Бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш пен жоғарыс сынып оқушыларына арналған. Қазақ тілі сабағында пайдаланатын қосымша тапсырмалар жинағы. Бұл жұмыстың көмегі өте көп. Жаңа өткен тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында «Сүйіспеншілік – әрбір жүректе » атты іс - шараның ашылуы.

(Линейка)

Мақсаты:

- Жалпыадамзаттық құндылықтар аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;


І жүргізуші:

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.


ІІ жүргізуші:

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.


І жүргізуші:

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.


ІІ жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында «Сүйіспеншілік – әрбір жүректе » атты іс - шараның ашылу салтанатына қош келдіңіздер!


І жүргізуші:

Көңілденіп тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.



ІІ жүргізуші:

Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңімен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен – дей келе «Құндылықтар еліне» саяхат жасайық.

/Көрініс/ Жалпыадамзаттық құндылықтар: (Әр сыныптан оқушылар шығып, 5 құндылыққа импровизациялық көріністер көрсетеді)

1.Ақиқат

Ақиқат – адамның шынайы болмысын іздеу және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты. Адамның табиғаттан шындықты айтуға ұмтылу тумысынан берілген. Адам шындықты айтқан кезде оның сөздерінде күш пайда болады.Ал өтірік айтқанда,дәлелдерді бұрмалаған кезде оның сөздері күшін жоғалтады.Егер сөз ауыр болып, басқа адамның жүрегін жаралайтын болса, үндемеген дұрыс.Әр уақытта шындықты айту және ар-ожданыңмен әрекет ету-осы екеуі әр адам өзінің бойында дамытатын рухани адамгершілік қасиеттердің ең бастысы.


2. Сүйіспеншілік

Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық. Сүйіспеншілік таңдамайды және талқыға салынбайды. Сүйіспеншілік – баға жетпес сый.
Біз оны қанша сыйға тартсақ та, өзімізде таусылып қалмайды.
Риясыз таза сүйіспеншілік болған жерде бақытсыздық, ауру-сырқау мен өлім де таңғажайып түрде адамдардың игілігіне айналады.

3. Дұрыс іс әрекет

Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады. Ол борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық. Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.


4. Қиянат жасамау

Қиянат жасамау яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре біліу, қайырымдылық,қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі, ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет.

Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде, барлық төрт құндылықтың жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау, Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет ету және жан тыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады. Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді, табиғат заңдарын бұзбайды.Осылайша олар барлық адамдарды, жан – жануарлар мен қоршаған ортаны сүйеді.


5. Ішкі тыныштық

Ішкі тыныштық- тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Бақыт құсын қолмен ұстау мүмкін емес, егер де сіздің ішкі тыныштығыңыз орнаған болса, ол өзі келіп иығыңызға қонады.


/Хор/ . «Бес құндылық» әні . Барлық мектеп оқулары орындайды хормен (Дәрібаевтардың «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнінің музыкасымен айтылады)

  1. Ақиқатты тану үшін ғаламда

Сүйіспеншілік керек барша адамға

Ой, сөз, ісің дұрыс болса әрдайым

Қиянат та жасалмайды қашанда



Жалпы ортақ адамзаттық құндылық

Жақсылыққа жетелейді бір шындық

Жүрегіміз нұрға толы жан болсақ

Баршамызда болар ішкі тыныштық





Қ-сы;

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным

Өмір - менің таусылмайтын дастаным

Адам болып келгеннен соң өмірге

Өмір мәнін – ізгілік деп қоштадым


І жүргізуші: Осымен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
1125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі