Бастауыш сыныптар арасында
өткен «Болашақ –менің қолымда »
№25 орта мектеп №258
бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 19.11-23.11 арлығында бастауыш сынып
әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталық оқушылар
жұмыс ұйымдастырудың рухани жаңғырту аясында ұйымдастырылып өз
деңгейінде өткізілді.
Мақсаты:
• Бастауыш сынып оқушыларының алған
білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен
алмасу;
• Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге
баулу;
• Білімдерін одан әрі жетілдіруге
дамыту;
• Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін
насихаттау арқылы отансүйгіш болуға
бағыттау.
Оқу үрдісін жетілдірумен қатар
баланың шығармашылық , жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра,
рухани –адамгершілік ,эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету
керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын
құра отырып келесі міндеттерді
қойды:
-оқушының оқуға деген оң мотивациясын
қалыптастыру.
-сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты
өткізу формаларын қолдана отырып, барлық балаларды оқу және тәрбие
үрдісіне тарту.
Өткізу
принциптері:
-
Әрбір бала апталақтың барлық шараларына
белсене қатысушысы болып табылу
керек.
-
Әрбір өткізілген іс –шара ,ашық сабақ, тәрбие
сағаттары белгіленген мерзімде өткізілсін .Өткізілген іс-шаралар
сынып жетекшісінің жауапкершілігіне
міндеттелсін.
Апталық мынандай жоспарда
құрылды:
1. 19 - қараша. «Болашақ менің
қолымда» апталықтың ашылуы .
2. 20-қараша «Ауылым –алтын бесігім » тақырыбында 1-4 сыныптар
арсында мәнерлеп оқу сайысы
3. 21-қараша « Сыныптың – » сынып ішіңде көркем жазу сайысын
өткізу.
4. 22 - қараша 1. «Менің сүйікті ауылым » ар түрлі тақырыпта сурет,
апликация, ермексазбен жұмыс жүргізіу «Өнерлінің өрісі кең»
шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру.
5. 23-қараша« Шынықсаң шымыр боларсың »салауатты өмір салтын
жақсарту аясында 3 - 4 сыныптар арсында спорттық жарыстар
ұйымдастыру
6. 27-қараша Апталықтың жабылуы .апталық қорытындысы бойынша
оқушыларды марапаттау.
Сонымен қатар барлық
сыныптарда ашық сабақтар өткізілді. Барлық өткізілген ашық
сабақтарда . тірбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары мен
мұғалімдері белсене ат салысты. Апталықтың ашылу барысында көптеген
іс- шаралар жүзеге асты.
Әр мұғалім өзіне берілген
жоспар негізінде жұмыс жүргізе отырып оқушыларды рухани байыта
отырып жүргізіді . «Менің Отаным-Қазақстан » тақырыбында 1-4
сыныптар арсында мәнерлеп оқу сайысы жауапты мұғалім : Шошаева
Жанна өз деңгейінде жұмыс жүргізе отырып комиссия мүшелерін құра
отырып балалар арасында коркем сөз байқауын откізді. Байқау өз
деңгейінде қойылған талап шарттар бойынша
өткізілді.
Сонымен бірге «Үлгілі
дәптерлер» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге 1-4 қазақ, орыс
сыныптар аралығындағы оқушылыр қатысты. Сайыс шарты бойынша әр
сынып жетекшілері өз сыныбының ішінен ең үлгілі деген дәптерлерін
іріктеу керек болатын. Әр сыныптан іріктелген дәптерлерді жинап
алып, комиссия мүшелері қарап шығып өз бағаларын
берді.
Комиссия мүшелерінің
құрамында:
1.Жумашева Ф.А. оқу-тәрбие
ісінің меңгерушісі.
2. Темирбекова О.И. мектеп
психологы
3. Естаева Б.И. мектептің
мейірбикесі.
Сайыстың шарты бойынша
дәптерлер мынадай критериялармен
бағаланды:
1.Ең таза, орфографиялық
талғамға сай дәптер
2.Жазуы әдемі, яғни жазу
элементтері сақталған дәптер
3.Дәптердің сырт
бейнесі.
Жоғарыда аталған шарттар
бойынша дәптерлер іріктеліп лайықты орындар берілді. Осы іріктелген
дәптерлер он күн бойы «Үлгілі дәптерлер» тақтасында ілініп тұрды.
Сонымен қатар оқушылар мақтау қағазымен
марапатталды.
«Нұрлы жастар –Болашаққа жол
бастар » әр түрлі тақырыпта сурет, апликация, ермексазбен жұмыс
жүргізу «Өнерлінің өрісі кең» шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру
1-4 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар берілген тапсырма
негізінде әр түрлі тақырыптар аясында жұмыстар жүргізді. Оқушылар
әр түрлі тақырыптар негізінде көптеген жұмыстар апликация ,ермексаз
, сурет салу бойынша ең үлгілі жұмыстар бойынша оқушылады жүлделі
орындармен марапатталды.
Тақырыбы: « Шынықсаң шымыр
боларсың! »
Мақсаты: Балаларға денені
шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына
көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл – күйде болуын
қалыптастыру, тепе – теңдікті сақтау, шыңықтыру жаттығуларына,
сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру. Денелерін
шынықтырып, сымбатты түзу өсуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Доп, құрлау, жалаушалар,
қапшық, гимнастикалық орындық, үрленбелі
доптар.
Балалар бір қатар болып,
әуенмен залға кіріп, шеңбер болып
тұрады.
Күн болып біз
күлеміз,
Шуақ боп жайнап
жүреміз.
Денемізді
шынықтырып,
Ұзақ өмір сүреміз. Осы ұранды
басшылыққа ала отырып « Шынықсаң шымыр боларсың
»салауатты өмір салтын жақсарту аясында 3 - 4 сыныптар арсында
спорттық жарыстар өткізілді . 4 турдан тұратын бұл спорттық жарыс
бойынша 5 сынып қатысты . Осы жарыс негізінде бас жүлдені 3 «А»
сынып оқушылары, I –орынды 3 «Ә» сынып оқушылары , II –орынды 3 «Б»
сынып оқушылары ,Ⅲ-орынды 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары жеңіп алып
жүлделі мақтау қағаздарымен марапатталды. Осы спорттық жарыстар
аясында
Райымбекова А,Д 3 «А»
сыныбында «Өкпені шынықтыру »
жаратылыстану пәні бойынша сабақ өткізілді . Сабақ өз мақсатына
жетті барлық бала сабаққа жақсы атсаласып отыр Оқушылардың
тәртібіне байланысты бір ұсыныс айтылды оқушылар топпен жұмыс
жасауға толық машықтанған.
Осы жоспар негізінде барлық
сынып жетекшілер өз сыныптарында ашық сабақтар өткізді. Барлық
сынып жетекшілер сабақтарын жоғарғы деңгейде
өткізді.
Прощай золотая осен!
Тақырыбынды 2 «Б» сыныбында ата-анлар мен оқушылар арасында сайыс
өткізілді .
27-қараша күні апталықтың
жабылу салтанатты өтті. Апталықтың жабылу салтанатын әдістемелік
бірлестігінің жетекшісі Райымбекова Алмагул Джанахметовна
жүргізді.Апталық кезінде өткен суретшілер сайысы , көркем сөз
сайысы , спорттық жарыстар негізінде өткізілген шараларда орын
алған оқушыларды марапаттап апталық
қорытындыланды.
Іле ауданы білім бөлімі
Мемлекеттік комуналдық мекемесі №25 орта
мектеп
Тақырыбы: «Болашақ менің қолымда!
»
Әдістемелік бірлестік
жетекшісі : Райымбекова .А.Д
Тақырыбы:
«Болашақ менің қолымда
»
Мақсаты:
• Бастауыш сынып оқушыларының алған
білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен
алмасу;
• Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге
баулу;
• Білімдерін одан әрі жетілдіруге
дамыту;
• Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін
насихаттау арқылы отансүйгіш болуға
бағыттау.
Түрі: Сыныптан тыс іс –
шара
Көрнекіліктері: Слайд
шоу.
Сабақ
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушыларды салтанатты кешке
тұрғызу.
1 –оқушы : - Уа, халайық,
халайық,
Бәріңе жар
салайық.
Бүгінгі күн
төрінде
Дарындылар
елінде
Тапқыштардың
тілінде,
Есеп шешіп,
жарысып
Жұмбақ шешейік
аңдысып
2 – оқушы
:
Шабыт тасып
шалқысып,
Есеппенен ән
салысып.
Көңілді апта
жасайық
Жұмбақ шерді
шашайық
Ат салысып
аянбай
Бар өнерге
басайық
3 –
оқушы.
Асып әсте
саспайық
Батыл қадам
бастайық
Еркіңді билеп
барынша
Жарыста сірә,
қалыспа Апталақтың
қызығын
Осылайша
шабытпен
Кәне енді
бастайық.
4 -
оқушы
Мұнда қызық
табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі
бар.
Айтыс, тартыс тағы
бар
Сөз жұмбақ та, сан
жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш
жұмбақ.
О - о - ой, бір қызық апта
болар,
Өздеріңмен бірге
болар.
Бастауышым - бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Белді бу жас данам.
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда-дей отырып
Барлықтарыңызды бастауыш сынып апталығының
ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар,
жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді
жастар екенімізді
көрсетейік!
Бастауыш сыныбымызды ардақ тұтып мақтан етер
кез келді . Бастауыш сынып пәндерін басшылыққа ала отырып пәндер
арсында көркем жазу ,шығармашылық сайыстар, мәнерлеп оқу сайысын
өкіземіз.
1. 19 - қараша. «Болашақ
бағдар : рухани жаңғыру» апталықтың ашылуы .Жауапты мұғалім :
Хаирманоава , Раимбекова А.Д
2. 22-қараша «Менің сүйікті ауылым » тақырыбында 1-4 сыныптар
арсында мәнерлеп оқу сайысы жауапты мұғалім : Стамбеаова
Ж,Курмангазиева Т.Т
3. 21-қараша « Сыныптың –үлгі тұтар дәптері » сынып ішіңде көркем
жазу сайысын өткізу.Жауапты мұғалімдер : Байдаулетова Лаура ,
Мизамкулова Жанерке.
5. 23-қараша« Шынықсаң шымыр боларсың »салауатты өмір салтын
жақсарту аясында 1-4 сыныптар арсында спорттық жарыстар .Жауапты
мұғалімдер : Хайдаров Әлібек ,Нұрқаев Самат
Сыныптар арсында ашық сабақтар өткізу барлық мұғалімдерге
жүктелсін.
19 қараша -мен 24 қараша аралығында 1-4 сынып арсында өткізілетін
іс шараларға баріміз бір ауыздан ат
салысамыз.
Мұғалім: Бастадым білім нұрын
бастауыштан,
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Бастауыш саған мәңгі басымды ием. Дей отырып келесі кезекте
оқушыларымыздың өнерін тамашалайық
Алдарыңызда 4«А» сынып
оқушыларының орындауында «Қазақстан » әнін
тамашалаңыздар.
Мұғалім:
Әр жыл сайын қаруланып
біліммен,
Бала шақтан болашаққа ұмтылған.
Жайнаттың үмітімді біліммен,
Бастауышым бізді алға бастаған 4 - оқушы. Әрқашанда білім көптік
етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік өрендерге талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
5 - оқушы: Бастауышым - бал бұлағым
Лаулап жансын шам - шырағың
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраның
6 - оқушы: Бастауышым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
7 - оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышым,
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
0 «А» сынып оқушыларының «Шашу » биін
тамашалаңыздар
Мұғалім
;
Мәре болған білімге,
Мән көп ана тілінде.
Сөз беремін алдымен,
Сүйкімді біздің тілдерге.
3 «А» сынып оқушыларының көркем сөз өнеріне
кезек берейік. Мұғалім:
Бастауышым - бал бұлағым
Лаулап жансын шам - шырағың
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраның келесі кезекте 1 «В» сынап оқушысы
орындауында
Мықты болсаң – алдағыны басып
оз,
Мықты болсаң – арттағыны
жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк
мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып
өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей
отырып, мықтыларға арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға
үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс
тілейміз!