Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының №5 сабағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының №5 сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
бағдарламаның осы сабағында оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамытуға шынайы көмектесетін әдістер бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысының білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімі

«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Педагог-психолог, Рыскулова Динара Талгатовна

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасы бойынша №5 сабақ

Мақсаты: зейінді, бақылампаздықты дамыту, ойша бейнелерді қайта құру қабілеттерін дамыту, еске сақтаудың нақтылығын (точность) дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаштар, өшіргіш, ақ қағаз, балаларға арналған орындық.

Сабақтың жүргізілу барысы

Сәлемдесу. Оқушылар бір-біріне амандасқаннан кейін «Жайлы отырыс» жаттығуын жасау ұсынылады.

Мақсаты: назар аударуды, бақылампаздықты дамыту.

«Құрметті достар, сіздерді сергуге шақырамын! Барлықтарыңыз өз орындарыңызға ыңғайланып отырыңыздар. Менің нұсқауым бойынша «Тұрыңдар» дегенде жылдам орындарыңыздан тұрасыздар, барлықтарыңыз бірдей, «Отырыңдар» деген нұсқауда тездетіп отырасыздар. Жаттығу асқан жылдамдықпен жасалады.

Сабақтың мазмұны

3 жаттығу. «Тікелей немесе жанама ұғымға жауап беретін ойша бейнелер»

Мақсаты: ойша бейнелерді құру қабілеттілігін дамыту.

Алдыңғы сабақтарда өткен жаттығудың екінші кезеңі-сөздерді елестету немесе қағазға тіркемей ойда сақтау.

Психологтің нұсқауы: «Мен сендерге сөздерді айтамын, ал сіздер естеріңізге сақтап алуларыңыз керек. Осы жолы сіздер әрбір сөзге сурет салмайсыздар. Енді қағаз алып, айтылған сөздерді жазасыңдар».

Сергіту. «Шаң және шаңсорғыш» этюді

Мақсаты: бұлшықеттерді босаңсыту, бұлшықетті жаттықтыру.

Шаңдар күннің көзінде ерекшеленіп билейді, әлбетте осы уақытта бізге шаңсорғыш керек болады. Шаңдар өз айналасына айналады, ақырындап жерге түседі. Шаңсорғыш шаңды жинағанда шаңға тисе, ол қатысушы орнынан тұрып кетеді.

Қатысушылардың біреуі шаң сорғыш, қалғаны шаң рөлдерін алады. Ауадағы шаңды бәріміз білеміз, ауада, заттардың маңайында қалқып жүреді. Тура сол сияқты оқушылар кеуделерін көтеріп, денелерін толығымен қозғалысқа келтіре отырып, шаңның бейнесіне кіреді. Денесімен толқыған шаң рөліндегі қатысушылар жерге отырады, заттардың айналасындағы шаң да жерге, еденге түсіп жатады ғой, тура сол сияқты. Сол кезде шаңсорғыш рөліндегі оқушы шаңды сорып алады.

Бұл жаттығуда шаңсорғыш рөліндегі оқушы дыбыс шығаруына болады. Бұл жаттығуды орындаған кезде оқушылардың бұлшықеттері босаңсиды.

«Әңгіме құрастыру» ойыны

Мақсаты: еске сақтаудың нақтылығын дамыту.

Еске сақтаудың нақтылығы-ешқандай бұрмалаусыз, ақпаратты тура сол қалпында қайта жаңғырту.

Қатысушылардың әрқайсысы бір сөйлемнен айтып шығады, бұл сөйлемдегі сөздер мағынасы бойынша бір-бірімен байланысатындай болуы керек. Соңында осы сөйлемдердің нәтижесінде қандай да бір әңгіме құрастырылуы керек.

Рефлексия.

Маған бүгін ұнағаны.....

Менің есімде қалғаны.....

Осы сөйлемдерді аяқтап, стикерлерге жазып, гүл себетін құрастырады.

Қоштасу.

Құрметті оқушылар, сіздер бүгінгі сабақта зейінді, бақылампаздықты дамыту, ойша бейнелерді қайта құру қабілеттерін дамыту, еске сақтаудың нақтылығын (точность) дамыту мақсатындағы жаттығуларды орындадыңыздар.

Үй тапсырмасы: ата-аналарға аталған тақырып бойынша тапсырма әзірлеу ұсынылады. Балаңызға сандар қатарын көрсетіңіз. Осы сандарды ретімен қайталауды сұраңыз, осыдан кейін тапсырманы сәл күрделендіруіңізге болады, сандар қатарын көбейту арқылы жаттығуды тағы бір мәрте жасатыңыз. Сіздің балаңыз қанша санды есіне сақтай алғанын санаңыз, белгілеп қойыңыз.

Қимапарақшаға ұсынылатын сандар қатары:

6 2

2 8 3

3 7 1 4

6 3 9 1 5

7 1 4 9 2 6

8 4 1 8 3 9 2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.10.2025
20
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі