400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел "Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін кнделікті сабақта керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел

Б. К. Дұрысбаева

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі




Тақырыбы: Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Мақсаты: Критериалды бағалауды сабаққа ендіру, бағалаудың түрлері қалыптастыру шы және жиынтық бағалау туралы түсінік беру, бағалау үдерісін жақсартуды ұғындыру.

Әдіс-тәсілдер: топқа бөліну, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, топтық (постер қорғау).

Бағалаудың түрлері: мақтау, мадақтау, қошемет көрсету, жүптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау.


№

Уақыт

Кезеңдері

Дөңгелек үстелдің

іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже


1.

3 мин

Кіріспе

Мұғалімдер

ді топқа бөлу

Қағаз 1, 2, 3 сандарын таңдап алу бойынша топқа бөлінеді

Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, белсенділігін арттыруға үйренеді

2.

15 мин










Танысты-

рылым

Теориялық жұмыс











  • «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.

  • Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

  • Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-аналар және мұғалімдер үшін түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Бағалау критерийлері – білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем.

Бағалаудың мақсаты:

  • Оқытудың қиындықтарын анықтау;

  • Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

  • Уәж;

  • Болжау және сұрыптау;

  • Стандарттарды бақылау және орындау;

  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.

Оқытуды жақсартудың бес басты факторлары:

- Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету;

- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

- Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту;

- Оқушылардың өзін-өзі бағалауы;

- Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсіну қажеттігі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды.

  • Пәнге деген қызығушылықтары мен оқу мотивициясы артады, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды

  • Өздерінің қаншалықты алға жылжығандарын ұғынады

  • Алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік алады

  • Өзін – өзі, топты бағалау, күш – жігер, сенімділік сияқты құндылықтары қалыптасады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

  • Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

  • Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан

қайшылықтар;

  • Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқушы білімін критериалды бағалау туралы мағлұмат алады.
















3.

10 мин













2 мин


Негізгі бөлім

Миға шабуыл













Сергіту сәті








Шынжыр жасау


Бірнеше сұрақтар қойылады:

-Сабақтың құрылымы

-Білім игеруге арналған 6 қадам

-Бағалауды қолданудың екі тәсілі

-Критериалды бағалаудың 5 пайдасы

-Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді?

-Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады?

-Критериалды бағалаудың ата-анаға пайдасы бар ма?

-Критериалды бағалаудың басты 4 ерекшелігі

-Кез келген бір пәннің бір тақырыбы бойынша бағалау критерийлерін құрастырыңыз.


Кім қанша бағалау түрін біледі ?

Бағалаудың тиімділігі туралы бір ой жазып шынжыр жасау

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап береді




















Дөңгелек үстелдің басынан аяғына дейін шынжыр жасап бітеді

4.

3 мин


2 мин

Қорытынды


Кері байланыс

Слайдпен жұмыс



Рефлексия

Бағалаудың түрлері слайд арқылы толықтыру



«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кесте толтыру:

  1. Сабақ ұнады ма?

  2. Не қызық болды?

  3. Не пайдалы болды?

  4. Не қиын болды?

  5. Ұсыныс, пікірің бар ма?

Бағалаудың түрлерімен толықтай танысады.


Өз ойларымен бөліседі.


5.

2 мин

Дөңгелек үстелдің қорытын-

ды сөзі

Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үдерісінде барлығымыз да қателесеміз. Шын мәнісінде, бұл біздің оқытудың бір бөлшегі. Егер біз қате жібермесек, бұл біздің жұмысымыздың барынша жеңіл өтіп жатқандығының дәлелін білдіреді.

Сол қатемізді тауып оны түзетіп, оны келесі біреу бағалап жатса, онда ол сіздің үлкен жетістігіңіз деп біліңіздер.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі