Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдер

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы жылдары оқу материалы мазмұнының өсуі мен күрделенуіне байланысты оқушылардың үй жұмысының көлемі де ұлғайды. Жалпы орта білім беретін мектептің жарғысында оқушылардың ақыл-ой сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық және педагогикалық талаптарды есепке ала отырып, үй тапсырмалары оқушыларға оларды орындау мүмкіндіктері бойынша берілетіні айқындалған: ·*бірінші сыныпта –1 сағатқа дейін; *·екінші сыныпта –1,5 сағатқа дейін; *үшінші-төртінші сыныптарда –2 сағатқа дейін Үй жұмысын орындауға мектептегі сабақтар біткеннен соң 3-4 сағаттан кейін бастаған дұрыс. Осы уақыт аралығында ол тамақтанып, тынығып, таза ауада серуендеп үлгереді. Аса белсенді және денсаулығы әлсіз балаларға түскі ұйқы ұсынылады. Жазбаша және ауызша тапсырмаларды кезектестіре орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Р.Исетов атындағы №20 ЖББМ тәрбиешісі

Суннатуллаева Озода Изахановна

















Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдер

Соңғы жылдары оқу материалы мазмұнының өсуі мен күрделенуіне байланысты оқушылардың үй жұмысының көлемі де ұлғайды. Жалпы орта білім беретін мектептің жарғысында оқушылардың ақыл-ой сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық және педагогикалық талаптарды есепке ала отырып, үй тапсырмалары оқушыларға оларды орындау мүмкіндіктері бойынша берілетіні айқындалған:
·*бірінші сыныпта –1 сағатқа дейін;
*·екінші сыныпта –1,5 сағатқа дейін;
*үшінші-төртінші сыныптарда –2 сағатқа дейін

Үй жұмысын орындауға мектептегі сабақтар біткеннен соң 3-4 сағаттан кейін бастаған дұрыс. Осы уақыт аралығында ол тамақтанып, тынығып, таза ауада серуендеп үлгереді.

Аса белсенді және денсаулығы әлсіз балаларға түскі ұйқы ұсынылады.

Жазбаша және ауызша тапсырмаларды кезектестіре орындау.

Үй тапсырмасын орындауға кететін уақыт әр балаға әр түрлі болады. Дегенмен 4 сынып оқушысы үшін үй тапсырмасын орындауға 2 сағаттан көп кетпеуі керек.

Жұмыс барысында әр пән арасында 15 минуттан аспайтын үзіліс жасап тұру ұсынылады.

2,3,4- сыныптар үшін үй тапсырмасына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда  - 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан,   10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша өзгертілген нормативтерге сай.




Үй тапсырмасын:

Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін  көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);

бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;

бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.

Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.

Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.

Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне: 

1)білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін хабардар ету;

2)үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;

3)көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;

4)сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.

Оқушылардың үй тапсырмасын өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру Оқушылар негізінен жаңа алған білімді жылдам, тез меңгере алады және олар іс жүзінде қолдана алады. Үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды. Мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның мақтауының нәтижесінде өзін-өзі асыра жоғары бағалауы кездеседі. Мұндай оқушы белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы жағымды фактордан , олар үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.Ал керісінше үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі қалыптаспаған білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау қажет. Таным әрекетінің нәтижелілігі ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар және нашар оқитын оқушылар. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу — тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Балалардың артта қалуы мен нашар оқушы болдырмау ынта жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтың себебі баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің ақыл-сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты. Сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Мұны алдын алу үшін балалардың ақыл-ой әрекетін белсенді етуге, сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталуы керек. Мектеп пен отбасы бірлесіп, балаларды оқу жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңе алатындай дәрежеде тәрбиелеуге міндетті. Оқу, тынымсыз еңбек ету, өзінің күшін жұмсау, кездескен қиындықтар мен кедергілерді жеңе білуге үйрету. Ең бастысы балалар өз күшіне өз біліміне сену рухында тәрбие алу керек. Үйде жұмысты жемісті және уақытында орындай алмау, оны дұрыс ұйымдастыра білмеу, әдетте сабақты нашар үлгерудің басты себептерінің бірі. Ата-аналар мектеппен бірлесіп, өз балаларының үйдегі оқуын дұрыс ұйымдастыруға тырысуда. Үй тапсырмаларын қалай орындайтынын тексеріп отыру, мектепте жиі болып балалардың күнделіктерін мұқият қарап, олардың бағаларына зер салып отыру, бұл ата-ананың міндеті. Күнделік оқушылардың сабаққа ынтасын арттыруға тәртібін нығайтуға негіз болады. Оны дұрыс жүргізу ұқыптылыққа, іске жауапты қарауға, тәртіптілікке дағдыландырады. Сондықтан ата-ана күнделікті үнемі тексеріп, қол қойып отырған жөн. Балаларды мектепте оқыту жаңа бағдарлама мен оқулыққа байланысты жаңа талаптарға сай белгілі бір жүйемен, оны меңгерту тәртібімен жүргізіледі. Сондықтан оқушының әрбір себепсіз қалдырған сабағы оны тиянақты білім алуына бөгет болып, олқылықты туғызады. Міне, сондықтан ата-аналар балаларының сабақты себепсіз қалдырмауын және мектепте кешікпеуін қадағалауға дағдылануда. Егер ата-аналар балаларының білім, еңбек тәрбиесін алуына жауапкершілікпен жаны ашу сезімімен қарайтын болса, балалардың жақсы оқуына жәрдемдесу үшін, әр кезде уақыты да, мүмкіндігі де, ынтасы да болмақ. Мұндай жәрдемді ең алдымен бастауыш сыныптардың оқушылары қажет етеді. Өйткені олар әлі өздігінен жұмыс істеуге қиындықты өз бетімен жеңуге төселе қойған жоқ. Жұмыстың қандай түрі болсын, алдымен еңбек сүйгіштікті, төзімділікті, еңбекқорлықты талап етеді. Өзінен-өзі істелетін немесе өзі істелетін жұмыс жоқ. Олай болса ата-ана баланы ең алдымен еңбек сүюге, оны қажырлы, табанды атқара білуге баулуы шарт. Бұл парызды неғұрлым жемісті орындасақ, баланың нәтижесі де сондай болмақ.

Үй жұмысын орындау - оқушысы бар әрбір жанұяның күн тәртібіндегі өзекті мәселесі болып отыр. Себебі кей балалардың бос уақытының барлығы үй тапсырмаларын орындауға кетіп жатады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі