400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған және сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, саналы көздейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Усипова Бибикуль Каниалыкызы

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Төле би атындағы ШЖЖОМ

бастауыш сынып мұғалімі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Оқушыларды саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу бүкіл педагогикалық ұжымның міндеті. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алуда болмайды.

Саналы тәртіп - мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Оны жекелеген мұғалімдердің бытыраңқы күш-жігерімен шешуге болмайды. Өйткені, біріншіден, мұғалімнің өз сыныбымен жүргізетін жұмысы барлық педагогтардың мектеп бойынша оқушылар ұжымымен -жұмысымен табиғи жағдайда толықтырылуы керек. Мектеп оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысындағы шын мәнісіндегі сабақтастықты педагогтар ұжымы ғана қамтамасыз етеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстар балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал етеді:

  • сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады;

  • оқушыларда әрекетке қызығушылығын дамытып, белсенді қатысуына ықпал етеді;

  • баланың дара қабілетіне ықпал етіп, ұжымда өмір сүруге үйретеді;

  • сыныптан тыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысында оқушылардан шығармашылық белсенділікті талап етеді;

  • сыныптан тыс жұмысында күнделікті бақылау оқушының жеке-дара даму деңгейін бақылауға мүмкіндік береді;

  • баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді;

Сыныптан тыс ұйымдастырған тәрбие жұмысына ата-аналар т.б. қатыстырылып, кез-келген уақытта ұйымдастырыла береді, сонымен бірге бұл үлкен нәтиже береді.

Сыныптан тыс жұмыс мейілінше әр түрде, оқушылардың нақты мазмұнды қызметіне бай болып келеді. Балалар сыныптан тыс уақытта қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады. Жұлдызшалар мен жиындарда кездеседі, білесіп ойнайды, серуендерге барады, спорттық ұйымдарға, компьютерлік орталықтарда, кинотеатрларға барады. Сан қырлы сыныптан тыс қызмет процесі кезінде балалардың арасында олардың әрқайсысының жеке бастық ерекшеліктеріне орай қарым-қатынастар қалыптасатын болады. Сол қарым-қатынастар олардың жеке басының одан әрі даму бағытын анықтайды.

Мектеп оқушыларында, сонымен бірге төменгі сынып оқушыларының бойында негізінен орындаушылық сипаттағы іскерліктер мен дағдыларды тәрбиелеуге, оларды мектепте, үйде, қоғамдық орындарда түрліше қарапайым ережелерді сақтай білуге үйретуге бағытталған. Сана-сезімді дамыту жөніндегі міндеттер де педагогтың қызметін оқушылардың бойында оқушылық және қоғамдық міндеттерді мүлтіксіз орындау рухында өзіне және жолдастарына қоятын талапты тәрбиелеу, арсыздық, өсекшілдік, дөрекілік, немқұрайлылық және т.б. фактілерге деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатын көздейді. Мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «.......адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды.

Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

Саналы тәртіптке тәрбиелеудің маңызды шарты және құралы - педагогтардың және оқушылардың өзара қарым-қатынасының дұрыс орнауы. Оқушылардың санасы мен мінез-құлық мәдениетін, белсенділіктерін арттыруды, олардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі оқушыларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартады. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттерімен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласуы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қандайда бір жаңа іс сынып өміріне қозғау салады, оны мазмұнды да жарқын етеді. Сондықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырмаға ие болып, оны өзінің шамасына қарай орындауы керек. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуының пайдасы көп. Ол үшін оларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі көркем шығарманы оқуда баланың дербес ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін, баланың қызығушылығын ескеруі қажет. Мұғалім не сынып жетекшісі оқулықты таңдауға көмектеседі. Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға үнемі көңіл бөлу қажет. Көбінесе, сондай оқушылардың оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып, олардың қызығушылығын арттырып отыру міндетті.

Сыныпта және мектеп ұжымында оқушылар жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, бала өзінің үлкендермен сыныптан тыс уақыттағы ұйымдастырылған жұмыстарда қарым-қатынас жасау арқылы өз қабілеттерін тәрбиелейді.

«Көз көргенін, көсеу түрткенін біледі» - дейді дана халқымыз. Дүниеге бала «әдеп» деп кірсе үлкендер ықпалымен тәлім тәртібіне жаттықтырса жақсы мінез сол баланың бойына үйір келеді.

Жүсіпбек Аймауытов «адам мінезінің, ақыл қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі болуынан. Адам баласының теріс әрекет істеуі, мінез көрсетіп, дөрекі сөйлеуі тәрбиенің жетіспегендігінен»- дейді.

Мектепте және одан тыс жерде мінез-құлық ережелерін үнемі бұзатын оқушылармен жекелей жүргізілетін, әрі күш жігерді көп қажет ететін жұмыс оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудің маңызды бағыты болып табылады. Олардың тәртіпсіздігін болдырмауда табысқа жетуде оларды оқушы балалар ұжымының қызметінен тыс қалмай, оған араласса және өзінің жақсы сапаларын аша білгенде ғана мүмкін. Сондықтан тәрбиеші ең алдымен тәртіпсіз оқушының өз ұжымына селқос қарауын болдырмауы және оны жолдастарының өмірімен байланыстыру керек.

К.Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелей білу керектігін ескертіп, ол туралы былай дейді: «....Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының дамуына және қалыптасуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін мінезбен әсер ету керек».

Саналы тәртіпке жетудің маңызды шарттарының бірі - оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие процесінің сабақтастығын сақтау. Саналы тәртіпке тәрбиелеу идеялық-адамгершілік білім берумен шектелмейді. Білімнің немесе ереженің өзі оны сақтай білу ықыласы әлі оның орындалуына кепілдік бермейтіні белгілі. Олай болса міндеттің өзі балаларды мәдени мінез-құлықтың дағдылары мен әдепттеріне үйрету болып табылады. Олар оқушылардың, ең алдымен, оқудағы және қоғамдық еңбектегі бүкіл іс-әрекеті процесінде қалыптасады.

Тәртіптілікке тәрбиелеудің ең күшті құралы мұғалімдермен ата-аналардың сөздері мен істердің тұтастығы, олардың жеке басының үлгісі. Оқушы есейген сайын оған тәрбиешінің-мұғалімнің, әкенің жеке басы үлгісі үлкен ықпал етеді. Екінші сыныптың оқушысы ата-анасының мінез-құлқы еліктеуге тұрар-тұрмасына қарамастан, көп ретте тіл алғыш болады. Олардың беделі әдетте сегіз жасар бала үшін соншалықты жоғары болады.

Оның есесіне жас өспірімнен: «Ал өзі ше.....» дегенді жиі естуге болады. Егер тәрбиешінің жеке басының мінез-құлқы балалардың көз алдына ешқандай құрметке ие болмаған болса, зорлап көндірудің ешбір шаралары беделді жасай алмайды.

Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі жалпы мақсат-моральдық жағдай ролінің үнемі өсуінде және бірнеше бағытта болатын сыртқы жағдайлардың ішкі жағдайларға көшуінде.

Адамгершілік-тәрбиелік қатынаста өтіну, ақыл айту, тұспал, балаға сенім көрсету, оның іс-әрекетін құптау және т.б. ерекше құнды болып табылады. Бұл оған мінез-құлықтың қандай да болмасын бір бағытын таңдауға, нақты жағдайда не істеу керектігін өзінің шешуіне мүмкіндік береді. Бұл мектеп пен отбасының талаптарынан шығатын сыртқы жағдайдың жеке өзінің бастамасы, сенімі бойынша әрекет ететін ішкі жағдайға ауысуын көрсетеді. Егер ішкі жағдайлар ұйымдасқан тәрбие процесі жағдайларында дер кезінде қалыптаспаса , онда олар кездейсоқ факторлардың ықпалымен стихиялы түрде дамиды және ұнамсыз сипатқа ие болуы мүмкін. Сол шақта мектеп пен жанұя сыртқы жағдайлармен тоғысады, өйткені жеке адамның қарама-қарсы бағыттылығымен қақтығысады, ал біздің моральдық нормаларына жауап беретін ішкі жағдайлар әлі дамымаған. «Қиын» балалардың пайда болуының негізгі себептерінің бірі, міне-осында жатыр.

Сондықтан мектеп оқушыларының мінез-құлық мәдениеті жоғары болуы үшін сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстардың мазмұны мен мақсаты айқындалған, оқушылардың мінез-құлқына қойылатын талаптар мен Ережелердің бекітіліп, күшіне ендірілуінде, оқушылардың мінез-құлқын бағалаудың жаңа, неғұрлым жетілдірілген жүйесіне көшу қамтамасыз етілуі қажет. Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан- жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын, саналы әрекет ету дағдысын қалыптастырады.

Сонымен бірге сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.  

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған және сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, саналы көздейді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу А.1987.

2. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж.

3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Метеп, 1987 ж.

4. Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі