бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының 3 сабағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының 3 сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
аталған тренингтік сабақ коммуникативті дағдыларды дамытуға, естің көлемін кеңейтуге, бақылампаздыққа баулу, қорқынышты жеңу мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысының білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімі

«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Педагог-психолог, Рыскулова Динара Талгатовна

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасы бойынша №3 сабақ

Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту, естің көлемін кеңейту, бақылампаздыққа баулу, қорқынышты жеңу мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаштар, өшіргіш, ақ парақтар, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, шарлар.

Сабақтың жүргізілу барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп амандасқаннан кейін «Жолдас саяхатшы» ойынын ойнау ұсынылады.

Оқушылар сыныпта өз еріктерімен қалағанынша жүреді және қандай елге барғысы келетінін айтады. Сол кезде екі немесе үш оқушы бір елдің атын атаса өзімен бірге баратын саяхатшыны табады. Мысалы, мен «Англияға барамын» десем, Ералы да Англияны таңдаса өзінің қасына саяхатшыны тапты дегенді білдіреді. Ойынның басында «Өзіңмен бірге баратын саяхатшыны тап» деген нұсқау беріледі.

Сабақтың мазмұны

«Жоғалған әріпті қалпына келтір» ойыны

Мақсаты: еске сақтаудың көлемін ұлғайту.

Оқушыларға мағынасы бойынша ешқандай байланысы жоқ сөздер оқылады: қант, жәшік, балық, мылтық, би, алмұрт, ағаш. Осыдан кейін сөздер қатары толық оқылмайды, арасында кейбір сөздер айтылмауы керек. Оқушылар қай сөз айтылмай қалғанын табуы тиіс. Сөздерді басқа нұсқада алып жаттығуда қайталауға болады. Төртінші ретте оқушылар сөздер қатарын толығымен қайта қалпына келтіруі керек: орны ауысқаны маңызды емес.

«Көңілді шарлар» ойыны

Мақсаты: қорқынышты жеңу, өзіне сенімділікті қалыптастыру.

Оқушылар үшін бөлмеде жағымды әуен басталады. Әр оқушыға шар ұсынылады. Осы шарлардың ішіне түрлі-түсті қарындаштарды пайдалана отырып, досына тілек жазу ұсынылады. Шардың ішіне жазылған тілектерді салғаннан кейін, шарды әуеде ұшырады, музыка тоқтағанда ғана оқушылар алдарына келген шарды алып, кезекпен жарады. Ішіндегі тілектерді оқып, алғысын білдіреді.

Оқушыларға негізгі тапсырма: қандай тілектер естеріне сақталды, осы тілектерді қайталап айту сұралады.

«Қимылдар осындай» жаттығуы

Мақсаты: бақылампаздықты дамыту.

Оқушылардың қалауымен бес оқушы жиналады. Оның біреуі жүргізуші болады. Басқасы орындықтарда отырады. Сыныптағы басқа оқушылар көрермендер болады. Жүргізушіден басқа төрт оқушы жүргізушіге қимылдарын көрсетеді. Жүргізуші әр баланың қимылдарын еске сақтап алады. Одан кейін оқушылар өздерінің орындықтарына отырады, ал жүргізуші осы қимылдарды кезекпен қайталайды. Көрермен болған оқушылар да осы жаттығуды жасауына болады.

Ұсыныс: Әрбір маман бұл жаттығуды сыныптың ерекшелігіне сай өзгерте алады.

Рефлексия

Оқушыларға арнайы кері байланыс парағы ұсынылады. Осы парақты оқушылар толтырып береді.

Қоштасу. Құрметті оқушылар бүгін сіздер коммуникативті дағдыларды дамыту, естің көлемін кеңейту, бақылампаздыққа баулу, қорқынышты жеңу мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға арналған жаттығуларды орындадыңыздар.

Үй тапсырмасы: Осы ақпаратты үй жағдайында қайта жаңғырту туралы тапсырма беріледі. Еске сақтаудың кейбір тәсілдерін балаға үйретіңіз: балаға шағын әңгіме оқып беріңіз, сол әңгіменің мазмұнын қысқаша айтуды сұраңыз. Егер бала бұл тапсырманы орындай алмаса, шағын әңгімені қайта айтып беріңіз, балаға әңгімедегі ең негізгі элементтерді еске сақтау керектігін түсіндіріңіз. Оған мынадай сұрақ қойыңыз: «Бұл әңгіме не туралы?» . Оқыған әңгімеңізді баланың білетін ақпараттарымен байланыстырыңыз. Сіздің сұрақтарыңызға бала жауап бере отырып, ойлайды, жалпылайды, салыстырады, өзінің ойын сөйлеу арқылы жеткізеді, белсенділік танытады. Мұндай эвристикалық әңгіме баланың ойлауы мен еске сақтауын белсендендіреді. Содан кейін баладан қайта мазмұндауды сұраңыз, сонда бала нақты тыңдаған мәтінін толығымен түсінетін болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.10.2025
21
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі