400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Бастауыш сынып оқушылардың математика сабағында логикалық ойлау қабілеттерін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушылардың математика сабағында логикалық ойлау қабілеттерін арттыру жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы

Жақсы ауданының білім беру бөлімі








Бастауыш сынып оқушылардың математика сабағында логикалық ойлау қабілеттерін арттыру жолдары
















Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Молдагалиева Асемгуль Камалиденқызының

іс-тәжірибесінен










ҚShape1 има 2020 жыл

Кіріспе бөлімі


Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі.Бастауыш сыныпта балалардың ойлары нақты-бейнеліден абстрактылы - логикалық ойлауға қарай дамиды.Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала интеллектісін себеп – салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек.Логика - (грек тілінен алынған logic - сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегі мен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.

Тақырыптың өзектілігі:оқушының математикаға қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешудің маңызы зор. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оның практикада қолданылуына ықпал етеді.Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Тақырыптың ерекшелiгi: мaтематиканы оқыту арқылы мәсeлені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сaйын логикалық білімді меңгереді.

Жұмыcтың мақсaты:   бастауыш  сынып математика  сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету.

Зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлауын дамыту жолдары мен әдістері.



Жұмыстың мiндeттерi:

1.Жұмыс тақырыбына  байланысты әдебиеттермен танысып, оларға     әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.

2.Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару 
арқылы оқушылардың ойлауын дамыту мүмкіндіктерін анықтау;

3.Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару 
арқылы оқушылардың ойлауын дамытудың әдістемесін және оның 
тиімділігін тексеру;



-

Жұмыстың болжамы — бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлауы дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген ынтасы оянып, қызығушылығы нәтижелі қалыптасады. анық.

Жұмыстың нәтижесі: оқушының сабаққа деген ынтасы мен
қызығушылығын арттырады; әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру
арқылы ойлау қабілетін дамытады; қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.

Зерттеу жұмысы :кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.







































Негізгі бөлімі

Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолданамын. Бастауыш сыныптарда математика сабағынан балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынадай талаптарды басшылыққа алдым:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынадай жолдармен дамиды .

  • Ақыл-ой әрекеті үстінде;

  • Білімді меңгеру;

  • Тіл үйрену;

Жылдам есептеу.

Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешудің маңызы зор екеніне көзіміз жеткен.

Жалпы логикалық есептерді көбінесе математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданады. Сол себепті арнайы оқушыларыма жинақтаған логикалық есептер мен олардың шығару жолдарын ұсынбақпын. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген қызығушылын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Іс тәжірибеден мына сабақтарды назарларыңызға ұсынамын.











Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар)

2-сынып

№ 1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді.
Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса, сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.

3-сынып

№ 1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр.

4-сынып

№ 1 тапсырма
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.

Әдебиеттер

1.      Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.  – 415 бет.

2.      Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.

3.      Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2010. –  135 бет.

4.      Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы,  2005. –  72 бет.

5.      Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек – 2030»ЖШС, 2010.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
1901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі