400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Бастауыш сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларын сөз өнеріне баулудың тиімді жолдары айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бастауыш сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу жолдары»

Тақырыптың негізгі өзектілігі:

  1. Мектеп оқушыларының арасында қазір әдеби кітаптарды оқитындары өте аз. Интернетке сүйеніп кеткен.

Сөз өнері мәселесінде Түсініктері жылдан-жылға азаюда.

Сөйлеуде шорқақтық басым.

  1. Балалардың түсінуіне жеңіл шешендік кітаптардың таралымы аз.

  2. Бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің шешендік бағытта сөйлеуінде де кемшіліктер бар.

Ендеше сөз өнерінің қазығы – шешендік өнер сырын кіші мектеп жасынан бастап меңгерту күн талабында бірінші орында тұруы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының атақты шешендері Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билерді әдебиеттік оқу пәні арқылы таныстырып, олардан қалған құнды да мол мұраларды оқыту, ұлағатты сөздерді жатқа айтқызу – уақыт талабы.

Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла-амалдарын, шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдануды бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.

Шешендік өнерге баулу – бала тұлғасын коммуникативті – сөйлеу қатынасында қалыптастырып, оның қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады. Мағлұматпен жұмыс жасау біліктілігі негізінде оқу іс-әрекеті мотивтерін ынталандырады, тілдік қарым-қатынас жасау тәжірибесін беріп, сөйлеу амалында өзіндік жетілуге себепкер болады. Сонымен бірге, шешендік өнерге баулу бәсекеге қабілетті тұлға негізін салады.

Оқушыларға шешендік өнер туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде, ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер, ойы орамды, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.

Мұғалім синоним, теңеу сөздердің тіліміздегі қолданылу ерекшелігін тереңірек түсіндіру мақсатында көркем шығармалардан кейбір мәтіннің үлгісін беріп, ондағы көркемдегіш тілдік құралдарға оқушы назарын аударып отыруы қажет. Оқушыға әдемі, жүйелу сөйлеуде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор.

Бастауыш сынып оқушыларын сөз өнеріне баулудағы келесі мәселе, бүгінгі балалардың кітап оқу деңгейі қандай? Неге көптеп көркем шығармаларды оқымайды?- деген сұрақтарға жауап іздедім. Бұл сұрақтардың жауабы түрліше болды.

Біріншіден, уақыт жоқ дегенді алға тартады. Оқушылар уақыттарының көбісін теледидар көруге немесе компьютердегі интернетке жұмсайды екен.

Екіншіден, қазіргі ата-аналар тым жұмысбасты. Яғни, олардың таңнан кешке дейін жұмыста болуы, үйдегі балаларының немен айналысып жатқандығын білмейді. Теледидар көрулерін белгілі уақытқа шекеп, кітап оқуларына көңіл бөлсе, бұл мәселе біраз жөнге келер еді.

Келесі мәселе, «балалар қандай кітап оқып жүр?» -деген сауал.

Қазақ балалар әдебиеті туралы сөз қозғағанда ең алдымен Мүбарақ Жаманбалинов, Мұзафар Әлімбаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Бердібек Соқпақбаев сынды қаламгерлердің есімі тіл ұшына оралады. Бүкіл ғұмырын балалар әдебиетіне арнаған бұл тұлғалардың орны қашанда бөлек. Қазіргі таңда балаларға арналып көптеген дүниелер жазылып, жаңадан сапалы кітаптар шығуда. Бірақ солардың көпшілігі балғын оқырмандарымызға жетпей жатқаны өкінішті. Өйткені, кітаптардың таралымы өте аз.

Кеңес өкіметі тұсында көп данамен таралған «Ұлан» газетін әр отбасы алып оқитын. «Балдырған» мен «Ақжелкен» журналдарына да жеткіншектер жарысып жазылушы еді. Қазіргі таңда балаларға рухани азық болатындай, оларды тәрбиелейтін құралға айналар жаңа кітаптар қажет.

Осы айтылған мәселелер бойынша бірнеше ұсынысым бар:

  • Балаларға арналған кітаптардың таралымы көбейіп, оларды насихаттау күшейсе;

  • Шетелден келетін кітапқа қандай да бір шектеу қойылса;

  • Тапсырыспен шыққан кітаптарды университет кітапханаларына ғана емес, мектеп кітапханаларына да кеңінен таратуға мүмкіндік молайса.

Ең бастысы, балаға күш түсірмей, жалықтырмай уақытты тиімді пайдалану керек. Айтылған жайттың бәрі ата-ана мен мұғалім көмегімен, бақылауымен нәтижеге жететінін естен шығармаған жөн. Саналы ұрпақ, парасатты мұрагер өсіру – сіз бен біздің қолымызда.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі