жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сынып оқушылары арасындағы сайыс. "Ең үздік оқушы"
«Переменовка орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Ең үздік оқушы»
Өткізген: Ожарова А.Б.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Ең үздік оқушы» сайыс сабақ.
Сайыс мақсаты: оқушылардың білімін саралай отырып, ең үздік оқушыны анықтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация.
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі 2,3,4сынып оқушылары аралығында өткізілгелі отырған «Ең үздік оқушы» ойынына қош келдіңіздер. Ойынғы қатысушы оқушылар:
2 «а» сынып оқушылары:
1.
2.
3 «а» сынып оқушылары:
4 «а» сынып оқушылары:
Ойын 5 кезеңнен тұрады (сайыс кезеңдері интерактивті тақтадан көрсетіледі). Әр кезең сайын ең аз ұпай жинаған бір ойыншыдан шығып отырады.
1-кезең. «Бәйге».
2-кезең. «Көкпар» кезеңі.
3-кезең. «Ойлан тап» кезеңі.
4-кезең. «Ойымды жалғастыр...» кезеңі.
5-кезең. «Көрермендермен сайыс» кезеңі.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге
құрметпен қол соғылады.
Сайыскерлеріміздің
білім мен өнерін саралап, баға беретін
әділқазылар алқасы:(таныстырып
өтеді).
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – дей отырып сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
1-кезең – «Бәйге». Әр сұраққа 5 ұпай беріледі. Осы кезеңде ұпайы төмен 1 ойыншы ойыннан шығады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ата.
Азайтудың компонентін ата.
Сөйлем дегеніміз не?
Нар деген не? (жалғыз өркешті түйе)
Ата Заң қашан қабылданды?
Судың 3 күйі
Абайдың бес нәрседен қашық бол дегені не?
Қазақ билерін ата.
Бітеу буын дегеніміз не?
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстарды ата.
Бөлудің компонентін ата
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Төрт түлікті ата.
Абайдың бес нәрсеге асық бол дегені не?
Қазақ батырларын ата.
Тұйық буын дегеніміз не?
Әділқазылар алқасынан 1-кезеңнің қорытындысын сұраймыз.
Мықты
болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты
болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты
болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты
болсаң – бөгеттерді бұзып өт- деп
сайысымыздың «Ойыншықтар әлімі» кезеңіне
кезек береміз.
2-кезең. «Көкпар» кезеңі..
«Жеті
жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!»
дегендей, бұл кезеңде оқушылар жасырылған
жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс;
ағылшын тілінде айтады.
Жұмбақтар:
1).
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса
аттама. (кітап – книга-book)
2).
Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен
шатысы бар. (мысық – кошка-kat)
3). Аяғы
біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы
көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған
ізі сөйлейді. (қалам – ручка-
pensil)
4).
Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен.
(су – вода-)
5) Ашылып, жабылады,
Әр
үйден табылады. (Есік - дверь)
6) Құс
сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан
биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе
де сондай биікте. (ұшақ – самолет).
Әділқазылар
алқасынан 2-кезең қорытындысын сұраймыз.
3-кезең. «Ойлан тап» кезеңі. Логикакалық сұрақтар
Логикалық есептерді шеш.
1.Жұмыртқа қалайша 3 метр жерге ұшып, жарылмау мүмкін ? (жұмыртқа 4 метрге лақтырса, онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.)
2.10 метрлік сатыдан секіріп, қалайша жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек.)
3.Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа айдап әкетеді?( Электр пойызында түтін болмайды)
4.Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (мұз күйінде)
5. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады.
Ж: алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсүгіні.
6. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Ж: Өйткені түнде күн шығып тұрмайды.
7. Санжар сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Санжар сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады.
Ж: 1 сағат. Ойткені, кешкі сағат 10-да сағаттың қоңырауы шырылдады.
8.Бір бала өрмекшілер мен қоңыздарды ұстап алыпты.Егер барлығының аяқтарын санаса, 54 аяқ болады. Сонда бала қанша өрмекші мен қоңыз ұстаған?
Ж: Өрмекшіде 8 аяқ, ал қоңызда 6 аяқ. Сонда 3өрмекші мен 5 қоңыз ұстаған.
9. 5,4,3,2,1цифрларын қатар жазып, оларды 85 саны шығатындай етіп «+» және «-» амалдарын жаз.
Ж: 54+32-1=85
10. 5екілік цифрымен үш амал қолданып, 20 санын жаз.
Ж: 22+2-2-2=20
Осымен 3-кезеңіміз аяқталды. Әділқазылар алқасынан 3-кезең қорытындысын сұраймыз.
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жалғасын мен білем деп, - дей келе кезекті «Ойымды жалғастыр...» кезеңіне берсек.
Соңғы 4-кезең – «Ойымды жалғастыр...» Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
«Көрермендермен сайыс» кезеңі.
Үстелдің басында екі әке және екі бала отыр. Олар ыдыстағы үш жұмыртқаны өзара тең бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?
Құрт іліп, малып алдым,
Тереңнен балық алдым (қармақ).
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді.
Аяғы жоқ,
Басы бар.
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа
Ауызыңа асығар. (қасық)
Қайда жүрсең
Қосарлана шабады
Үйге кісең
Босағада қалады. (аяқ киім).
Сайыскерлеріміз дайын болса, сөз кезегін берейік (сайыскерлер өз ойларын айтады).
Осымен 4-кезеңіміз аяқталды.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары жақсы шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Ойынның шешуші сәті: Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде. (Жеңімпазды анықтап, марапаттау. )
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Бүгінгі көріп тамашалаған « Ең үздік оқушы» атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдагандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қош, сау болыңыздар! Назар аударғандарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген