400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Бастауыш сынып бойынша жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып бойынша жылдық есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар бойынша 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жылдық есеп

2019-2020 оқу жылында бастауыш сыныптардың әдістемелік тақырыбы

«Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру».

Мақсаттары мен міндеттері:

-Жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогтардың білімі мен біліктілігін шыңдау арқылы білім берудің тиімді жолдарын қарастыру;

-Теориялық білімін практикада шыңдау;

-Оқушылардың белсенділігін арттыру;

-Білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтеру.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру,шығармашылық әлеуетін көтеру. Бастауыш сынып мұғалімдердің саны- 19, жоғары білімді –7, аяқталмаған жоғары– 2 , орта –10 , Магистр- 0

Оқу жылы «Өрлеу» ОПКБЖжҚДИ , ПШО базасында біліктілігін арттырған мұғалімдер (жаңартылған білім мазмұны бойынша): Соболева Ольга Вячаславна, Богданова Н. А, Женисова А. Б, Абдрахманова А.А., Конусова Л.Д., Кажиева С.Ж., Жубанышова Г.А., Мағзомова Р.Д., Койбагарова М.А., Нурмухамбетова Т.Н., Муратова А.Н., Карабалина М.К., Джумагалиева А. А өз білімдерін жетілдірді.

Оқу жылының қортындысы бойынша бастауыш сыныпта барлығы 379 оқушы, қазақ сыныбы 263 , орыс сыныбы 114 оқушы аяқтады.

Білім сапасы 76,78 пайызды құрайды, оның қазақ сыныптары бойынша 263 оқушымен 73 пайызды. Ал орыс тілді сыныптарда 114 оқушымен 66,67 пайызды көрсетіп отыр. Бастауыш сыныптардағы жоғарғы көрсеткіші қазақ тілді сыныптарда 1 сынып көрсетті. Ондағы білім сапасы 79,26 пайызды құрады.1 сыныптарда 78,16 пайыз, 2 сыныптарда 78,16 пайызды,

3 сыныптарда 65.51 пайыз. 4 сыныптарда 59,69 пайыз. Жалпы көрсеткіш.

Орыс тілді сыныптарда 1 сынып 75 пайыз, 2 сыныпта 75 пайыз,

3 сынып 66,66 пайыз, 4 сынып 48,14 пайыз. Барлық орыс сыныптарында.

2019 жылдың қазан айында бастауыш сынып пен 5 сынып арасында « Сабақтастық – оқыту мен тәрбиелеудегі жетістікке жету кепілі» оқушылардың бейімделуі және қиындықтарын анықтау пәндер бойынша бастапқы тексеру нәтижелерін талдау бірыңғай орфаграфиялық тәртіптің сақталуы бағытында мұғалімдер сабақтарға кіріп оқушылардың білім нәтижелерін байқады.

4 сыныптарда ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын айына 4 рет жүргізіліп, әкімшілікке есеп тапсырылып отырды. Оқушылардың білім-білік дағдыларының сапасын мектеп ішілік бақылау. Оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауда оқу техникасы (2-5 сынып). 18.09.19-30.09.19 аралығында тексерілді. Өте жоғары денгей көрсеткен 4 сынып оқушылары болды. Оқушылардың даптерлері түгел , қапталған уақытылы тексерілген. 03.10.19-13.10.19 аралығында 1-4 сынып өзін-өзі тану сабақтарына қатысып, Карабалина М.К мен Белгина А.Ж сабақтарына қатыстым. Сабақта мұғалімнің өзін – өзі ұстауы, жаңа мазмұн бойынша сабақ берулері оқушыдан нақты жауап ала білді. Сабақтары жоғары денгейде өткізілді. Ұзартылған күн тобындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылудағы жай-күйі. 10.10.19-15.10.19 тексеріліп, мұғалім Құсекен А жіберілген қателіктері айтылып,түзетілді. 15.10.19-.25.10.19 2-4сыныптардың математика пәндері бойынша сабақтарда оқушы белсенділігін ұйымдастыру әдістемесімен танысып оқушылардың білімдері дәптерлері тексерілді. Оқушылардың даптерлері түгел , қапталған уақытылы тексерілген. 22.10.19-27.10.19 2 сыныптардағы қазақ тілі пәнінен бақылау дәптерлері. Бірыңғай орфографиялық талаптардың орындалуын тексеру. 25.10.19.-31.10.19 Күнделік kz. Пән мұғалімдерінің күнделікті толтыру жағдайы тексерілді мұғалімдерге жіберілген кемшіліктерін уақыт беріп түзетілді. 15.11.19-25.11.19 аралығында 2,3 сыныптардағы ағылшын тілінің берілу жайы тексерілд. Пән мұғалімдері Кубашева Т.Ж ,Ахметкалиева В.А, Жаңбырбаева М, Жумагалиева К.С сабақтарына қатысып , оқушыларға берген сабақтарын жоғары денгейде көрдік. 02.11.19-12.11.19 Маман мұғалімнің жұмыс жоспарының және нормативтік құжаттарға қойылатын талаптардың орындалуын тексерілді.Жіберілген қателіктері ескертіліп тез арада орындады. 05.11.19-15.11.19 аралығында 3-4 сынып оқушыларының оқу үлгірімі мен білім сапасын зерделеу жүргізілді.

Ұзартылған топтағы оқушылардың,шағын орталық тәрбиеленушілерінің сабақтарын ұйымдастырудағы сапалық жағдайына сараптама. 03.12.19-13.12.19 аралығында жүргізілді. Қадырғожина А.Ж, Байболова Ж.Т, Коробко В.А, Қазиева Б мұғалімдерінің сабақтарына қатыстым . Жас бүлдіршіндерге жаңа мазмұн бойынша дәрістерін беруде. Шо орталықтағы Денекешова Н мен Айтымбетова Ж сабақтарына қатыстым бұл топтарда балалардың қол маторикасына ден қойылған. Балалардың қайшымен жұмыс жасаулары толық қалыптасқан. 03.12.19-23.12.19 1-4 сыныптардағы ТЖБ қорытындысын сараптау. Тоқсан соңындағы қортындылармен модирациялары тексерілді. Шағын-орталық жұмысы. Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар және бiлiм стандартының орындалуын тексеру. 09.12.19-19.12.19 аралығында жүргізілді. 1-4 сыныптардың электрондық журналдарының толтырылуы. Пән бойынша бағдарламаның орындалуы, тоқсандық бағаның нақтылығын тексеру. 27.12.19-.09.01.20 жүргізілді. 4а,4ә, Математика, пәндері бойынша сабақтарда оқушы белсенділігін ұйымдастыру әдістемесімен танысу. 15.01.20-.25.01.20 аралығында тексерілді. Күнделіктің дұрыс толтырылуы және орфографиялық режимнің сақталуы. 22.01.20-27.01.20 тексеріліп, жіберілген кемшіліктер ескертіліп, түзетілді. Бірыңғай орфографиялық талаптардың орындалуын тексеру. 22.01.20-27.01.20 аралығында бақыланды. 1,2,3 сыныптардағы ағылшын тілінің берілу жайы. 15.02.20-25.02.20 тексерілді. 3-4 сынып оқушыларының оқу үлгірімі мен білім сапасын зерделеу. 05.02.20-15.02.20 аралығында тексерілді. Ұзартылған күн тобы,шағын-орталық тәрбиешілерінің жұмысы. Ұзартылған топтағы оқушылардың,шағын орталық тәрбиеленушілерінің сабақтарын ұйымдастырудағы сапалық жағдайына сараптама. 03.03.20-13.03.20 тексеріліп сараптама жасалынды. Бірыңғай орфографиялық талаптардың орындалуын тексеру. 22.04.20-27.04.20 математика пәндері бойынша тексеріс жүргізілді. Маман мұғалімнің жұмыс жоспарының және нормативтік құжаттарға қойылатын талаптардың орындалуын тексеру. 12.05.20-22.05.20 аралығында дефектолог , психолог, логопед жұмыстары тексерілді.

Қорыта келе бастауыш сыныптарда күнделік kz журналдары толтырылып, 100 пайызды көрсетіп отырады. Кейбір мұғалімде 100 пайыз шықпай жатады себебі уақытында күнделікті толтырмайды . Бұл мұғалімдерге ескертулер берілді. Ата аналарда өз балаларының күнделікті бағаларын қарап отырады.

2019-2020 оқу жылындағы бастауыш сыныптардың жыл бойғы тексерілген жұмыстары директор жанындағы кеңесте, оқу ісі жөніндегі орынбасарларының кеңесінде қаралып талқыланып, жіберілген кемшіліктерді келесі оқу жылында жібермеуге тырысамыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі