400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының №6 сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта ойша бейнелерді құруға, коммуникативті қабілеттерді дамытуға, ырықты әрекеттерді және реакция жылдамдығын дамытуға, координациялық қабілеттер мен бейнелік елестетуді, зейін мен еске сақтауды дамытуға арналған тамаша жаттығулар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысының білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімі

«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Педагог-психолог, Рыскулова Динара Талгатовна

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасы бойынша №6 сабақ

Мақсаты: ойша бейнелерді құру, коммуникативті қабілеттерді дамыту; ырықты әрекеттерді және реакция жылдамдығын дамыту, координациялық қабілеттер мен бейнелік елестетуді, зейін мен еске сақтауды дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, ақ парақтар, жануарлардың бейнесі бар суреттер.

Сабақтың жүру барысы

Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірімен амандасқаннан кейін оқушылардың белсенділігі мен бірлескен іс-әрекетке жұмылдыру үшін «Заттарды өткізу» жаттығуы жасалады.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ оқушылары бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ойыншылардың міндеті қандай да бір ұсынылған затты қолмен емес, иықпен немесе иекпен беруі керек. Егер зат жерге түсіп кетсе ойын қайтадан басталады. Ойынның соңында жеңімпаздар марапатталады.

Сабақтың мазмұны

4 жаттығу. «Ойша бейнелер және оның эмоционалдық боялуы»

Мақсаты: ойша бейнелерді құру қабілеттілігін дамыту.

Жүргізуші: «Көздеріңді жұмыңдар, мен қазір сөздер оқимын, сол сөздерді ойша қиялдаңыздар».

Аралар ұясы

Сіздің есігіңіздегі аралар ұясы

Сіздің төсегіңіздегі аралар ұясы

Орындықта отырған қарт

Күннің көзінде отырған қарт

Өткір пышақ

Етті турайтын өткір пышақ

Саусақты тіліп кетуі мүмкін өткір пышақ

Сіздің бақшаңызда тамақтанып жүрген құс

Арықта шомылып жүрген құстар

Мысықтан қашып, ұшып бара жатқан құстар

Бір бет парақ алып, естеріңізде қалған сөздерді жазыңыздар

Осы жаттығуды көру және есту арқылы есте сақтауды дамытуға пайдалануға болады. Бұл жаттығудың ерекшелігі бір сөздің әртүрлі сөйлемде пайдаланылуы арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамытуға болады.

Сергіту. «Жүзеді, ұшады, секіреді» ойыны

Мақсаты: реакциялардың жылдамдығын, ырықты әрекеттерді дамыту, бейнелік елестету мен координациялық қабілеттерді дамыту.

Оқушылар шеңберге орналасады. Психолог оқушыларға суреттерді көрсетеді. Оқушылар жылдамдатып, балық жүзеді, құстар ұшады, аңдар секіреді деген сияқты сөздерді айтады. Ұсынылған бір суреттегі жануарлар, аңдар, құстардың суреттері көрсетілгенде осы үш сөзді пайдалануы керек.

«Кім көбірек көреді және есіне сақтай алады?» ойыны

Мақсаты: назар аудару мен еске сақтауды дамыту.

Оқушыларға келесі сабақтар ұсынылады: жүргізуші отызға дейін санағанша бөлмедегі заттарды тауып бәрін еске сақтау керек. Түрін, түсін, пішінін айтса тіпті жақсы. Жүргізуші санағанда «отыз» сөзін айтқанда барлық оқушы көздерін ашады. Оқушылардың біреуі есіне сақтағанның бәрін айтып береді, қағаз бетіне түсірсе де болады. Басқалары толықтырады. Бәрі көздерін ашқаннан соң бөлмедегі барлық заттарды атай алды ма, нені ұмыт қалдырғанын сараптайды.

Бұл ойынды түрлендіруге болады. Егер бөлмедегі заттар саны аз болса жиырмаға дейін санауға болады. Алғашқыда біз көру арқылы еске сақтауды дамытсақ, осы жолы есту арқылы еске сақтауды дамыту жаттығуын жүргіздік.

Рефлекция.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Жүргізуші таратқан парақтарға қандай қиындықтарды бастан кешіргенін жазып береді.

Қоштасу.

Құрметті оқушылар сіздер бүгін ойша бейнелерді құру, коммуникативті қабілеттерді дамыту; ырықты әрекеттерді және реакция жылдамдығын дамыту, координациялық қабілеттер мен бейнелік елестетуді, зейін мен еске сақтауды дамыту мақсатындағы жаттығуларды орындадыңыздар.

Үй тапсырмасы. Ақпаратты қайта өңдеу арқылы тапсырма орындау ата- аналарға ұсынылады. Балаңызға алдыңғы сабақта берген сандар қатарын көрсетіңіз. Алғашында көрсетіңіз, содан кейін оқып беріңіз. Бала алғашқыда көргенін, екіншісінде естігенін еске сақтап алуға дағдыланады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 қазан
27
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі