400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына арналған әкелер туралы тақпақтар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әкелер туралы тақпақтар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.Арайлы атар таңымыз,

Жайқалып өсер бағымыз.

Әкешім сіз өзіңіз, Бибісара

Жүрегіміз, жанымыз.



2.Жүзіңіз күліп тұратын,

Шаттығымыз сіз әке. Шәкәрім

Жанымызды ұғатын,

Шад күніміз сіз әке!



3.«Әкешім» деп— ән саламыз,

«Әкешім» деп — жыр жазамыз. Қайсар

Сізге қарап бойды түзеп,

Өзіңізбен мақтанамыз. 



4.Күніміз сіз сөнбейтін,

Көкжиектен шығатын.

Әніміз сіз тербейтін, Іңкәр

Жанымызды ұғатын.

Әкетайым, асылым,

Біздерді ойлап тұратын.







5.Сіз бар кезде әкешім,

Арайлы боп таң атар.

Күн күлімдеп біздерге,

Қуанышпен үн қатар. Айым

Ортамызда жүрші аман,

Әніміз боп жырлатар!



6.Жанұяның жүрегі,

Әкетайым өзіңіз.

Маңызды әке, қашанда, Санжар

Әрбір айтар сөзіңіз.



7.Шаршамаңыз, талмаңыз,

Әкетайым, асылым.

Балаларын, отбасын, Хафиза

Ойлап жүрер жасырын. 



8.Шаттығымыз сіз — Әке,

Бақ гүліміз сіз — Әке.

Әрбір жылы саулықта, Алихан

Жасаңыз сіз — жүз, Әке!







9.Асқар таудай Әкелер,

Ұл-қыздарын мәпелер. Аиша

Тәрбиесін көрсетіп,

«Адам бол» деп жетелер.



10.Өзің барда Әкешім,

Бақыттымыз біздер тек.

Амандықта жан Әке, Әлия

Жүріңізші күлімдеп! 



11.Жүрегіміз сіз — Әке,

Тірегіміз сіз— Әке.

«Аман бол» деп қашанда, Мансур

Тілейміз тек біз Әке!



12.Әкешім сен — асылсың,

Көз тартатын маржандай.

Әр сөзіңе біз әке, Балсезім

Тұра алмаймыз таңданбай. 



13.Әкем менің — жан ізгі,

Бар жақсысын арнайтын.

Ұл-қызына әдемі, Алан

Өмір жолын таңдайтын. 

14.Әке деген — Асқар тау,

Таудай биік талабы.

Ұл-қызына қарайтын, Элайя

Мейіріммен жанары. 



15.Өзіңізбен күн думан,

Шаттық нұрын себетін.

Асыл Әкем, жан әкем, Адия

Бар жақсысын беретін.



16. Әкем өзің жанашыр,

Бізді ойлап жүретін.

Бар жақсыны бізге арнап, Дамир

Адал өмір сүретін



17.Жадыраңыз, күліңіз,

Аман-есен жүріңіз.

Асыл әкем, жан әкем, Амира

Сәтті боп әрбір күніңіз!



18.Әкем үшін тілеймін,

Әлемнің бар жақсысын.

Сәттілік беріп бұл өмір, Зейнеш

Сыйласын бар тәттісін.



19.Бақытымсың, бағалы,

Әкешім сен ардағым.

Шын жүректен мен сізге, Мариям

Бар жақсыны арнадым.



20.Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң.
Мейірім, нұры менен жаратылған,
Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған,
Дария
Менің әкем, мен үшін, дара туған.



21.Үнемі ақыл беретін,
Мен үшін әкем бәйтерек. Елжан
Әкенің алып тәрбиесін,
Азамат болып өсемін.



22.Аялайды әкешім,
Аямайды мәпесін.
Әке деген – асқар тау, Батырхан
Әке деген – шат есім.



23.Айналайын жан әке,
Арайлап атқан таң әке.
Асқар таудай панамыз, Кәусар
Ақылшымыз – данамыз.




24. Әке – жарық күнімсің
Мені әуелде ораған.
Әке – шарық үнімсің Айбике
Кең әлемге тараған.





25. Әке – қамқор панамсың
Әлпештеген, баптаған.
Әке – дарқан даламсың Айша
Әр кезде мен мақтанам.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.06.2026
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі