларда белгіленген көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
6.Лауазым бойынша өзара қарым-қатынас, байланыс
Мұғалім:
6.1 Оқу сабақтары кестесіне жалпы мектептік міндетті де жоспарлы шараларға қатысуымен нормасы белгіленбеген міндетті қызметті атқару жөніндегі өз жеке жоспарына сәйкес, бекітілген оқу жүктемелері көлемін орындау режимі бойынша жұмыс істейді.
6.2 Кезекті еңбек демалысына сәйкес келмейтін коникул кезінде әкімшілік тарапынан коникул басталғанға дейінгі оқу жүктемелерінен аспайтын көлемде педагогикалық, әдістемелік немесе ұйымдық жұмыстарға тартылады. Каникулдағы мұғалім жұмысының графигі директордың бұйрығымен бекітіледі.
6.3 Белгіленген тәртіпке сәйкес уақытша келмей қалған мұғалімнің орнын сағат бойынша және тариф бойынша ақы төлеу шартымен ауыстарады.
6.4 Уақытша келмей қалған өзімен мамандығы бірдей мұғалімдерді немесе сыныптағы мұның пәні бойынша сабақ беруде оқу жоспарынан қалып келе жатқан мұғалімдерді ауыстырады.
6.5 Әкімшілігінен нормативтік құқықтық және ұйымдық әдістемелік сипаттағы материалдарды алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып таныстырады.
6.6 Әкімшілік және педагог қызметкерлерімен өз құзіретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Кәсіподақ төрағасы: Д.Курбанов
« » __________ 2023ж.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
________________ ___________________
« » __________ 2023ж.