Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының №9 сабағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасының №9 сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда еске сақтау арқылы еске сақтау қабілеттерін жаттықтыру, ырықты зейін аудару мен еске сақтауды дамыту, кері байланыс алу мен беруге бағытталған тәжірибелік жаттығулар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысының білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімі

«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Педагог-психолог, Рыскулова Динара Талгатовна

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін түзете-дамыту бағдарламасы бойынша №9 сабақ

Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту, есту арқылы еске сақтауды жаттықтыру, ырықты зейін аудару мен еске сақтауды дамыту, кері байланыс алу мен беру: кеңістікте жұмыс жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар: орындықтар, қарындаш, өшіргіш, торкөзді бейнедегі ақ парақтар.

Сабақтың жүру барысы

Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірімен амандасқаннан кейін сынып ұжымын белсендендіру мақсатында «Қағаз бойынша жүру» ойыны ұсынылады.

Эстафетаны бастау үшін сынып екі топқа бөлінеді. Әрбір топта екі данадан ақ парақтар беріледі. Қатысушылар бір параққа екі аяғын қойып тұрады да екінші парақты алдына қояды, алдына қойған екінші параққа қадам жасай отырып, артында тұрған парақты алға қарай жылжытып отырады. Осылай екі топ жарысады. Жеңімпаз команда арнайы марапатпен марапатталады.

7 жаттығу. «Сөздік материалды саналау»

(көру арқылы еске сақтауды да есту арқылы еске сақтауды да жаттықтыру үшін қолданылады).

Мақсаты: оқушыларды сөздер туралы ойлануға дағдыландыру

Жүргізушінің сөзі: Мен сіздерге қазір сөздерді оқимын, (тақтадан көрсетуге де болады), сіздер әрбір сөзді естігеннен кейін сол заттың сыртқы түрін көз алдыңызға елестетіңіз, оның дәмі, дыбысы, иісі. Мысалы, тіс пастасы (ақ, жылтыр, жалбыз дәмімен).

Ұсынылатын сөздер қатары: Қағаз, ұя, мысық, дөңгелек, таяқ, фильм, мата, арба, шаш, раушан гүлі, шыт, бәтіңке, құс, етік, саусақ, лимонад, піл, автобус, дәрігер, балмұздақ.

Қайта жаттықтыру кезінде оқушыларға сезімдерді бейнелер көмегімен ауызша сипаттауды ұсынуға болады, тек осыдан кейін «ақылмен» жұмыс жасауға өтуге болады.

Сергіту. «Орындықты иемден» ойыны

Барлық оқушылар шеңберге орналасады. Ортада бір орындыққа оқушы отырады. Басқа сыныптастарының міндеті осы орындыққа отыру үшін ешқандай физикалық жазалаусыз, ренжіссіз басқа кез-келген әдіспен орынды алуы тиіс. Бұл жаттығудың оқушылардың қызығушылығын туғызуда маңызы зор. Басқаларды сендіру, көндіру дағдылары, атап айтқанда кері байланыс ала алатындай қабілеттері дамиды. Орындықта отырған оқушы рөлдерінде басқа оқушыларды да ойнатуға болады. Әрбір орнын босатқан оқушыдан «Неге дәл осы оқушыға орын босатып берді?» деген сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады.

«Диктант» тапсырмасы

Мақсаты: ырықты зейінді, еске сақтауды дамыту.

Оқушылар барлық тапсырмаларды зейінін қойып тыңдап, нұсқауды орындаулары керек. Мысалы: әртүрлі өлшемде бес үйдің суретін сал, төртінші үй ең кішкентайы болуы керек, екінші үйдің шатыры мен түтін шығатын құбыры болуы керек, ал ортасындағы үйдің терезелері дөңгелек болуы керек. Тапсырманы орындауға арналған құралдар барлық оқушыда болуы тиіс. Оқушылар айтылған нұсқауды қаншалықты еске сақтағанына аса назар аудару маңызды.

Рефлексия.

«Эмоциялар градуснигі» ватманға жабыстырылған, оқушылар осы ватманға градусниктегі шкалаларға сай өздерінің сабақтағы алған мағлұматтарды меңгеру деңгейін бағалайды. Градусниктің жоғарғы жағы «Барлық материалдар түсінікті, жақсы орындадым» дегенді білдіреді. Радусниктің ортаңғы бөлігі «Мен тапсармаларды орындағанда қателескен жағдайлар кездесті», төменгі жағында «Бүгін маған қиын болды, тапсырмаларды орындағанда қателіктер көп болды». Осындай арнайы нұсқалар жазылған парақшаларды градусниктердің бойына сәйкестендіріп жабыстырады.

Қоштасу.

Құрметті оқушылар, сіздер бүгінгі сабақта коммуникативті дағдыларды дамыту, есту арқылы еске сақтауды жаттықтыру, ырықты зейін аудару мен еске сақтауды дамыту, кері байланыс алу мен беру: кеңістікте жұмыс жасауға бағытталған тапсырмалар мен жаттығуларды орындадыңыздар.

Үйге тапсырма: Ата-аналарға аталған тақырып бойынша тапсырма орындау сұралады. Өткен сабақтағы сияқты таяқшалармен жұмысты күрделендіріп беруге болады. Қандай да бір заттың атауын атағаннан кейін бала таяқшалармен сол затты бейнелеуі керек. Осыдан кейін таяқшаларды жинап тастап, қандай заттың аты аталды, қандай бейне жасады, осы бейнені құрастыруда неше түсті таяқшаны пайдаланды деген сұрақтарға жауап алуға болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.10.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі