400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі сабағын ойын арқылы үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы





Түркістан облысы:

Жетісай ауданы:

Көктөбе ауылы:

М.Мақатаев атындағы №47 ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ағылшын тілі мұғалімі:Сахаева Лаура Ережепқызы.



Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі сабағын ойын арқылы үйрету.


Ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту қазіргі заман талабы.Еліміздің шет мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта шет тілін ерте жастан үйретудің маңызы зор.Шет тілін балаға үйретуде мұғалімнің атқаратын қызметі күшті болу керек.Мұғалім әр сабағын үлкен дайындықпен,ізденіспен,жаңаша әдіс-тәсілдермен

Тақырыпқа сай түрлі ойындармен,әр түрлі сергіту жаттығуларымен түрлендіріп отыру қажет.Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін оқыту көп көңіл бөлінген.Пәнге деген қызығушылықты арттыруда қолданылатын ең тиімді әдіс ойын түрінде өткізу болып табылады.Ойын ойнау арқылы бала өткен сабақты және жаңа сабақты тез меңгереді.Ойын ойнау арқылы әрбір бала өз ойын анық жеткізе алады.

Менің тәжірибем аз болсада сабақ беруде өзіндік методикам қалыптасты.

Біз сабақты шаттық шеңберімен бастаймыз,балалар орындарынан тұрып жанындағы серігіне жүрекше немесе гүл беру т.б заттарды беру арқылы бір біріне жылы лебіздерін білдіреді мысалы: I wish you a good day,I wish you a good health,I wish you happiness,

I wish you good luck т.б тілектерін білдіру арқылы сөздік қорларын дамытады.Балалар бұл сөздерді күнделікті қолдану арқылы жақсы жаттап алады.Сонымен қатар топқа бөліну әдісіде балаларға өте қызық мысалы өтілетін жаңа тақырыпта кездесетін сөздер арқылы,немесе пазл құрау арқылы,жұмбақ шешу арқылы т.б бөлуге болады.Мысалы ауа –райы тақырыбын өтетін болсақ балаларды үш не төрт топқа I-Sun,II-Rain,III-Snow,IV-Clouds т.б бөлуге болады.Жәнеде әр тақырыпқа арналған әндердіде интерактивті тақтадан көрсету арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын артыру қажет.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері(7-10 мин )


1.I am a teacher-мен мұғаліммін.

Бір оқушы ортаға шығып мұғалім қызметін атқарады балаларға бұйрық береді.Мысалы:Stand up,Sit down,Come to the blackboard,open your book,Jump,jump, Sing,Dance,dance. Т.б бұйрықтар береді балалар дұрыс орындауға тырысады.


2.Доп лақтыру ойыны

Мұғалім қолына кішкене допты алып бір оқушыға өткен сабақтан немесе сол күнгі өтілген жаңа сабақтан бір сөздің ағылшыншасын не қазақшасын айтады

Бала сол сөзді үш тілде айтады мысалы Cat-мысық-кошка,Dog-ит-собака,т.б.


3.Yes, No Ойыны.

Мұғалім өткен сабақта өтілген сөздердің суретін не сол күні өтілген жаңа сөздердің суретін көрсетеді.Мысалы:

He is a boy –Yes

It is a cat –No , It is a dog -Yes

It is a dog –No,It is a cat –Yes


4.At the zoo

Мұғалім үстелінде хайуанаттардың суреті немесе атрибуттары тұрады оқушы бір жануарды алып оның үлкен не кіші екенін және түсін айтады.Мысалы:

This bear is big and brown.

This mouse is small and gray.


Cонымен балалардың сөздік қорын дамытуда ойын түрлерін қолдану үлкен нәтиже береді.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді.Сонымен қатар ақыл ойы өсіп жетіледі, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.02.2021
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі