Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2019
3527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар.
Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг жаттығулар

Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.

Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала- шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін жаттығу-тренингтер.

1. «Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

2. «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

 

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

4. "Ондай болуы мүмкін емес"

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады

5. "Егер осылай болса..."

Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:

- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.

Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады

6. "Сиқырлы қалам"

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларына

арналған психологиялық ойындар


Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиелегені жөн. Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолодануды қажет етеді. Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін жаттығу-тренингтер.

Баланың ойлауын дамытуға арналған логикалық тапсырмалар

Мақсаты:баланың көрнекі бейнелі ойлауын дамыту. Өмір жайлы түсінігімен оны ұғына білуге үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен көңілді сәлемдесу, сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Біз бүгін логикалық тапсырмалар орындаймыз.

****************************************************************************

«Түлкі мен қасқыр» ертегісі есеп.

Баяғыда қасқыр мен түлкі дос болыпты. Бір күні екеуі өзеннен балық ұстапты. Енді оны қақ ортасынан теңдей етіп бөлу қажет болады. Сонда ойланып отырып қасқыр:«Түлкі, сенің математикадан хабарың бар ғой, мына балықтарды теңдей етіп санап, бөл»-дейді. Түлкі қулығын асырып былай бөледі.

Біреу саған, (1)

екеу маған, (2)

үшей саған, (3)

төртеу маған.(4)

Сонда түлкіде, қасқырда нешеден балық бар? Есептеп көріңдер (10 балық).

***************************************************************************

«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Балаға қарама-қарсы отырмын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған қарай кері лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтамаса, ойыннан шығады. Жылдам орындалуы қажет.

Сөздердің нұсқауы:

Лимон ащы, ал қант.....

Шөп жасыл, ал аспан.....

Ағашты аралайды, ал шегені....

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар...

Құс ұшады, ал жылан...

Кеме жүзеді, ал машина....

Шиені жейді, ал шайді....

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы....

Түнде қараңғы, ал күндіз....

****************************************************************************

«Логикалық ойын»

Екі сиырдың мүйізі қанша?

Бір мысықтың аяғы қанша?

Бес қойдың басы нешеу?

Үш адамның қолы нешеу?

Үш қоянның құйрығы қанша?

Екі жолбарыстың ауызы қанша?

Үш тышқанның басы нешеу?

Бір бұғының мүйізі қанша?

*****************************************************************************

Сергіту сәті. Бала қимыл әрекет арқылы көрсетілген психогимнастиканы жасайды.

Құстарға біз ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

АВТОПОРТРЕТ

БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий

Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.

Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.

Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.

Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.

Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.

КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).

Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.

КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.

АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.

Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.

Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.

Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.

ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.

ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.

МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,

Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның

қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.

ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.

АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.

ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.

ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.

Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.

Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.

Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.

Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді

«Үй салыңыз» тест

Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.

Қалалық үй.

Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.

Кішкентай аласа үй.

Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.

Сарай (замок).

Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.

Кең ауылдық үй.

Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.

Терезелер.

Үлкен терезе - ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер - тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.

Есіктер.

Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік - кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік - ашықтық.. Жабық есік - тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым - қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.

Мұржалар.

Мұржаның жоқ болуы - сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа - кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.

Қорытындылау. Баланың бүгінгі ойындардан алған әсері мен не үйренгендігі жөнінде айтуға мүмкіндік беру. Баланың пікірін тындау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!