Материалдар / Бастауыш сынып бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісінің есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сынып бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісінің есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісінің есебі барлық жетекшілерге де көмекші болар еді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
3296
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып әдіс бірлестігі жұмысының қорытындысы 
Біздің Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының бастауыш сынып бірлестігінде де жұмыс өз деңгейінде өткізілді деп есеп бере аламын.
Біздің бірлестікте 9 мұғалім жұмыс жасайды. Екі мұғалім мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, жетеуі бастауыш сынып мұғалімі. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктерін үйрене отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру» Мақсаты: Инновациялық технология тәсілдері арқылы сапалы білім, пайдалы тәрбиені бойына сіңірген жан-жақты дамыған, білімді оқушыны тәрбиелеу,оқу-тәрбие үрдісінің жоғарғы нәтижесіне жету.Міндеттері: Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру; ӘБ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау тарату; Оқу –тәрбие жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру; Әрбір мұғалім өзіндік білім көтеру жоспары және өз проблемасы бойынша жұмыс жасады. Мектеп әкімшілігі бастауыш сыныптардың сабағына қатысады. Қатысқаннан кейін мұғаліммен бірге сабақтың мазмұны мен құрылымына талдау жасайды. Жас мамандарға кеңестер мен ұсыныстар береді. ӘБ отырыстарында білім сапасын көтеру жолдары мен қандай әдіс тәсілдер қолданады, қандай педтехнологияларды пайдаланған тиімді, тағы басқа мәселелер қарастырылады. Тақырыптық күнтізбелік жоспар құрастыру, күнделікті сабақ жоспарын жазуға ұсыныстар, кеңестер беріледі. Оқу жылы барысында оқу ісінің меңгерушісі, тәлімгерлер сабақ жоспарларын жазуға көмектер мен кеңестерін береді. Өзіндік білім көтеру жоспарында әрбір мұғалім өзінің тақырыбына байланысты мәліметтер, жаңалықтар жинайды. Интернет желісінен керекті материалдарды алып жинақтайды. Басқа мұғалімдердің жұмыстарымен салыстырып, талдау жасайды. Өз білімдерін көтеру курстарын өтеді. 
Әдістемелік бірлестігінің отырыстарында 2017 - 2018 оқу жылы әдіс бірлестігінің жоспары талданып, бекітілді. Қыркүйек айында 2-4 сыныптар арасында оқушылардың бастапқы білім деңгейлерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Оған жауапты пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері. Бақылау жұмыстарын жүргізді, оқу техникаларын тексерді, дәптер, күнделіктерін тексерді. Әр сынып жетекшілері өздеріне жүктелген жұмыстарды тексеріп, анықтама жасап, қорытынды шығарды. 
Қазан-желтоқсан айындағы бірлестік отырыстарында баяндамалар оқылып, талдау жасалды.Онда қазіргі кездегі білім беру аясының қозғап отырған мәселелері жөнінде кеңінен тарқатып айтылса, «Ойын арқылы баланың тілін дамыту» деген баяндамада бес жастан мектеп есігін ашқан баланың әлі де тілінің дамуына ойын арқылы қалай көмек көрсетуге болатынын баяндады.Қабесова Г.Қ. , Ефименко О.М. өз баяндамаларында жаңартылған бағдарламалар туралы ой толғау жасап талқылады.Баяндамада балалардағы қол шеберліктерімен қатар, олардың ойлау қабілеттерін арттыру жолдары,өткен сабақтар ды қорыту жолдары әңгімеленді. Баяндамадан соң әр мұғалім өз ойымен бөлісіп, пікірта лас болды.Сондай-ақ мұғалімдер өзара сабаққа да жиі қатысып отырды. Мақсаты: өзара тәжірибе алмасу. 
Бастауыш сыныпта 2-4 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өтті. І-турға барлық оқушылар қатысты. ІІ-турға 39-40 ұпай жинаған оқушылар қатысты. Олимпиада -ның соңы жоғары балл жинаған оқушыларды мадақтап, бағалаумен қорытындыланды. Желтоқсан айының соңында балалардан жарты жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды. Тексерілген жұмыстар: 
А) оқушылардың күнделіктері ә) оқу жылдамдығы . б) сын жұмыстары мен жазба жұмыс ,тоқсандық қорытынды. І-жартыжылдық бақылау жұмыстары өткізілген соң талдау жасалынып, бастапқы білім деңгейлерінің қорытындысымен салыстырылды. Қорытынды шығарылды: 
• Нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс жүргізу; 
• Оқу техникасын жақсарту жолдарын қарастыру, ата-аналармен жұмыс жасау, 
• Күнделіктерін дұрыс толтырылуын қадағалау, 
• Дәптерлерін уақытында тексеріп, жазуы мен грамматикалық қателеріне көңіл бөлу, осыған байланысты жұмыс жүргізу. 

Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері желтоқсан айында ашық сабақтар онкүндігін өткізді. 1-сыныпта«Буква и звук Т» тақырыбында Желтова Мария Николаевна,Қабесова Гүлдерай Қорғанқызы математика сабағынан «Ондықтармен санау» тақырыбында жоғары деңгейде өз сабақтарын өткізіп шықты.Екі мұғалім де балалармен біріге жаттығу жасады. Балалар белсенді жұмыс істеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істей алатындығы байқалды. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетті. Сабағы барлық қонақтарға ұнады. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың жолдарын көрсете алды.  2-сынып мұғалімдері О.М.Ефименко жаратылыстану сабағынан «Зубы», Г.Ғ.Құмарғали «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізіп,балалардың қызығушылықтарын арттыра білді.Сабақтарында ұстаздар түрлі көрнекіліктер мен сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер мен жаңылтпаштар қолданып, балалар дың білім деңгейін арттыруға үлес қоса алды. Скоробогатова Ирина Владимировна «Охрана воды» тақырыбына сабақ өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Сабақта интерактивті тақтамен туған жеріміздің көрікті жерлері,өзендер мен көлдер туралы слайдтар көрсетті. Оқушылар тақпақ, мақал-мәтелдер айтты. Өлең айтты, би биледі. Сабақ өте тартымды, әсерлі болды. Оқушылар қаншама тәрбиелік және эстетикалық әсер алды. Тілдері дамыды. Өздерін кең сезініп, жақсы жақтарынан көрсетті. 3-сыныпта дүниетану пәнінен  тест жұмысын байланыстыра отырып «Воздух» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар планеталарға саяхатқа барып, планеталар туралы қысқаша мағлұматтар алды. Әр планетаға бару үшін әртүрлі тапсырмалар орын дап отырды. Интерактивті тақтаны қолданды. Сабақ тартымды өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Көз жаттығу, ойындар өткізілді. Логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ сонында планеталар санына байланысты сабақ бағаланды.А.М.Рахматуллина мен А.А.Сисангалиевна сауат ашу сабағынан «Д дыбысы мен әрпі» , «А және У дыбыстары» тақырыптарында сабақ өткізіп, балаларға қызықты әріптер еліне саяхат жасатты.Апталықтың соңында балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар беріліп,қабырға газеттері шығарылып, сөзжұмбақтар мен ребустар жасырылды. Балалар бұл кезеңге де үлкен қызығушылықпен катысты. Қорытындылай келе , сабақтың жақсы жағы мен қатар кейбір жетіспей жатқан жақтары бар екені де ескеріліп, жалпы бастауыш сынып бойынша балаларда өз ойларын ашық айту жағы жетіспейтіндігі,өз бетімен жұмыстану кемшіндеу екені, сондай-ақ кей мұғалімдер дің тәжірибесінің аздығынан балалармен көбірек жұмыстану керектігі ескертілді. Желтова Мария Николаевна 30.06.2017 оқу жылында «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында білім жетілдіріп сертификат алса, , Қ.Г.Қабесова «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыптарында 3.11.2017- оқу жылында оқуға барып,білімдерін жоғарылатып сертификат алып келді. Сонымен қатар білімдерін жетілдіру мақсатында мұғалімдер қашықтан оқыту олимпиадасына, интернет олимпиадаларына,республикалық және облыстықбасылымдарға өз тәжірибелерін бөлісу мақсаттарында сабақтарын жіберіп отырады.Олардың қатарында Қ.М.Тұрсынғалиева, М.З.Гизатова,Г.Ғ.Құмарғали секілді мұғалімдер бар. Бұл мұғалімдер осы еңбектеріне сай сертификаттармен және алғыс хаттар, марапаттаулар алып ,еңбектері журнал беттеріне жарияланды.2018-жылдың сәуір айында аудандық интелектуалдық «Жас өркен» марафонына төртінші сыныптан екі оқушы қатысты. Балалар сондай-ақ интернет конкурстарға да қатысып, шығармашылық жұмыстарын газет пен журнал беттеріне де жариялап отырады.Олар өздері салған суреттері мен жазған әңгімелері мен өлең жолдарын жариялады. Ол оқушылар:Баширова Виолетта 3-класс облыстық фото конкурс 2-орын, Назарбеков Айбек, Самат Кәусар,Утебаев Дәулетбай :Республикалық «Оқушы шығармашылығы» жобасына қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.

. Сонымен бірге сабақтастықты дамыту мақсатында балабақша мен бастауыш сынып мұғалімдері, жоғары сынып мұғалімдері мен төртінші сынып оқушылары арасында да жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отырылды. Жоғары сынып мұғалімдері төртінші сынып оқушыларына сабақ берсе, төртінші сынып мұғалімдері даярлық сынып бүлдіршін деріне сабақ беріп өз тәжірибелерімен бөлісті.

Төртінші сыныпқа жоғары сыныптың мұғалімдері Кулжанова Света Қанатуллаевна мен Ольга Владимировна Мухитдиновна математика пәнінен, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ғарапша Гүлназ Ерланқызы мен Кужабаева Айнұр Мойнақбаевна қазақ тілі мен әдебиеті,Ляшева Ольга Владимировна орыс тілінен, Мухитдинова Ольга Владимировна математика, Таксымбаев Серик Исагалиевич пен Қажияхметов Ақтілек Махамбетович дүниетану пәнінен сабақ беріп сабақтастықты жалғастырды. Жоғары сынып мұғалімдері сабақ берген кезде екі сыныптың балалары да өздерін қалыпты ұстады. Әсіресе математика сабағынан тәжірибелі мұғалім С.Қ.Кулжанова мен О.В.Ляшева сабақ берген кезде балалар үлкен қызығушылықпен қатысып,көзге түсті Сабақ өте қызықты өтті. Ал мектеп алды даярлық тобына бастауыш сынып мұғалімдері Тұрсынғалиева Құндыз Мейрамовна мен Құмарғали Гүлнара Ғарапшақызы қазақ тілінде білім алатын топқа математика мен тіл дамытудан,бейнелеу мен айналамен танысу сабақтарынан «Табиғат бұрышындағы тіршілік», «Спорт-денсаулық кепілі» «Біз спортшымыз» тақырыптарында сабақ берсе, орыс тілінде оқитын топқа Скоробогатова Ирина Владимировна математика мен тіл дамытудан бекіту тақырыптарына сабақ беріп,балалар мен жұмысты әрі қарай жалғастырып дамыта алды. Даярлық тобына сабақ ойын және саяхат түрінде өткізілді. Бүлдіршіндер өз білгендерін еркін ортаға салды. Балалар ұстаздарға тез үйреніп кетті, себебі бұл ұстаздар бұдан бұрын да бұл топтарға келіп сабақтарына қатысып жүрген еді.

Қ.М.Тұрсынғалиева«Алғыс хат»www/ Алматы 2018 bilimnur/kz, Сертификат bilimnur/kz сабақ, Сертификат 45 минут сабақ,Сертификат «Өрлеу» сабақ:

М.З.Гизатова «Алғыс хат»www/ Алматы 2018 bilimnur/k. Диплом 1-дәрежелі bilimnur/kz Сертификат bilimnur/kz сабақ: «Разнообразие мира животных» Сертификат 45 минут сабақ: «Умножение на однозначное чисел с помощью разложения на разрядные слагаемое», Сертификат «Өрлеу» сабақ:«Посиделки в русской избе» Г.Ғ.Құмарғали «Алғыс хат»www/ Алматы 2018 bilimnur/kz, Сертификат bilimnur/kz сабақ: Сертификат 45 минут сабақ: Сертификат «Өрлеу» сабақ:

Құмарғали Г.Ғ.: 2018-жылдың сәуір айында аудандық интелектуалдық «Жас өркен» марафонына төртінші сыныптан екі оқушы қатысты. Баширова Виолетта 3-класс облыстық фото конкурс 2-орын,Назарбеков Айбек, Самат Кәусар,Утебаев Дәулетбай :Республикалық «Оқушы шығармашылығы» жобасына қатысып, алғыс хат. Жыл соңында аудандық білім беру бөлімінен жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде жетекші және серіктес мектептер арасында жүргізілген әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Желтова М.Н. мен Қ.Г.Қорғановнаға алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ оі меңгерушісінің жетекшілігімен Чинарев негізгі мектебіне жаңартылған білім беру мазмұнына байланысы бағалау әдістеріне байланысты көмек беру бағытымен аймақтық семинар өткізіліп,біздің мектептен екі мұғалім баяндама жасады .Олар: Г.Ғ.Құмарғали мен Гизатова М.З.

Оқу жылының аяғында әкімшілік тарапынан бақылау кесінділері алынды. Оқу жылдамдықтары тексерілді. Мұғалімдер оқушылардың дәптерлерін тексерді, күнделіктер тексеріліп анықтама жазып, қорытынды жасалды. Жыл соңындағы өткізілген «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілік те ата -аналардың ұйымдастыруымен көңілді де қызықты болып өтті.Балалар ән айтып ,би билеумен қоса әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, жауап алып қонақтармен де байланыс орната алды.Кеш соңында балаларға арналған тәтті стол ұйымдастырылып,олармен осы жылдар бойына бірге болған сыныптың ұстаздарына ата- аналар өз алғыстарын білдірді. Жұмысымызды қорытындылай келе,2017-2018 оқу жылын толық үлгеріммен аяқтай отырып,осы оқу жылын 1 «а» сыныбы 100%, 4 «а» сыныбы 100 %, 3 «а» сыныбы 88%, 2 «а» сыныбы 75% , 1 «б» сыныбы 76%, 2»б» сыныбы 50%, 3 «б» сыныбы 50%, 4 «б» сыныбы 52%-дық көрсеткішімен жыл бойындағы кездескен төмендегі қиыншылықтар мен кемшіліктерді саралай алдық:

  1. Электронды сынып журналын уақытында толтырып тұруды қолға алу .

  2. Өзара тәжірибе алмасу бағытында сабақтарға көбірек қатысу керек.

  3. Балалармен жұмысты жандандыруды алда да үзбей жалғастыру қажет.

  4. Алдағы кезде балалардың тілін дамыту мақсаттарында кітапханамен жұмысты қолға алу.

  5. Жаңартылған бағдарлама бойынша үнемі білім жетілдіріп,жаңалықтармен үзбей танысып отыру.

  6. Баспа беттерінде өз тәжірибелерін жиі жариялап,басқа ұстаздардың іс-тәжірибелері мен бөлісіп отыру.

  7. Аудандық немесе мектепаралық жарыстарға оқушыларды жиі қатыстырып отыруды қолға алу.



Әб жетекшісі: Құмарғали Г.Ғ.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!