Материалдар / Бастауыш сынып және мектепалды даярлық арасындағы сабақтастық. Баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бастауыш сынып және мектепалды даярлық арасындағы сабақтастық. Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
2299
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып және мектепалды даярлық арасындағы сабақтастық


Нысанбаева Эльвира Токтасыновна

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

бастауыш сынып мұғалімі


Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді.Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады.Мектепалды даярлықта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп,бастауыш сыныпқа келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.

Мақсаты:Мектепалды даярлық пен бастауыш арасындағы сабақтастықты жүзеге асырудың психологиялық- педагогикалық жолдарын айқындап,оқу- тәрбие жұмыстарын соған лайықтап ұйымдастыру;
жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығын бақылау, зерделеу;

мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;

мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру.  
салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру;

қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)

мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;

әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында 2016-2017 оқу жылына арналған мектепалды даярлық тобымен жүргізілген сабақтастық жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілерімен әңгімелесіп, балалармен таныстым. Н. Иканбаева І топта 23 бала, Х.СағатбековаІІ топта 18 бала,

М. Темірхан ІІІ топта 16 бала, Мейрамбекова А ІV топта 17 бала.

Бірнеше сабақтарға қатыстым, қатысу барысында балалардың мектепке бейімділігінің қалыптасқанын, сабаққа қызығушылықтарының жоғары екені байқалды. Атап айтқанда, сауат ашу сабағында «Жоғалған буынды тап», «Кім жылдам?», «Бағдаршам» атты дидактикалық ойындар арқылы балалардың сөздік қорының мол, байланыстырып сөйлеу дағдысының, танымдық қабілетінің қалыптасқандығын айтуға болады.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етті. Өйткені балалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.

    Сабақта дидактикалық ойынды қолданылып, сол пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етті.

  Мынадай ойын түрлері қолданылды:
“ Суретті аяқта”, “ Көліктер”, “ Құс бейнесін құрастыр”, “ Кім жылдам”, “Қиялдағы сурет”, “ Ұлттық киімдерді ата”, “Жылы - суық”, “Ғажайып алаң”,
“Өрнектерді құрастыр”, “Біздің қаланың көліктері ”, “Қуыршақты киіндір”
“ Сиқырлы гүл”, “Аңдар мектебі”, “Суреттей біл”, “Өз жұбыңды тап”, “Лото” т. б.

Он көлеміндегі сандарды тура және кері бағытта санау дағдысы, геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі қалыптасқан, балалардың ішінде жүзге дейін санай алатын, он көлеміндегі сандарды қосу, азайтуды меңгерген балалар да кездесті. Атап айтқанда, Мырқалық М, Серік Нұрай,

А.Нурғали, Бейсембай Д, т.б.

Сондай-ақ балалардың графикалық дағдылары, әріптерді, сөзді дұрыс жазу, шапшаң оқу дағдылары зерделенді. Зерделеу қорытындысы бойынша балалар әріптердің графикалық элементтері, әріптердің толық нұсқасын, сөзді дұрыс жазу, шапшаң оқу дағдылары қалыптасқан.

Ата-аналар жиналысына қатысып, ата-аналармен әлеуметтік жағдайлары мен бала тәрбиесі туралы әңгімелестім.

Екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі, сабақтастықтың түпкілікті мақсаты-баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру екенін ескерсек, балалар мектепке толық бейімделген, білуге, оқуға деген қызығушылықтары жақсы, әрбір істе өз белсенділіктерін көрсете білді.

Сыныпта мектепалды даярлық тобында тәрбиеленген балардың саны -15. Олардың ішіндегі үздік оқушылар саны-5, екпінділер саны- 6.

Сабақтастықта мұғалімнің оқушы біліміне жүргізген диагностикалық есебін, психологиялық зерттеу күнділіктерін басшылыққа алынады.
І . Оқушыны зерттеу, білу.

а) оқушының жұмыс қабілеті;

ә)білім көрсеткіші, дағдысы;

б) оқушы ерекшелігінің ескерілуі (сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);

в) сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы әдістері,сынып оқушыларының қатысы;

г) ата–ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;

ғ) оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілген жұмыс түрлері (үйірме,клубтарға қатысы);

ІІ.Оқу сабағы бойынша:

а) өмір шындығын оқушыларға көркем әдебиет құралдары арқылы көрсету, соның негізінде оқушының ой – өрісін, қиялын,эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру;

ә) оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беруге,сюжетті суреттер бойынша керекті сөздерді пайдалана отырып өздігінен жазба жұмыстарын орындауға төселдіру;

б) сөздік қорын молайту, өзінің ой – пікірін, көргенін, оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу тілін дамыту;

в) мәнерлеп оқуға, кітаппен, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету;
ІІІ.Сауат ашу бойынша:
а) грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық ережелер меңгертуге тілдік фактілерді дұрыс таныту, ұтымды жаттығу жұмыстарын жүргізу;

ә)байланыстыра сөйлеуге , өз ойын байланыстыра жазып беруге баулу;

б) оқушы сауаттылығын, жазу үстіндегі орфография және пунктуациялық қателермен жұмысын бақылау.

ІV.Математика бойынша:

а) есептей білу дағдыларын қалыптастыру;

ә)есеп шығару қабілетінің,логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;

б)натурал сандарға қолданылатын төрт амалды үйренуі;

в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;

г)өрнектерді салыстыру және геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі.

Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері,бағдарлама көлемінде берілген білім,дағдының орындалуы, дайындық дәрежесі, жеке кемшіліктердің орын алу себептері, оны өткізу бағыттары белгіленіп, тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып, кеңес қаулысы шығарылады.Қаулының орындалуы, атқарылған жұмыстарды жүйелеу, басшылық беру методикалық кеңеске тапсырылады. Бастауыш сыныптағы мұғалімі мектепалды даярлық мұғалімдерінің сабағына қатысып, пікірі методикалық кеңесте тыңдалады.

Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің, шеберлігінің, дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап, оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі.Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.

Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В.В.Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан-жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Мынадай ойын түрлерін өз тәжірибемде жиі қолданамын:
“Суретті аяқта”, “Көліктер”, “Құс бейнесін құрастыр”, “Кім жылдам”, “Қиялдағы сурет”, “ Ұлттық киімдерді ата”, “Жылы - суық”, “Ғажайып алаң”,
“Өрнектерді құрастыр”, “Біздің қаланың көліктері”, “Қуыршақты киіндір”
“Сиқырлы гүл”, “Аңдар мектебі”, “Суреттей біл”, “Өз жұбыңды тап”, “Лото” т.б.

Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
- кезеңнің маңыздылығын сақтау;

- қоршаған ортамен баланы қарым - қатынасқа даярлау;

- жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту;

- оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыру;

- оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру;

- осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу;

- психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде басшылыққа алу.

Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
- әрбір балаға педагогикалық - психологиялық карта бастау;

- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясының негізінде ұйымдастыру;

- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру;

- бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 - ші жартыжылдықтан);
- бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру;

- әрбір балаға, сыныпқа педагогикалық мінездеме жазу;

- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтау;
- балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабымен таныстырып, талапты орындауға баулу.


НӘТИЖЕ

Сатылар  арасында сабақтастық проблемасын  шеше алатын, бірлесіп жұмыстанатын, сапалы білім мен саналы тәрбие беретін білікті , шығармашыл, жан-жақты ұжым.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!