400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен анықтамалық құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белгілеу үшін

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Бастауыш сынып

оқушыларына арналған

қазақ тілінен анықтамалық

құрал






Құрастырып жинақтаған: Жуматаева Ж.А.




2016 жыл



Фонетика

Фонетика- тіл дыбыстарын зерттейтін сала. Қазақ әліпбиінде

42 әріп бар.

37 дыбыс, 25 дауыссыз және 12 дауысты дыбыс+ 3 әріп

(е, ю, я). Ь, Ъ – екі белгі.

ЙDrawObject1 +А-Я

ЙDrawObject2 +У-Ю қосарлы дауыстылар

Й+О-Е


Дыбыс-сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелер арқылы айтылып,естілетін тілдік құбылысты- дыбыс дейді.

Дыбысты естиміз, айтамыз.

Әріп-дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді.

Әріпті көреміз, жазамыз.

Сөз-дыбыстардан құралады.

Дыбыстар- әріптермен таңбаланады.

Сөйлем- сөздерден құралады.

Сөйлем -аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы болып келеді.


Сөйлем-аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемдегі сөздің

байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды. Сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы болып келеді. Сөйлемдегі сөздер бөлек

жазылады.

Хабарлы- бір нәрсе жайында хабарлау. Сөйлем соныңа

нүкте (.) қойылады. Мыс: Қыс келді.

Сұраулы- бір нәрсе жайында сұрау. Сөйлемнің сонына

сұрау белгісі қойылады (?). Мыс: Сен қайда тұрасың?

Лепті-адамның көңіл күйін білдіреді. Сөйлемнің сонына

леп (!) белгісі қойылады. Мыс: Алақай, атам келді!




Синтаксистік талдау (сөйлем мүшелеріне талдау)

Сөйлем мүшелері 2 бөлінеді.

Тұрлаулы және тұрлаусыз

Тұрлаулы: Бастауыш пен баяндауыш.

Тұрлаусыз: Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

Бастауыш- кім? не? кімдер? нелер?

Баяндауыш- не істеді? не қылды?

Анықтауыш- кімнің? ненің? нешінші? кандай? қай? қайсысы?

Толықтауыш- кімге? неге? кімде? неде? кімді? нені? кімнен? неден? кіммен? немен?

Пысықтауыш-қашан? қайда? не себепті? кім үшін? қайтіп?


Қазақ тілінде 7 септік бар.

Атау септік-кім?не?

Ілік септік -кімнің?ненің?

Барыс септік -кімге?неге?қайда?

Табыс септік -кімді?нені?

Жатыс септік -кімде?неде?

Шығыс септік -кімнен?неден?

Көмектес септік-кіммен?немен?












Морфология (сөз таптары). Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.


Сөз табы

Ережесі

Сұрағы

Мысалы

1

зат есім

Заттың атын білдіретін сөздер

кім? не? кімдер? нелер?

Ана, аналар.

Гүл, гүлдер

2

сан есім

Заттың санын, ретін білдіреді

Қанша? Неше? Нешінші?

Бір, екінші, алтау.

3

сын есім

Заттын сынын, сапасын, көлемін, түрін, түсін, дәмін білдіреді

қандай? қай?

Әдемі, сары, сопақ, биік, тәтті

4

етістік

Заттын қимылын білдіреді.

не істеді?

не қылды? қайтты?

Жазды, оқыды, киді, биледі, өсті.

5

үстеу

Мекен- Сын қимыл-қалай?

қайда?қашан?

калай?


6

еліктеу

Табиғаттағы әр алуан құбылыстардың дыбыстарына еліктеумен немесе олардың бейнесін елестетумен байланысты туған сөздер.


Күмп, салп, қарқ, пыр-пыр, тарс-тұрс.

7

шылау

үшін, те, ғой, пен, және, мен, бен, да, де, та,те, ма, ме, ба, бе, па, пе, қана, қой,



8

есімдік

мен, біз, сен, сіз, ол-жіктеу есім.д.а.3жағы,жекеш,көпше түрі б.



9

одағай

көңіл-күй- бәрекелді, әттеген-ай, әттен, алақай, пәле. Шақыру-шөре-шөре, қош-қош, кә-кә.

Жекіру,тиым салу-тәйт, жә, тек.





Дыбыс: дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.

Дауысты дыбыстар дегеніміз- ауа өкпеден кедергісіз шығып,

үннен тұратын дыбыстар: а,ә,е,ы,і,о,ө,ұ,ү, и,ю,я,э,е, (у).

Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жасалуы сөйлеу мүшелерінің

қатысына қарай: жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік

және езулік болын 6 топқа бөлінеді.

Тілдің қатысына қарай: жуан және жіңішке

Жуан дауыстылар дегеніміз- тілдің ұшы кейін тартылып, үсті

дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Олар: а,о,ұ,у.

Жіңішке дауыстылар дегеніміз-тілдің үші ілгері қарай созылып

жатуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,у.

Жақтың қатысына қарай: ашық және қысаң

Ашық дауыстылар дегеніміз- жақтың кең ашылуы арқылы

жасалған дауысты дыбыстар. Олар: а,ә,о,ө,е.

Қысаң дауыстылар дегеніміз – жақтың тар ашылу арқылы

жасалған дауысты дыбыстар. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.

Еріннің қатысына қарай: еріндік және езулік

Еріндік дауыстылар дегеніміз – еріннің дөңгеленіп алға қарай

созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Олар: о,ө,у,ұ,ү.

Езулік дауыстылар дегеніміз – езудің кейін тартылуы арқылы

жасалған дауысты дыбыстар. Олар: а,ә,е,ы,і,и.

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз – өкпеден шыққан ауаның

кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар: 25

б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң,

ұяң және үнді болып бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар салдырдан жасалады. Олар:

п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч.

Ұяң дауыссыздар үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалады.

Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ.

Үнді дауыссыздар үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ

салдырдан үн басым болады.Олар: р,л,м,н,ң,и,(у).


Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке

айтылады.

Фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаудың үлгісі:


Талдау реті

Талдау үлгісі

1. Сөз құрамындағы әріп пен дыбыс санын анықта.

Қалампыр

1. 8 әріп, 8 дыбыс.

2. Айтылу, жасалу жазылу жолдарына қарай: (жуан, жіңішке, аралас буынды сөз)

2. Жуан буынды сөз.

3.Сөзді буынға бөл, буындардың түрін ажырат

3.Қа-лам-пыр 3 буын

Қа-ашық, лам-бітеу, пыр- бітеу.

4.Тасымал.

4. 2 тасымалды сөз 1.қа-лампыр, 2.қалам-пыр

Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, орлардың тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда. Сөз құрамында дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.

Қ- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан, ашық, езулік

Л-дауыссыз, үнді

А-дауысты, жуан, ашық, езулік

М- дауыссыз, үнді

П-дауыссыз, қатаң

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік

Р-дауыссыз, үнді.

Сөз мағынасы- омонимдер, синонимдер, антонимдер болып

бөлінеді.

Омоним-дыбысталуы бірдей мағынасы әртүрлі.

Мыс: мақта-зат есім, мақта-етістік

Синоним-дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей. Мыс: айту,

жеткізу, сөйлеу.

Антоним-мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мыс: отыр-тұр, бар-

кел.

Түбір-сөздің өзгермейтін бөлігі. Әрі түбір сөздің негізгі

мағынасын білдіреді.

Қосымшалар жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

Жұрнақ- сөздің мағынасын өзгертетін қосымша.

Жалғау – сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша.



Буын

Буын- деп сөздің айтылуындағы дауыс толқының айтады.

Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде

қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буынның

3 түрі бар.



Ашық

Тұйық

Бітеу

Ереже

1.Бір дауыстыдан тұратын не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейміз

Екі немесе үш дыбыстан құралып, дауысты дыбыстан басталып,дауыссызға аяқталған буынды тұйық дейді. Көбінесе бірінші буында

болады.

1.Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршап тұрады, не төрт дыбысты буынды бітеу буын дейді.

Мысалы

А-ға, а-на, қа-ла, ша-на, і-ні.


Ат, ет, от, ант, өрт.

Үш дыбысты буын: ант, аңқ, өрт, ұлт

Бал, тарс, көз, таң, бұлт, жыл-дам

Тасымал

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (деффис) қойылады. Тасымал буынға негізделеді. Сөзде қанша буын болса, тасымал бір буынға кем болады.Мысалы: қа-лам 2 буын, бір тасымал болады..

Тасымалдауға болмайтын сөздер:

1) бір буынды сөздер: от,сүт,қант

2)бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о-рақ,ө-зен, ұ-я, қи-я.

Тасымалданбайтын екі буынды сөздер: аю, ою,ұя,ия,ата,әже, екі,оқу, өсу, іні, ине, аяқ, оян, ақын, әсем, орын, өрік, ыдыс, имек, ұран, үтір, баю, қою, боя, мая

Тасымалдау үлгісі:

Қошақан -қо-ша-қан 3 буын, 2 тасымал 1.қо-шақан, 2.қоша-қан



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі