Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын пайдалану мүмкіндіктері»

Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын пайдалану мүмкіндіктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
CorelDraw – векторлық графика құрастыруға арналған кәсіби бағдарлама. Векторлық суреттер нүкте немесе пиксельдерден емес, математикалық формулалармен сипатталатын қисықтар мен сызықтардан тұрады. Бұл бағдарламаның басты артықшылығы – кез келген масштабта сапаны жоғалтпай графикаларды үлкейту немесе кішірейту мүмкіндігі. Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын қолдану мүмкіндіктерін талқылағанда, келесідей артықшылықтарын атап өтуге болады:
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе-білім»

М.Әуезов



Тәуелсіз еліміздің келешекте дамыған елдердің қатарында болып, терезесін тең ететін, ол –білім. Оқушыларды өздігінен білім алуға жетелеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету қажет.Сондықтан да өркениетке апарар жолдың бастауы-мектеп деп ойлаймын. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Бүгінгі таңда заманауи адамның өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютер ғалым мен дәрігерге, инженер мен мұғалімге, жазушы мен композиторға, конструктор мен агрономға – бәріне көмектесе алады. Әр адам компьютерді қолдана білуі керек.  Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын үйретудің маңыздылығы мен мүмкіндіктері қарастырайық!


CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктері

CorelDraw – векторлық графика құрастыруға арналған кәсіби бағдарлама. Векторлық суреттер нүкте немесе пиксельдерден емес, математикалық формулалармен сипатталатын қисықтар мен сызықтардан тұрады. Бұл бағдарламаның басты артықшылығы – кез келген масштабта сапаны жоғалтпай графикаларды үлкейту немесе кішірейту мүмкіндігі.

Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын қолдану мүмкіндіктерін талқылағанда, келесідей артықшылықтарын атап өтуге болады:

1.Қарапайым интерфейс. CorelDraw-дың интерфейсі интуитивті және ыңғайлы. Мұғалімдер оны оқушыларға негізгі құралдар мен функцияларды оңай түсіндіре алады.

2. Креативтілікті дамыту. Оқушылар бағдарламаның түрлі құралдарын пайдаланып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытады. Түрлі түстермен, формалармен және текстуралармен жұмыс істеу балалардың қиялын кеңейтеді.

3.Математикалық ойлауды жетілдіру. Бағдарламаны қолдану кезінде оқушылар фигураларды дұрыс орналастыру, масштабтау және пропорцияны сақтау сияқты математикалық түсініктерді меңгереді.

4. Интерактивті сабақтар. CorelDraw бағдарламасы оқушыларға өз жұмыстарын түрлі форматта сақтауға мүмкіндік береді. Бұл олардың жобаларын цифрлық түрде көрсетіп, сыныптастарымен бөлісуіне жағдай жасайды.

Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын үйретудің жолдары

CorelDraw бағдарламасын бастауыш сынып оқушыларына үйрету үшін, оқыту процесі қарапайым әрі қызықты болуы қажет. Мұғалімдер оқытуды қарапайым қадамдарға бөліп, әр қадамды көрнекі түрде көрсеткені абзал. Мысалы:қарапайым фигуралармен жұмыс. Ең алдымен, оқушыларды шеңбер, шаршы, үшбұрыш,төртбұрыш секілді қарапайым фигуралармен жұмыс істеуге үйретсе,одан кейін осы фигуралардан күрделі суреттер жасауға көшуге болады.

-Түстермен жұмыс. Түстерді таңдау және оларды үйлестіру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектегін тигізеді.

- Шығармашылық жобалар Сабақ барысында оқушылар өз жобаларын жасай отырып, жеке идеяларын іске асыра алады. Мысалы, олар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін,табиғат көріністерін немесе отбасылық мерекелерді бейнелеуі мүмкін.

CorelDraw бағдарламасын оқытудағы қиындықтар

Әрине, бастауыш сынып оқушыларына арналған кез келген бағдарлама секілді, CorelDraw бағдарламасын үйрету барысында да кейбір қиындықтар туындайды.. Бағдарламаның кейбір кәсіби функциялары оқушылар үшін күрделі болады, сондықтан мұғалімдерге оларды бастапқы кезеңде игеру міндетті емес екенін ескерген жөн.

CorelDraw бағдарламасын оқытуда кездесетін қиындықтар әртүрлі . Олардың кейбірі мыналар:

1. Күрделі интерфейс CorelDraw-дың интерфейсі алғашқы қолданушылар үшін түсініксіз болып көрінген. Көптеген құралдар мен бағдарламалар бірден қолжетімді болғандықтан, қайсысын қалай пайдалану керектігін үйрену уақытты талап етеді.

2.Техникалық терминология - Бағдарламада векторлық графика, түстерді басқару, қабаттар және басқа да техникалық терминдер қолданылады, бұл жаңадан бастаушылар үшін қиындық туғызары сөзсіз!

3. Практика қажеттілігі - CorelDraw-да тиімді жұмыс істеу үшін көптеген тәжірибе керек. Бағдарламаның мүмкіндіктерін толық игеру үшін үнемі жұмыс істеу мен нақты жобаларды орындау маңызды.

4. Жоғары талаптар - CorelDraw сияқты кәсіби графикалық бағдарламалар компьютердің процессоры мен жедел жадына үлкен талап қояды. Егер компьютер жеткілікті қуатты болмаса, бағдарлама баяу жұмыс істеуі мүмкін.

Бастауыш сынып оқушыларына CorelDraw бағдарламасын үйрету – заманауи мектептің маңызды бағыты. Бұл бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңінен ойлауын және техникалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. CorelDraw бағдарламасын пайдалану оқушыларды болашақта ақпараттық технологиялар саласында табысты жұмыс істеуге дайындайтын қадамдардың бірі. Бағдарламаның қарапайымдылығы мен қолжетімділігі оны бастауыш сынып оқушыларына тиімді құрал..Мұғалімдердің тиімді әдістемелік тәсілдерді қолдануы және оқушылардың шығармашылық ынтасын қолдауы – бұл бағдарламаны сәтті меңгерудің кілті. CorelDraw сынды бағдарламалар бастауыш мектеп оқушыларын тек техникалық дағдыларын ғана емес, сонымен қатар визуалды ойлау қабілеттерін де дамытады.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ