Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық есептер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық есептер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2024
929
6 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логикалық тапсырмалар 3 сынып

1.Дәптер қаламсаптан арзан,бірақ сызғыштан қымбат.Қайсысы арзан.Сызғыш па әлде қаламсап па? Жауабы:сызғыш 40 тг арзан

2. 2 пиала мен 2 құмыраның салмағы 14 тарелкенің салмағына тең.Бір құмыраның салмағы бір пиала мен 7 тарелкенің салмағына тең болса ,қалған тарелкенің салмағы неше пиала мен құмыраның салмағына тең болады? Жауабы:1 пиала 1 құмыра 7 тарелкенің салмағымен тең болады

3.Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі? Жауабы: 19 рет мыс:9,19,29,39,49,59,69,79,89,90,91,92,93,94,95,96,97,98.99

4.Алмұрт алмаға қарағанда ауыр,бірақ апельсиннен жеңіл.Алма шабдалыдан ауыр ,апельсин ананастан жеңіл.Ең жеңіл және ең ауыр жемісті тап. Жауабы: Ең жеңілі -шабдалы, ең ауыры-ананас

5.Немересі атасынан жасы нешеде екенін сұрады.Атасы былай деп жауап берді. «Егер мен осы өмір сүрген жасымның жартысын және тағы бір жылды қоссам ,мен 100 жасқа келемін».Атаның жасы нешеде?

Жауабы (100-1)/3 = 33 33*2 = 66 Атасы 66 жаста

6.Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты.Сосын қарама-қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты.Енді ол ұясынан неше метр алыста? Жауабы: 2 м қашықтықта

7. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 2 қияр мен 3 сәбіз 39 теңге тұрады.Демек бір қияр мен сәбіз қанша тұрады деп ойлайсың? Жауабы:қияр-15 тг , сәбіз-3тг

8. егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса ,2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?

Жауабы. 6 сан 279,729,792,297,972,927











Логикалық тапсырмалар 4-сынып

1.14 пышақ және 7 шанышқы сатып алынды.Осылардың ішінен 8 зат қонаққа арнап жайылған дастарқанға қойылды.Дастарқанға қойылған заттардың ішінде пышақ бар ма?

Жауабы: Барлық шанышқыларды дастарқанға қойды деп тұжырымдай отырып,сегізінші заттың міндетті түрде пышақ екені туралы қорытындыға келеміз .Өйткені шанышқының саны 7-еу

2.Үш дос бала үстелде жатқан қарындаштарды қалай бөлісуді ойластырды.Болат айтты «Егер әрқайсымыз 8 қарындаштан алсақ,екі қарындаш қалады, ал егер 9 қарындаштан алсақ ,бір қарындаш жетпей қалады» Үстелдің үстінде неше қарындаш бар?

Жауабы: Үстелдің үстінде 3*8+2= 26 қарындаш жатыр.Егер үш дос 9 қарындаштан алмақ болса ,онда 27 қарындаш қажет болар еді, ал егер бір қарындаш жетпей қалса ,яғни үстелдің үстінде 26 қарындаш болғаны.

3.Екі бөлмеде 56 адам бар.Бірінші бөлмеге тағы12 адам, екінші бөлмеге 8 адам келгенде, екі бөлмедегі адамдар саны теңелді.Бастапқыда әр бөлмеде неше адамнан болды? Жауабы: 30 және 26

Есепті шығару жолы (56+8+12):2 = 38

38-8= 30 38-12= 26

4.Шөлейт жердің қиыр шетінде құмжегіштер қаптап кетті. 2 құмжегіш

2 сағат ішінде 2 тонна құмды қылғытып салады. 6 құмжегіш мұндай тәбетпен 6 сағат ішінде неше тонна құм жейді?

Жауабы: Егер әрбір жануар 2 сағат ішінде 1 тонна құм жесе ,біреуі 6 сағат ішінде 3тонна жейді, 6сағатта 2 сағаттан үшеу бар,демек 6 құмжегіш 18 тонна құм жеді.

5.Бір қауынның массасы және дәл осындай қауынның тағы бір жартысы 15 кг тартады.Бүтін қауынның массасын тап.

Жауабы: 15/3= 5кг жарты қауынның массасы. 5*2 = 10 кг бір қауынның массасы 10 кг

6.Ержан бір сан жасырды,оны 9 есе арттырды,одан 16-ны азайтып,19-ға кемітті,нәтижені 4 есе кемітті,оған 38-ді қосқанда 63 шықты.Ержан қандай сан жасырды?

Жауабы: кері амал тәртібімен орындалады. (63-38)*4+19+16/9 = 15 Ержан 15 санын жасырды.

7.Әли әкесімен тирге барды.Келісім былай болды :Әли 5 мәрте тир атады,нысанаға әрбір дәл тигізгені үшін тағы екі рет ату құқығына ие болады.Әли барлығы 17 рет атты.Ол нысанаға неше рет дәл тигізді?

Жауабы: 6 рет

8.Эстафетаға қатысу үшін Ұлан, Марат, Берік, Серік, және Олжас сап түзеп тұрды.Ұлан эстафетада Мараттан бұрын,бірақ Олжастан кейін жүгіреді. Берік пен Олжас қатар тұрған жоқ. Серік Олжастың да, Ұланның да ,Беріктің де қасында тұрған жоқ. Кім кімнен кейін тұр?

Жауабы: Олжас,Ұлан,Берік,Марат,Серік

9 Ілияс ақшасын санап отырып ,мынадай ойға кетті: «Егер ақшама бар ақшамның жартысын қосса ,тағы 20 теңге қосса,менде 110 теңге болар еді» Ілияста қанша ақша болған?

Жауабы: Есеп кері амалдар тізбегімен шешіледі

(110-20):3= 30 (теңге)-жартысы. 30*2 =60 тг-Ілияста болды.


10 .Екі таңбалы сандардың айырмасы екі ондыққа тең.Ал азайғыш сан айырмадан 4 есе үлкен. Ол қандай сан екенін тап. Жауабы: азайғыш 80 санына тең.









Логикалық тапсырма 2 сынып

1.Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы,екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)

2 Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды.Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? 5 күнге -100 тг, ал алты күн болса-120 тг

3.Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді,екінші рет одан 4 кг кем әкелінген.Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг-нан салғанда неше пакет қалта қажет болды? 10 қалта

4.Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4-тен артық бөрене сыймайды.Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? 3 рет

5.Назымның 4 қарындашы бар,ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар.Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап. (10 қарындаш)




















































Логикалық тест тапсырмасы 3 – сынып

1.Тиісті санды қой ( +369)-456=(316 - 248)+99

А. 68 В. 106 С. 167 Д. 254


2. Салыстыр қайсысына < таңбасы қойылады?

А. 7 апта 1 ай 6 күн В. 6 сағ. 120 мин.

С. 5 кг. 100 г. 5 кг. 50 г. Д. 63 күн 2 ай 1 апта 3 күн


3. Периметрі 24 см болатын шаршының ауданын есептеп тап:

А. 30 см² С. 36 см²

В. 24 см² Д. 40 см²


4. Есепті шығар:

Бақшадан әрқайсысы 40 кт-нан 6 қап картоп, әрқайсысы 24 кг-нан 3 қап сәбіз және сәбізден 2 есе кем пияз жиналды. Бақшадан барлығы қанша көкөніс жиналды?

А. 240 В. 336 С. 348 Д. 312


5. 2, 3 және 4 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап:

А. 10 В. 11 С. 14 Д. 13


6. Данияр тұратын көшенің бойындағы үйлердің нөмірлері 1-ден 24-ке дейін. Осы нөмірлерді жазғанда 2 цифры неше рет қолданылады?

А. 2 С. 8

В. 4 Д.16


7.Ауладағы 6 қойдың әрқайсысының қасында 5қой бар. Аулада неше қой бар?

А. 30 В. 11 С. 6 Д.10


8.Аулада бірнеше қоян мен қаз жүр. Олардың аяқтарын санағанда тең болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп. Қанша есе көп?

А. қоян 3 есе В. қаз 2 есе С. қаз 3 есе Д. қоян 2 есе


9. Шаруа ауылдасымен саудаласып одан түйе, жылқы, сиыр алды.

Түйенің әрбір жілігіне 2 қой, жылқының әрбір жілігіне 1 қой, сиырдың әрбір аяғына 1 қой сұрады. Шаруа барлығы неше қой беретін болды?

А. 30 В.36 С.38 Д.40


10. Ағашта 5 қарға, 3 сауысқан қонып отыр еді. Барлық сауысқан және сонша қарға ұшып кетті.Неше қарға қалды?

А. 3 В.1 С.2 Д.4



11. (х─56)─28=84 теңдеуінің жауабын белгіліңіз:

А. 168 В. 112 С. 84 Д. 28


12. 7 ондықтан 3 мыңдықтан, 5 бірліктен 1 жүздіктен құралған санның жауабын табыңыз:

А. 7351 В. 3751 С. 3175 Д. 3571


13. Төмендегі сандар тізбектей жазылған. Соңғы санын тап: 6, 8, 12,18,26, 36?

А. 45 В. 40 С. 50 Д. 48


14. Мақсат оң сан таңдап алып, оны өзіне көбейтті, одан шыққан санға 1-ді қосты, нәтижені 10-ға көбейтті, шыққан санға 3-ті қосып, нәтижені 4-ке көбейтіп, 2012 санын алды. Ең басында Мақсат қандай сан таңдап алған еді?

А. 11 В. 9 С. 8 Д. 7


15. Наурыз мейрамында 15 үстелге гүл қойылды. 6 үстелге 5 гүлден, ал қалғандарына 3 гүлден қойылды. Мейрамда барлығы қанша гүл қойылды?

А. 45 В. 50 С. 57 Д. 60


16. Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сан түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болғаны?

А. 36 В. 35 С.34 Д. 37


17. Есепке құрылған теңдеудің дұрысын анықта:

Бірінші күні бірнеше кг, ал екінші күні 20 кг бал сатылды. Бірінші күні 4 кг артық сатқанда, екі күнде бірдей бал сатылған болар еді. Бірінші күні неше кг бал сатылды?

А. 4 + х = 20 В. 20 ─ х = 4 С. х + 4 = 20 Д. 20 ─ х = 4



18. Айдын әжесінен 42 жас кіші, ал әжесі атасынан 5 жас кіші. Айдын атасынан неше жас кіші?

А. 37 жас В. 40 жас С. 47 жас Д. 50 жас


19. Қай теңдікте теңдік тура болатындай етіп жақша қойылған:

А. (90─30):3∙5=400 В. (90─30:3)∙5=400

С. 90─30:(3∙5)=400 Д. 90─(30:3─5)=400


20. Заттың бағасы мен заттың құны белгілі болса, заттың санын қалай табамыз?

А. құнын заттың бағасына көбейтеміз құнын заттың бағасына бөлеміз

В. заттың бағасын құнына көбейтеміз

С. құнын заттың бағасына бөлеміз

Д. заттың бағасын құнына қосамыз





Математика жауаптары: 3 сынып логикалық тест

1-д 11-а

2-д 12-с

3-с 13-д

4-с 14-д

5-д 15-с

6-с 16-с

7-с 17-с

8-в 18-с

9-д 19-в

10-с 20-с

Жауабы: математика 4-сынып логикалық тест

  1. В

  2. Б

  3. Б

  4. Г

  5. А

  6. А

  7. В

  8. В

  9. Б

  10. Б

  11. А

  12. В

  13. Б

  14. Б

  15. А

Жауап парағы 2 сынып

1-в 2-а 3- б 4 в 5-б 6-а 7- в 8-а 9-а 10- в

11-а 12-ә 13-а 14- в 15- г









Логикалық тест тапсырмасы 4-сынып

1.Келесі саны алдыңғысынан екі есе үлкен үш орынды санды таңда.

А) 136 б) 236 в) 248 г) 421

2.Ең үлкен бір таңбалы,екі таңбалы,үш таңбалы сандар және ең кіші төрт таңбалы сандар қосындысының мәнін тап.

А) 1000+(9+99+999) =2107 Б) (9+99+999)-1000 =107

В) (999-99-9)+1000 =1891 Г) 1000-(1+10+100) =889

3.Заңдылықты анықта.Берілген қатардың келесі саны қандай? 3,4,7,12,19,28

А) 29 б) 39 в) 3 г) 38

4.Сүтті екі бидонға құйды.Екінші бидонға біріншіден 2 есе артық құйылды.Әр бидоннан 10 литрден құйып алғанда екінші бидонда біріншіден 3 есе артық сүт қалды.Әр бидонда қанша литр сүт болған еді?

А) 30 л және 60 л Б) 40 л және 80 л

В) 10 л және 20 л Г) 20 л және 40 л

5. 25 ұқсас қосылғыштардың қосындысы 1000-ға тең. Қосылғыш нешеге тең?

А) 40 б) 50 в) 100 г) 20

6.1,2,4,5,6 және 9 сандарын бір рет пайдалана отырып ,бірі екіншісінен 5 есе артық үш таңбалы екі сан құра

А) 129 және 645 в) 156 және 942

Б) 124 және 569 г) 125 және 649

7.Балалар ағашты метрлік бөліктерге аралады. Бір бөлікті аралауға 1 минут жұмсалды. Олар 5 метр бөренені кесуге қанша уақыт жұмсайды?

А) 5 минут Б) 10 минут

в) 4 минут г) 6 минут

8. Бір кітапты нөмірлеу үшін 187 сан қажет болды.Кітапта қанша бет бар?

А) 93 б) 187 в) 98 г) 89

9. Ұлы 10 жаста ,ал әкесі 46 жаста.Қанша жылдан соң әкесі баласынан екі есе үлкен жаста болады?

А) 13 жыл б) 26 жыл в) 10 жыл г) 25 жыл

10.Жәшіктің лимонымен қоса алғандағы салмағы 25 кг. Жартысын сатқаннан кейін таразыға салған кезде 15 кг тартты .Жәшіктің салмағы қанша?

А) 10 кг б) 5 кг в) 1 кг г) 8 кг

11.Санның екі таңбасының қосындысының мәні ең кіші екі таңбалы санға тең. Ал оның ондығын көрсететін сан бірлігін көрсететін саннан 4 есе артық.Бұл қай сан?

А) 82 б) 64 в) 91 г) 28

12.Жіпті бес жерден түйді.Әр түйіннің арасы 1 дм.Екі шеткі түйіннің арасы қанша дм?

А) 5 дм б) 2 дм в) 4 дм Г) 3 дм

13. Екі қайыққа 12 адам отырды, біріншісіне екіншісіне екі есе артық отырды. Әр қайыққа неше адам отырды?

А) 12 және 6 б)8 және 4 г) 6 және 3 д) 10 және 5

14.Азатта Маратқа қарағанда 3 есе көп кітап бар.егер Азат өз кітаптарының 16-сын досына сыйласа ,олардың кітаптарының саны тең болады. Азатта қанша кітап бар? Маратта қанша кітап бар?

А) 32 және 16 Б) 48 және 16

в) 48 және 32 г) 30 және 10

15. Атамның 5 түйесі бар. Жылқысы одан 9 бас артық,ал қойы жылқысынан 42 бас артық. Атамның барлығы қанша малы бар?

А) 70 б) 56 с) 75 д) 72

















Лездеме сұрақтар 3 сынып

1.Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап?

2.Кез келген санды 1-ге көбейткенде (сол санның өзі шығады)

3 Қабырғасы 15 м болатын шаршының периметрін тап 60 м

Табақта 8 шабдалы , ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар?(16)


4.7 жүздік және 2 бірліктен тұратын санды белгіле. (702)

5. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)

6. Бірінші бумада 32 м мата, екіншісінде одан 4 есе аз мата бар. Екі бумада неше м мата бар? 32/4= 8 32+8 =40

7. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп сандар)

8.Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады?

(144 теңге)

9.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады ?

( 6 кг )


10 Айша, Маржан, Жанар жидек терді. Біреуі – құлпынай, екіншісі – қарақат, үшіншісі – таңқурай терді. Айша құлпынай терген жоқ, ал Маржан қарақат пен құлпынай терген жоқ. Сонда кім не терді?

(Жанар құлпынай ,Айша қарақат, Маржан таңқурай)

11.Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды.Барлық сарбаз нешеу болған? (34)


12. 3 санының кубы нешеге тең? (27)

13. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.

14..59:8=7 бөліндісінде қанша қалдық қалады? (3)

.15.Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі қанша? (10жыл)

16.Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)

17. 120 минут неше сағатқа тең? (2 сағат)

18 2 жылда неше ай бар? (24 ай)

20 Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2 сағаттан)

21. (100 жыл – 1 ғасыр)

22. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ерлан неше жаста? (8 жаста)






Лездеме сұрақтар 4 сынып

1. 9 дың кубы (729)

2................ 7теңге 9 тиын неше тиын? (709)

3. Велосипед дөңгелегінде 8шабақ бар.Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?(8)

4...Үш қаланың әрқайсында екі қаламен байланыс жолы салынған.Сонда барлығы неше жол бар? (3)

5...Ұлу өзі тұрған А нүктесінен солтүстікке қарай 2 см жүрді, сосын 3см шығысқа қарай жүрді.Содан кейін оңтүстікке 2 см жүрсе,тағы 3 см батысқа жүрген. Нәтижесінде ол қай жерге келді? (А) нүктесіне қайтып келді.

6 Үстел үстінде 3 қияр, 2сәбіз, және 5 апелсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық көкөніс қанша? (5)

7 Айгүлдің жасы екі жыл бұрын 5-те болған. Ол 7 жылдан кейін неше жаста болады?

(14 жас)


8 Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )

9 « Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ? ( 1 сағат 43 минут )

<
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!