жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын жаттығулары
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойын жаттығулары
1. «Бәріміз бірге»
Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
2.
«Гүлдер» релаксациясы(Әуен ойнап
тұрады)
Шарты:
психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын
оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып,
оны елестетеді.
Терең демалып,
дем шығарайық, сендер сыныптарыңмен
орман ішінде демалып жүрсіңдер, адарыңда
жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер,
гүлдердің иісі нәзік, жұпар, ащы сол
гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп
ойнап, бірің гүлге қонған көбелектей
ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен
жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып,
ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік,
күш жігер еніп, өмірдегі бақытты жандай
сезініп, бәрің «біз бақытты баламыз»
деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып,
қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге
қоныңдар. Көздеріңді ашып, бір-біріңе
күлімдеңдер.
3. «Керісіншелер елі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
4. «Ормандағы ағаштар» ойыны.
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.
Нұсқау:Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
5. "Ондай болуы мүмкін емес"
Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.
Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.
6. "Егер осылай болса..."
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.
7. "Сиқырлы қалам"
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.
Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.
Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.
8. Сиқырлы сұрақ ойыны/ сұраққа тек «ИӘ » деп жауап беру керек/
Сіздерде миллион бар ма?
Сендер ақылдысыңдарма ?
Сендерде машина бар ма?
Сен құқық бұзушылық жасадың ба?
Сендер мектепішілік тәртіпке бағынасыңдарма?
Сен болашақ президентсің ба?
Сен ең үлгілі оқушысың ба?
Сендер ең тәртіпті сыныпсыңдар ма?
Сен ата анаңа қарсы шығасың ба?
Сен мұғалімге қарсы сөйлейсің бе?
Сен біреуге ғашықсың ба?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген